Көбіков Хамит Қожабергенұлы


Еңселі оқу ордасының алғашқы қадамдары



бет2/6
Дата05.05.2023
өлшемі31,91 Kb.
#90186
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Еңселі оқу ордасының алғашқы қадамдары
1929-1939 жылдар
Қазақ АКСР Орталық Комитетінің төралқасы Комиссарлар Кеңесі 1928 жылы 15 пен 50 жас аралығындағы азаматтарды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға біліміді жастар көп үлес қосты. Еңбекшіл халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын. Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңында 50 жасқа дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы мүлдем жойылған болатын. Бүкіл елдегі балаларға міндетті төрт сыныптық бастауыш білім беру жөніндегі заң жүзеге аса бастады. Мектеп жасындағы балаларға төртжылдық бастауыш мектепті бітіру міндетті болды. Ынтасы бар балалар одан әрі жетіжылдық, онжылдық мектепте оқуын жалғастыра алатын еді.
Қазақ мектептерін дамытуға сол кездегі А.Байтұрсынұлы, Қ.Сәтбаев, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатұлы сынды қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар белсене араласты.
Қазақстанның ұлттық мектептеріне педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігінен, 20-шы жылдардың аяғында және 30-шы жылдардың басында, тоғыз жылдық мектепті қайта құру есебінен педтехникумдардың күрт өсуі орын алды. Алматыда 1924 жылы құрылған Сопи Зарватов атындағы ұйғыр мектебі, 1929 жылы Жаркентке көшіріліп, педкурс статусын алды және сол жылдың күзінен бастап Луначарский атындағы сегіз жылдық орыс мектебінің үйіне жайғасқан педкурс – өзінің алғашқы оқу жылын бастады, ал кейіннен педтехникумға айналды. Ең бірінші директоры болып Абдуғопур Розыбакиев тағайындалды.

Қаһарлы жылдардағы училище тынысы
1939-1949 жылдар
Осы соғыс жылдарында біздің қаламызға генерал Панфилов есімі беріліп, ал техникум Панфилов педагогикалық училищесі атанды. Соғыстың алғашқы жылдарында оқыту ауқымы анағұрлым ұлғайып, орыс бөлімі ашылды. Кадрлардың жетіспеушілігінен бір оқытушы екі тілде сабақ жүргізуге мәжбүр болды. Студенттер білім ордасының жалғыз корпусында білім алып, педагогикалық практиканы сол кездегі Молотов атындағы, қазіргі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте өткізіп жүрді.
Оқу орнының біраз оқытушылары мен білім алып жүрген жастар Отан қорғауға аттанды. Ал мұнда қалғандары «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы Жеңіс үшін!» деген ұранмен өмір сүрген еді.
Мұрағаттық деректерге жүгінсек, сол бір қаһарлы 1942 жылы қазақ бөлімінде 130, ұйғыр бөлімінде 32 студент білім алған. 1943 жылы оқуға түскен 70 студенттің тек 37- сі ғана оқуын аяқтаған. Училищеде Қожамберді Байшалұлы басшылық жасады. Осы кезде барлығы 34 оқытушы қызмет еткен. Ал кітап қоры 3000 данаға жетіп, оқырмандар саны да арта түскен.
Сұрапыл соғыс тұсындағы онжылдықта колледжіміздің керегесін кеңейтіп, тұғырын биік көтерген тұлғалы аға ұрпақтың өкілдеріне мың тағзым!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет