Көбіков Хамит Қожабергенұлы



бет6/6
Дата05.05.2023
өлшемі31,91 Kb.
#90186
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
2009-2019 жылдар
Педагогикалық білім мен ғылымның қыр-сырын жете меңгерген, жоғары ұйымдастыру қабілеті мен көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан іскер басшылардың қай-қайсысының болмасын жазиралы Жаркент жеріндегі тамыры тереңде жатқан білім ордасының өркендеуіне қосқан үлестері өлшеусіз. Колледж қызметінің негізгі бағыты білім, экономика, техника саласындағы білікті мамандарды дайындау болғандықтан мамандықтар саны 11 ге жетті: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология», «Дене тәрбиесі және спорт», «Музыкалық білім беру», «Ақпараттық жүйе», «Аударма ісі», «Туризм», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандықтары бойынша мамандар даярлады.
Осы жылдары колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің өтеуі қашанда өз жемісін бермей қоймайтыны анық. Жыл сайын колледж оқытушылары мен студенттері облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға, ғылыми-практикалық конференциялар мен форумдарға, педагогикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарысына белсенді қатысып, жүлделі орындарды еншілеп, ауыз толтырып айтуға тұрарлық жоғары жеткістіктерге қол жеткізді. Оқу орынның беделі жыл санап биіктеп, ғылым саласындағы табыстары молая түсті.
2014 жылы колледж ұжымының шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде оқу орны Алматы облысы әкімінің жүлдесіне өткізілген «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі - 2014» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. 2017 жылдың қараша айында Халықаралық аккредиттеуден өтті.
2019жылы Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі жоғары колледж мәртебесіне ие болды. 2019-2020 оқу жылынан бастап, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру» мамандықтары бойынша оқуға түскен студенттер бакалавр дәрежесін алып шығады.
Қазіргі таңда колледжіміздің күндізгі бөлімінде 950, сырттай бөлімінде 300-ден астам студент білім алуда. Оларға 102 білікті оқытушы дәріс оқиды.
Колледж – ұлағатты ұстаздардың даналығымен халқымыздың игі істерін, білім мен ғылымға деген құштарлығын бойына сіңірген өнегелі білім ошағы. Тәуелсіз еліміздің туын биік ұстайтын, елдік санасы қалыптасқан, әлемдік бәсекеге барынша қабілетті білікті маман даярлау жолында жемісті жұмыс атқарып келе жатқан бірегей білім ордасының келешегі тіптен кемел екені сөзсіз.
Құрметті колледж қонақтары! Тағлымы мол білім ордасының өткен өмірінен сыр шертетін тарихи экспозицияны таныстыру жұмысы аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет