Кодекс орындалуымен қҰнды елбасы қР ҚОРҒаныс министрлігінің басшылық ҚҰрамымен кездесті



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата20.02.2017
өлшемі7,52 Mb.
#4533
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

КОДЕКС 

ОРЫНДАЛУЫМЕН 

ҚҰНДЫ

 

мас  болу  жағдайын  анықтау  үшін 



лауазымды  адамның  мемлекеттік 

медициналық  ұйым  басшысының 

атына  жазбаша  жолдама  жасап 

жолдауы,  медициналық  ұйымның 

жазба  тіркеу  журналына  тіркелуі, 

жеткізу  хаттамасын  толтыру  арқылы 

тұлғаны  мемлекеттік  медициналық 

ұйымға  жеткізілуі  нұсқаулық  ереже­

сімен  реттелген.  Нұсқаулықтың 

22­бөлігіне сәйкес, куәландыру нәти­

жесі  куәланушыға  оны  әкеліп  отыр­

ған  лауазымды  адамның  көзінше 

айтылуға тиісті және куәланушы тұлға 

куәландыру  нәтижесімен  келіспеген 

жағдайда  ол  қайта  медициналық 

куәландыру жүргізу туралы жазбаша 

арыз ұсынуына құқылы екенін дәрігер 

түсіндіруге  міндетті.  Яғни,  қайта 

медициналық  куәландыруды  жүргізу 

жөніндегі куәланушы тұлғаның заңмен 

қамтамасыз  етілген  құқы  шектел­

меуі  міндетті.  Себебі,  нұсқаулықтың 

8­бөлігінде  куәландыруға  жолдауды 

бұзғаны және  куәландыратын адамның 

күйі туралы жалған қорытынды бергені 

үшін  ықпал  жасаған  органдар  мен 

дәлел демелердің дәлелдеу күші жоқ 

деп танылады» деп нақты көрсетілген. 

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

заңында  әрбір  адамның  құқы  мен 

бостандығын сот арқылы қорғау құқы 

белгіленген.

Осы құжаттың 785­бабында құқық 

бұзушы  тұлғаның  жеке  басын  және 

мүліктері  мен  заттарын  тексеру, 

мүлкін,  заттарын,  құжаттарын  алып 

қою,  жеке  тұлғаны  жеткізу  арқылы 

масаңдығын  куәландыру  әрекет­

терін  жасау  процессуалдық  хаттама 

арқылы  куәгерлердің  қатысуымен 

жүргізу  шарт.  Сонымен  бірге  құқық 

бұзушылық  жасаған  тұлға  803­бап­

тың  3­ші  және  7­бөлігіндегі  құқын 

жүзеге  асыру  үшін,  ҚР  ӘҚБтК­нің 

744­бабында  көрсетілген  құқықтары 

толық  баяндалып,  хаттамаға  қол 

қойдыру арқылы түсіндірілуі міндетті. 

Бұған қоса, осы кодекстің 738­бабы­

на  сәйкес,  қаулы  шығару  арқылы 

әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 

іс  жүргізу  тілі    белгіленуі,  хаттама 

көшірмесін  танысу  үшін  табыстау 

негіздері көрсетілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

іс  жүргізуге  уәкілетті  орган  немесе 

лауазымды тұлға кодексте көрсетілген 

міндеттері  мен  принциптерін  және  

қағидаттарын  мүлтіксіз  орындауға 

міндетті. 

Заңнаманың 822­бабының 3­бөлі­

гінің  3)  тармағына  сәйкес,  «Құнды 

болып табылмайтын және пайдалануға 

келмейтін заттар жойылуға жатады». 

Айғақ  зат  ретінде  алынған  қару 

немесе оқ­дәрілердің құндылығы жоқ 

екені  және  пайдалануға  келмей тін 

жарамсыздығы  сараптама  қоры тын­

дысымен  ғана  анықталады.  Лауа­

зымды  адам  аталған  мүліктердің 

құны мен жарамсыздығы жөнінде өз  

инициативасымен қорытынды жасауға 

тиісті емес.

