Тұлға дәмеғойлығы
Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптарының деңгейіне байланысты. Талаптар деңгейі (дәмеғойлығы) дегеніміз - адамның ниеттенген өз бағасының құны, яғни алдына қойған мақсаттың қиындық дәрежесіне орай көрінетін «мен» бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған ендігі бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай таңдап алу мүмкіндігіне ие болады, өз бағасын көтеріңкі етуге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан жоғары табыстарға жету үшін талап деңгейін жоғарылату, екінші тараптан нәтижесіз қалмау үшін талаптарды жеңілдетудің өзара қайшылығы пайда болады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдігі іс-әрекетінің нақтылығына байланысты. Адам табиғаты әдетте өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті күрделі де, сонымен бірге әбден жеңіл де болмағанын қалайды.
Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетшеңдігі мен мазмұндық сипатын жете танумен тұлғаның іс-әрекет, мінез-кылықтарының түрткілерін тереңдей білуге және сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып, оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
Мінез
Күнделікті өмірде «мінез» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. «Мінез» ұғымын айналысқа алғаш енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы Теофраст болды. «Мінез» гректің сөзі, қазақша «белгі», «бітіс», «ерекшелік» деген мағынада қолданылады.
Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Психологияда «мінез» сөзі белгілі мағынада қолданылады. Жалпы немесе кең мағынада адамның мінезі деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-кұлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгілерін айтамыз.
Мінез дегеніміз - адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез - кең мағыналы ұғым,онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.
Мінез - жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығынбейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктері үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде қалыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді.
Күнделікті өмірде адамды өзімшіл немесе көпшіл, қарапайнемесе қатыгез, ұстамды немесе ұстамсыз, табанды, батыл, қызу қанды, салқын қанды және т.б. деп сипаттайды. Осы
айтылғандардан көретініміз, мінез- жеке түлғаның әртүрлі
психикалық қасиеттерін қамтитын біртұтас құрылым.
Грек философы негізін салған «мінездеме» тек адамның адамгершілік бейнесін суреттеуден тұрады. Осындай мағынада «мінез» терминін ХҮІІ ғасырда Лабрюйер қолданды. Сонымен, «мінез» сөзі о бастан адамның әлеуметтік-адамгершілік келбеін бейнелейді, бұл мағынада темпераментке қарама-қарсы мәнге болады.
ХІХ ғ. мінезді таза психологиялық бағытта интеллектінің, сезімнің және еріктің (А.Бек), сезім мен еріктің (Рибо), тек қана еріктің (П.Ф.Лесгафт) дара ерекшеліктері ретінде қарастырды.
ХХ ғасырда мінезді психиканың жекелеген салаларының ерекшеліктері емес, тұтас тлғаның қасиеті деп түсінді.
Мінез туа біткен қасиет арқылы берілмегенмен, адам табиғи құрылымының ерекшеліктері, ең алдымен жүйке қызметі мінездің көрінуінде, сондай-ақ оның жеке белгілері үрдісіқалыптастыруда байқалады. Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштыгы немесе енжарлығы - осының барлығы белгілі дәрежеде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жүйке жүйесінен басқа адам мінезіне ағзаның басқа да белгілерінің әсері ерекше: жүрекқантамырлар, ас қорыту және эндокриндік жүйелер.
Мінездің көрінісі тек қана әрекет пен қылықта аңғарылып қоймайды, сонымен қатар тілде, бет-пішінде жне дене бітімдебайқалады. Мінез жеке тұлғаның сырт келбетінде із қалдырады. Адамның бет-пішіні әртүрлі мінез бітістері жағдайында өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |