Педагогикалық эксперимент ұғымының мәнін және зерттеу жұмысындағы орнын айқындап беріңіз.
Педагогикалық эксперимент – бұл дәл ескерілген жағдайларда педагогикалық үдерісті өзгеріске келтіруге арналып, ғылыми ұйымдастырылған тәжірибе. Әдістер бар құбылысты ғана айғақтаса, эксперимент жасампаздық сипаты мен жаңа құбылыстарға жол ашады, яғни педагогикалық эксперименттен оқу-үйретім, үйренім, тәрбие іс-әрекеттерінің соны тәсілдері, әдістері, формалары, жүйелері өзінің тұрмыс-қызметтік бастауын алады.
Эксперимент – бұл мәндік тұрғыдан қатқыл қадағалауға алынған педагогикалық бақылау, айырмашылығы: экспериментатор бақылау үдерісін белгілі мақсатта өзі ойластырып, өзі жоспарлы іске асырып барады. Педагогикалық эксперимент балалар тобын, бір сыныпты, мектепті не бірнеше тәлім орнын қамтуы мүмкін. Кең аймактық эксперименттер де жүргізілуі мүмкін. Тақырыбы және мақсатына тәуелді мұндай зерттеулер ұзақ мерзімді не қысқа мерзімді бола алады.
1
3
1
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне қойылатын талаптарды жобалаңыз.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзектілігі, тақырыбы, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі - жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.
Зерттеудің логикасы педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеуден басталады. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі оның нәтижесінің ғылым мен практика бағытындағы қолданушылар тарапынан сұранысының маңызды сипаты болып табылады. Зерттеу тақырыбының негізін ашатын ұғымдар шеңберіне "көкейкестілік", "зерттеудің өзектілігі", "зерттеу өзектілігін бағалау критерийі", "көкекестілікті анықтау әдістері" және т.б. кіреді. "Көкейкесті" сөзі: 1) осы уақыт үшін өте маңызды, сұранысқа ие; 2) шындыққа сай көрінетін қазіргі бар ақиқат.
Зерттеудің көкейкестілігі ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі ғылым мен практика дәрежесінің арасындағы айырмашылықты сипаттайтын ғылыми зерттеудің сапасын бағалау критерийі ретінде де шығады. Көкейкестілік күрделі жүйеде дәлелдеуді қажет етпейді. Зерттеу тақырыбы уақыты жетіп, дәл сол кезде пісіп жетілген проблеманы шешуге мүмкіндік беретін жаңа ғылыми білімді көрсетуі тиіс. Тақырып, көкейкестілік, проблема өзара тығыз байланысты.