30.12.1998  жылы  Қазақстан  Рес­

пуб ликасы  Әділет  министрлігіне 

тіркелген, ҚР Бас прокуратурасының 

бұйрығымен,  ҚР  Қаржы  министрлігі, 

ҚР  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті,  ҚР 

ІІМ­і,  Мемлекеттік  кіріс  министрлігі 

болып  «Соттардың  прокуратура, 

тергеу,  анықтау,  сот  сараптамасы 

органдарының  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  істері  туралы  заттай 

дәлелдемелерді  алу,  сақтау,  беру 

және жою тәртібі» жөніндегі бекіткен 

Нұсқаулықтың  Жалпы  ережелер 

бөлімінің  56­бөлігінде «Қаулыда заттай 

дәлелдемелердің  тағдыры  туралы 

мәселе  қолданылатын  нормативтік 

құқықтық актілерге сәйкес шешілуге 

тиіс» деп көрсетілген. Нұсқаулықтың 

6­бөлігінің 3) тармағында «Құндылығы 

жоқ  және  пайдалануға  келмейтін 

заттар жойылуға жатады» деп көрсе­

тілген. Дегенмен, құндылығы жоқ және 

пайдалануға  келмейтін  заттардың 

тағдыры сот актісінің қарар бөлігінде 

жою арқылы шешілуге тиісті.

ӘҚБтК­нің 59­бабының 1­бөлігінде 

«Судья  мүліктік  зиян  келтірілген 

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі 

қарай  келіп,  әкімшілік  жаза  қолдану 

мәселесін  шешкен  кезде,  егер  мұн­

дай  зиянның  мөлшері  туралы  дау 

болмаса,  оны  бір  мезгілде  шешеді» 

деп көрсетілген. Құқық бұзушылықтан 

келтірілген  зиян  мөлшері  бойынша 

дау  туындаған  жағдайда  нақты 

зиян  мөлшері  азаматтық  іс  жүргізу 

тәртібімен қаралып анықталады.

Сонымен  бірге  заңсыз  әкімшілік 

жазаға  ұшыраған  тұлғаларға  осы 

кодекспен моральдық зиян салдарын 

жойғызуға,  жоғалған  және  нұқсан  

келген  құқықтарын  қалпына келтіруге 

мүмкіндіктер қарастырылған. ӘҚБтК­

нің  15­бабының  2­бөлігінде  көрсе­

тілген талапта «Адамның жеке басы ның 

абыройы мен қадір­қасиетін қорлауға 

жол берілмейді және адамға келтірілген 

зиян  заңда  белгіленген  тәртіппен 

өтелуге жатады» деп көр сетілген.

ӘҚБтК­нің 48­тарауында әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы істі қарауға 

уәкілетті органның немесе лауазымды 

адамның заңсыз әрекеті нәтижесінде 

бұзылған жеке басының мүліктік емес 

және  мүліктік  құқы  қалпына  келтіру 

бойынша  заңда  көзделген  барлық 

шараларды қолдану міндеттелген. Ал, 

кодекстің  864­бабының  талабында 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

істі қарауға уәкілетті органның лауа­

зымды  адамы  немесе  судья  толық 

ақтау  туралы  шешім  шығарған  жағ­

дайда  зиянды  өтеттіру  құқын  тану 

міндетті» деп көрсетілген. Сондықтан, 

осы  аталған  зиянды  өтеттіру  құқын 

тану  жөніндегі  заң  талабы  тиісті 

орындалуға міндетті.

Сотқа  жүгінген  әрбір  адам  заң­

мен  кепілдік  берілген  құқым  мен 

б о с т а н д ы ғ ы м   қ о р ғ а л а д ы   ж ә н е 

ақиқат  пен  шындық  айқындалып, 

әділ шешім қабылданады деп сенеді. 

Сол себепті Қазақстан Республикасы 

Конституциясымен  кепілдік  беріл ген 

адамның  құқықтары  мен  бостан­

дығын  қорғау  және  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  заң  талабын 

орындау,  біркелкі  дұрыс  тәжірибе 

қалыптастыру, халыққа сапалы қызмет 

жасау  лауазымды  адамдар  мен 

органдар және соттар үшін  міндетті. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын­

да көрсетілген тапсырмалармен бірге,  

Қазақстан  Республикасы  Жоғар­

ғы  Сотының  төрағасы  Қ.Мәмидің 

ұйым дастыруымен  қолға  алынып 

жатқан  іс­шаралар  азаматтардың 

сот  төрелігіне  қолжетімділігін  толық 

қамтамасыз ету және сот корпусының 

кәсіби  біліктілігін  арттыру,  соттар 

жұмысын заңнамалық және іс жүргізу 

нормалары тұрғысынан жетілдіру, сот 

құрылысын дамыту және шиеленіскен 

дауларды шешудің баламалы түрлерін 

енгізу,  сыбайлас  жемқорлыққа  жол 

бермеу,  соттың  ашықтығы,  халыққа 

жақындығы,  халық  сенімін  арттыру 

және сот беделін жоғарылату, сотқа 

деген  оң  көзқарасты  қалыптастыру, 

заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету, 

сыбайлас  жемқорлыққа  тосқауыл 

қоюға үлесін қосып жатыр деп сенім­

мен айта аламыз.

