Флегматик темпераменті өкілдері жай пайда болатын, қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматик типтегі балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады. Флегматиктердің психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетке баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бұл типтегі балалар сабақты жақсы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық аңғартады.
Адамдармен қарым-қатынаста флегматик әруақытта да орнықты, салмақты, адамдармен ретімен араласады, көңіл-күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерде сабырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.
Меланхолик темпераментініңөкілдері жай, тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Меланхоликалық типтегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Меланхолик іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бұл типтегі балалар жай іс-әрекетке енеді, оларды И.П..Павлов ынжық тип деп атайды. Бұл типтегі балалар тез шаршайды, эмоциялық көңіл-күйі жай пайда болады, бірақ тереңдігімен, ерекше күшімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Меланхоликтердің жаны тез жараланғыш, көңіліне ауыр алғандарын ешуақытта ұмытпайды, кекті ұзақ сақтайды.
Бұл типтегі балалар көбіне тұйық келеді, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес, жаңа адамдармен қарым-қатынас жасауы қиын. Олар қоғамдық жұмыстарға қатыспайды, ондай балалар өзімен-өзі болғанды жақсы көреді. Сондықтан белгілі қолайлы жағдайларда, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысында меланхоликтерге ерекше назар аударған жөн. Оларға мұғалімдердің тарапынан ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалса, олардың бойындағы құнды қасиеттерді дамытуға болады.
§5.3 Тұлғаның бағыттылығы. Мінез
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болыптабылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бірнәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысындаіске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктер қанағаттандыруға бағыттылады. Адам қажеттілігі әртүрлі. Еңалдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйгеқажеттілік. Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами,рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.
Түрткілер - қажеттіліктің нақты көрінуі. Түрткілер (мотивтер - бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекеткеитермелеу. Түрткілер мақсатты және мақсатсыз болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетті.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу- бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланыстыбелсенді танымдық бағыттылығы. Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойыншасипатталады. Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады. Терең қызығунысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысаның терең пайымдамайды.