Модуль коды: БҒН 8
Модуль атауы: Биологияның ғылыми негіздері
Пән атауы: Биофизика
Пререквизиттері: Цитология, гистология және эмбриология
Постреквизиттері:Биохимия
Мақсаты: Тірі ағзаның өмір сүру қабілетінің оның даму деңгейіне, эволюциялық сатыларына, жасына, қоректену ортасына қарамастан барлық негізгі үрдістерді таныту.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Биофизика – тірі табиғаттың барлық деңгейлерінде, молекулалар мен жасушалардан бастап тұтастай биосфераға дейінгі физикалық аспектілерін зерттейді; биологиялық объектілер күрделі сызықты емес физикалық жүйелердің бір түрі ретінде; әр түрлі деңгейдегі биологиялық жүйелерде болатын физикалық процестер, әртүрлі физикалық факторлардың биологиялық объектілеріне әсері. Оқыту нәтижелері: -молекулалық деңгейдегі жасушадан төменгі құрылымдардың қалыптасуы мен оның механизмдері;
-жасушалық жəне ағзалық деңгейдегі зат жəне энергия алмасуы;
-иондар мен молекулалардың мембрана арқылы молекулалық тасымалдау механизмі мен фазалардың беткейлік бөлімдері;
-қорғаныс пен тыныс алудың молекулалық механизмдерін ұғыну;
-энергияның сіңуі, химиялық өзгеруі жəне оларға электрмагниттік өріспен əсер еткендегі өмір сүру қабілеті мен радиация өтуі;
-классикалық термодинамика заңдылықтарын қолдану арқылы күрделі жүйелердің термодинамикалық сараптамалары мен термодинамикалық теңсіздік үрдістері;
-күрделі жүйелерді ұғынуда кинетикалық, аналитикалық тұрғыдақарастырып, оның іс-əрекеті;
-биожүйенің əртүрлі функционалдық жағдайы мен физикахимиялық əсерлерге ағзаның электрөтімділік ережелері;
-биологиялық жүйенің уақытша жиынтықтарының механизмдері бойынша білім алып шығады.
Қалыптасатын құзыреттер: Кванттық биофизика, молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, сезім мүшелерінің биофизикасы мен күрделі жүйелердің биофизикасы жатады, сонымен қатар мембрана биофизикасы, биологиялық жүйелердің термодинамикасы, биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі, биологиялық үрдістердің кинетикасы, фотобиология, радиациялық биофизика, қосымша биофизика ғылым салалары бойынша жалпы түсінікті қалыптастырады.