Қазіргі  таңдағы  әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы заңына енгізілген  

өзгерістер  мен  толықтырулар  және 

заңның  талабы  соттардан  сапалы 

сот  актісін  шығаруды  талап  етеді.  

Өйткені,  судьялардың  шығарған 

әрбір  әділ  шешімі,  сапалы  жұмысы 

халықтың үшінші билікке деген сенімін 

нығайтып,  судьялардың  беделін 

арттыра түсері ақиқат.

Молдабек АХМЕТОВ, 

Қызылорда облыстық сотының 

судьясы, 

заң ғылымының кандидаты 

МІНБЕР


14

№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

zangazet@mail.ru



ҚЫЛМЫС  ПЕН  ЖАЗА

«Орта жаста әйелің өлмесін, орта 

жолда атың өлмесін» дейді қазақ. Ат-

тай қалап алған темір тұлпары Алма-

тыдан шыға бере шашалып, табандап 

тұрып қалғанда Асқардың ойына ең 

бірінші  осы  мәтел  оралды.  «Қалаға 

жақын жерде бұзылғаны тәуір болды, 

Талдықорғанға жетпей елсіз далада 

қалсам қайтер едім» деп тәубасына 

келген  жігіт  көмекке  ағасын  шақы-

рып,  қоңырау  шалған.  Сүйрейтін 

көлік  тауып  ағасы  келем  дегенше 

де біраз уақыт болады. Көлігінің ар 

жақ,  бер  жағына  шығып  тетіктерін 

қарауға  кіріскен  Асқар  жол  шетін-

дегі тал арасынан шыққан дауыстан 

селк ете түсті. Құлағын түре қалып 

еді,  жаңағы  дыбыс  қайта  естілмей 

қалды. Елегізіп тұрғандықтан болар 

деп өзін-өзі жұбатқан жігіт енді көлік-

ке  үңіле  бергенде  әлсіз  дауыс  тым 

алыс тан тағы да құмығып естілді. Бұл 

жолы  анық,  дәл  құлағының  түбінен 

шыққандай  айқын  жетті.  Адамның 

дыбысы, әйелдің ыңырсыған үні. Жын 

ба, шайтан ба? Мына қалың ағаштың 

арасында  қандай  есі  дұрыс  әйел 

жүруі мүмкін? Қорыққан жігіт не де 

болса ағасының келуін күтіп, ыңыр-

сыған дауысқа елеңдеумен уақытын 

өткізген.

Асылбек  сүйрететін  көлікті  алып 

жеткенде  екі  сағаттың  айналасы 

болып қалған. Келе көлікті қарамақ 

болған ағасын Асқар қалың ағаштың 

арасына қарай жетеледі. Ағасы әкел-

ген көліктің жүргізушісі болса «мұн-

дайда  абайламаса  болмайды»  деп 

өзінше сақтық жасап, қолына ломын 

алып соңдарынан ілесті.

Әлсіреген  дыбыстың  жетегімен 

ағаш ішіне сүңгіген үш азамат үстін-

де лыпасы қалмай, бүктетіліп жатқан 

қыз баланың үстінен шықты. Жап-жас 

қыз. Шашы жалбырап кетіпті. Бірдеңе 

деуге әлі келер емес. Бір-біріне қа-

раған үшеуі киімсіз қызды көтеруге 

намыстанғандай ойларымен алысып 

біраз  тұрған.  Сосын  сөзге  келмес-

тен  бәрі  бірауыздан  жедел  жәрдем 

шақыруға  келісті.  Үшеуі  күтті.  Ұзақ 

күтті. Астыларында көлігі бар үш бір-

дей зіңгіттей жігіт жедел жәрдем осы 

маңды  тауып  келем  дегенше  басқа 

әрекет етпеді. Өздерінің қыздарын-

дай, қарындастарындай қыз баладан 

бірдеңе сұрау да ойларына келмеді. 

Осыдан  соң  жедел  жәр дем  шақыр-

ғандарының  өзі  азаматтық  істей, 

ауырсынып жатқан қызды ес терінен 

бір  сәт  шығарып,  көліктің  бұзылған 

тұсын  табуға  ынты-шынтысымен  кі-

рісіп кетті.

