Көбіков Хамит Қожабергенұлы


жылдан 2009 жылға дейінгі онжылдық



бет5/6
Дата05.05.2023
өлшемі31,91 Kb.
#90186
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
1999 жылдан 2009 жылға дейінгі онжылдық
Тамырын тереңге жайып, өзегіне өмір нәрін молынан тартқан бәйтеректің бойы да биік, жапырағының бояуы да қанық болатыны белгілі. Сол секілді біздің колледждің де дамуы дағдарысқа түскен емес, өсіп -өркендеуі де бәсеңсіген жоқ. Өйткені, ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлер жалғастығы – жасампаз күш. Сондықтан да ғарыштық жылдамдықпен алға зырлап, сәт сайын сан құбылған бүгінгі заман ағымына лайықты ілесіп келеді. Оқу-тәрбие жұмысы осы заманғы озық үлгіге мейлінше сәйкестендірілуде. Қоғамдық-саяси, мәдени бұқаралық шараларға қатысу белсенділігі бұрынғыдан да арта түсті.
Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» десе, халық даналығы «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйласа, ұстаз түлегіне талмас талап сыйлайды» деп тегін айтпаған. Қазіргі күндері колледжіміздің күндізгі бөлімінде 926 студент, сырттай бөлімде 100-ден астам студент оқып жүр. Оларға жүзге жуық жоғары білімді ұстаз сабақ береді. Бұлардың 50-і жоғары санатты, 27-і бірінші санатты, 7- еуі екінші санатты. Осы оқытушыларымыздың 15-і «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озаты», 4-еуі «КСРО арнаулы орта оқу орнының үздігі» белгісіне ие. 3-уі «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері», 1 оқытушы Ы.Алтынсарин медалінің иегері. Ұрпақ тәрбиесінде ұлағаттылығымен танылып, облыстық, республикалық деңгейдегі әр алуан құрмет грамоталары мен дипломдарды иемденген ұстаздарымыз көптеп саналады. Олардың барлығы да шәкірттеріне шексіз білім-ғылым нәрімен сусындатып, талмас талап сыйлап жүрген білімді де білікті ұстаздар.
Олар жаңашылдыққа талпыну мен іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп зерттеу, жинақтау, насихаттау, іске асыру – оқу, тәрбие жұмысын жақсартудың бір жолы екенін әрдайым басты назарда ұстайды. Соңғы үш жыл ішінде педагогикалық ұжымның әлеуметтік- әдістемелік белсенділігі арта түсті. Колледж оқытушылары мен студенттері әртүрлі облыстық, республикалық педагогикалық басылымдарда мақалалар мен оқу - әдістемелік құралдар, ұсыныстар жариялады. Колледж ұжымы студенттерге білім берумен қатар, тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеуге, студенттердің ұлттық сана - сезімін оятуға, салауаттылық, адамгершілік, имандылық қағида- қасиеттерін бойына сіңірген өскелең ұрпақты қалыптастыруға ерекше мән береді. Дарынды студенттерді анықтау үшін олардың шығармашылық қабілетін арттыруға барлық жағдай жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет