Модуль коды: БҒН-8
Модуль атауы: Биологияның ғылыми негіздері
Пән атауы: Генетика
Пререквизиттері: Биохимия
Постреквизиттері: Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру.
Мақсаты: Генетика мәселелері, тұқым қуалау негізінде ақуыздың құрылысы мен қызметі, организнің молекулалық-генетикалық, жасушалық механизмдері, тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің заңдылықтары, олардың цитологиялық негіздері туралы заманауи білімді қалыптастыру. Сонымен қатар, молекулалық биология ғылымының жетістіктері мен мәселелерімен таныстыру және де теориялық, қолданбалы биологияның актуалды мәселелерін шешуде қолдануды оқыту.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Генетикалық зерттеулер әдістерін, тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздерін зерттейді. Прокариоттар мен эукариоттардың көбею механизмдерін, тұқым қуалаушылық белгілері мен принциптерін тұқым қуалаушылық заңдылықтарын қарастырады. Өзгергіштік, оның себептері және зерттеу әдістері. Онтогенездің генетикалық негіздері, гендердің дифференцировкасы, әсері және өзара әрекеттесуі, генотип және фенотипі, онтогенездің кезеңдері мен сыни кезеңдері.
Оқыту нәтижелері:
Организм қызметтеріндегі негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;
Тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі ролі мен маңыздары туралы;
Тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері туралы;
Тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың ролі туралы;
Генетикадан есептер шығара білу және алынған қорытынды деректер бойынша тұжырым жасай білу;
Ғылыми негізде тәжірибелік және іздену, басқару жұмыстарын ұйымдастыра білуі тиіс;
Алған білімдерін зертханалық, өндіріс жағдайында қолдана білулері қажет.