Қаланың  шетіне  жедел  жәрдем 

көлігінен  бұрын  полиция  қызмет-

керлері  жеткен.  Полиция  қызмет-

керлерімен  бірге  қыздың  жанына 

барған үш азаматтың «куәгер ретінде 

сұраласыздар» дегенді естігенде тіпті 

естері шығып кетті. «Бекер-ақ шақыр-

ған  екенбіз.  Қайдағы  бір  жезөкше 

үшін  енді  басымыз  бәлеге  қалмаса 

екен» деген ой тұрды әрқайсысының 

жанарында.  Жедел  жәрдем  кел-

генше  оқиға 

о р н ы н   з е р т -

т е у г е   к і р і с і п 

кеткен  жедел 

топ  мүшелері 

а й н а л а н ы   с у -

р е т к е   т ү с і р і п 

жатыр.  Бағана-

дан  ыңырсумен 

болған  қыздың 

енді  тіпті  дыбы-

сы да шықпайды. 

Сұлқ түскен. 

–  Кешігіп  қал-

масақ  болды.  Қан 

көп  кеткен  екен. 

Ертерек  байқама-

ғандарыңызды  қа-

рашы, – деді қызды 

тексерген  дәрігер 

басын шайқап.

Сол сәттегі Асқар-

дың өкінгенін көрсең. 

Бұл құры қол қыздың 

қасында  аттай  төрт 

сағат  отырды  емес 

пе? Егер дауысты ести 

салып  ағасының  кел-

генін  күткенше  дәрі-

гер шақыртса ғой, бәрі 

б а с қ а ш а   б о л а р   м а  еді...

...Бұл  уақытта  Есімовтер  отбасы 

кенже  қыздарының  дерегін  таппай 

іздеу үстінде жүрген болатын. Тоғы-

зыншы сыныпты кілең бестікке бітір-

ген Лашыны колледжге тапсырамын 

дегенде  ата-анасы  қатты  қарсылық 

көрсеткен.  «Колледжді  бітіргеннен 

пайда жоқ. Босқа уақыт өткізу. Одан 

да  мектептен  соң  университетте 

бір-ақ оқы. Жоғары білім керек бол-

ғандықтан, колледждің дипломымен 

ма мандарды ешкім де жұмысқа ал-

майды.  Айналып  келіп  тағы  оқуға 

тап сыруыңа  тура  келеді»,  –  дегенді 

екеулеп  қыздарына  қанша  айтты. 

Басында  қырсыққан  қыз  соңынан 

келіскендей сыңай танытқан. Бір күні 

«оқуға түстім» деп келіп тұр. Құрбы-

ларымен  бірге  жасырынып  жүріп 

оқуға  тапсырған  ол  оқуға  түскенін 

айтып  қуанып  келгенде  үлкендер 

ақыры  жеңілгендерін  мойындады. 

Баласының  меселін  қайтарғылары 

келмеді. 

Үнемі  ізденісте  жүретін  Лашын 

кешкілік  жүргізушілікке  үйрететін 

курсқа  баратын  еді.  Сәрсенбі  күні 

сабағынан кейін «курсқа бара жатыр-

мын»  деп  хабарласқан.  Содан  жоқ. 

Сағат  10-ға  дейін  алаңсыз  отырған 

ата-ана  10-нан  кейін  елегізіп  іздей 

бастады.  Ұялы  телефоны  сөндірулі. 

Содан  алашапқын  болған  бұлар 

жеделдетіп курс оқитын жеріне бар-

ды.  Сырттан  қарсы  алған  күзетші 

жұ мыстың  тоғыздан  кейін  біткенін, 

ғи марат  ішінде  ешкімнің  жоқ  екенін 

ха барлады. Лашынның құрбыларына, 

курстастарына қоңырау шалу бастал-

ды. Жоқ. Еш жерден дерегі шықпады. 

Тек қана курсқа бірге баратын қыз: 

«Үйге  қайтып  келе  жатқанымызда 

біреу телефон шалды. Кім деп сұрап 

едім, ауылда танысқан жігіт қой деп 

күлді», – дегенді айтты. Бұл кім бол-

ды  екен?  Лашын  жазда  атасы  мен 

апасының  ауылына  барып  демалып 

келетін. Дәу де болса сол жақта та-

нысқан жігіттердің бірі болар деп ой 

түйген, әрі ауылдың баласы дегенді 

естіген  соң  ойларына  арамдық  кір-

меген ата-ана үйлеріне қайта келген. 

Осы күтіспен олар таңды атырды.

Таңға  дейін  қыздарынан  дерек 

болмаған соң үйлі-жайлы болған үш 

баласына  хабар  берген  үлкендер 

жедел полицияға хабар беріп, ауру-

ханаларды  ара лап  шықты.  Тағы  да 

белгісіздік. Тек түстен кейін ғана ке-

зекші бөлімнен хабарласқан полиция 

...Осыдан бір сағат бұрын асығыс жұмыстан 

шығып кеткен Залинаның көлігін көрген Мұхтар 

қызбен  қоштаспақ  болып  арнайы  бұрылды. 

Адымдай басып көлікке жетіп барған жігіт тере-

зеге үңілді де, қатып қалды. Мынау... Мынасы 

несі?  Жаңа  ғана  жарқылдап  шыққан  Залина 

басы  салбырап  біртүрлі  отыр.  Есікті  серпе 

ашқан жігіт қыздың өлі денесі өзіне құлай кет-

кенде қорыққаннан айғайлап жіберген. Мұның 

дауысын естіп келген Серік қайта өмір көргенді-

гін көрсетті. Жағдайды бірден бағамдап үлгер-

ген ол Мұхтарды сабырға шақырып, қызды ор-

нына қайта жайғастырған соң ішкі істер бөлімі 

мен жедел жәрдемге қоңырау шалған болатын. 

Оқиға орнына келген жедел топ қыздың көз 

жұмғанына көз жеткізген соң бірден жағдайды 

саралауға кіріскен. Көліктің жан-жағын, салон 

ішін  суретке  түсірген  соң  айғақ  заттарды  із-

деген  олар  айналадағы  көзге  оғаш  көрінген 

заттарды да назардан тыс қалдырмады. Көрін-

геннің  қолы  жете  бермейтін  БМВ  Х5  көлігін 

тақымдаған  Залина  Тұрарованың  жоғары  оқу 

орнын  былтыр  ғана  тамамдап,  туристік  фир-

мада  жұмыс  істеп  жатқанына  бар-жоғы  алты 

ай  болған.  Тұрмысқа  шықпаған  бойжеткен 

анасымен  және  өгей  әкесімен  бірге  тұрады. 

Алғашқы күйеуі қазақ болған Елена Тұрарова 

бірінші  некеде  алған  фамилиясымен  қалған 

екен. Күйеуі жол апатынан қайтыс болған соң, 

он  шақты  жыл  қызы  екеуі  тұрған  әйел  Зали-

насы  қолына  дипломын  алғанда  ғана  екінші 

рет некелесуге қадам жасапты. Өзі медицина 

ғылымының докторы, бірнеше жерде қатар жұ-

мыс істейтін Елена жолдасы Бористің жеке тіс 

клиникасы барын да жасырмады. Ақшадан тар-

лық көрмеген отбасының диплом алған қызға 

ата-аналық сыйлық ретінде нән джипті мінгізе 

салуы да содан. 

«Залинаны ақша үшін өлтіруі мүмкін» деген 

ойынан тергеуші алғашқы күні-ақ бас тартты. 

Өйткені,  қыздың  сөмкесі  сол  қалпы  қалған. 

Өлтірген адам көліктен ештеңе іздемеген де. 

Тек Залинаның ұялы телефоны ғана жоқ. Қан-

ша  қымбат  болса  да,  бір  ұялы  телефон  үшін 

мұндай  қатыгездікке  ешкімнің  баруы  мүмкін 

емес  деп  топшылаған  тергеуші  қыздың  қыз-

меттестерін  әңгімеге  тартып  көрген.  Әрине, 

ең алдымен күдікті ретінде Мұхтар Саламатов 

назарға  алынды.  Қызбен  әзілі  жарасқан  жігіт 

жақында  сөзге  келіп  қалған  сыңайлы.  Қазіргі 

жастар ашуға тез беріледі. Соны ескерген тер-

геуші екеуінің өзара келіспеушілігі осындай қай-

ғылы жағдайға мұрындық болуы мүмкін екенін 

де  жоққа  шығармады.  Тергеуді  жан-жақты 

жүргізген  маман  Залинаның  құрбыларын  да 

сөзге тартып көрген. Олардың бәрі бірауыздан 

құрбыларының  келіскен  жігітінің  жоқ  екенін 

жеткізді. «Дегенмен, соңғы уақытта Залина тұ-

йықталып кетті. Бізге сыр айтуын қойды. Теле-

фонмен ұрысы көбейді», – деді олар күдіктерін 

жасырмай. 

Егер көңіл қосқан жігіті жоқ болса, Залина-

ның  кіммен  үнемі  сөйлесіп  ұрсысуы  мүмкін? 

Әлде  құрбыларынан  жасырған  жігіті  болғаны 

ма? Бұл не құпия? Осы кезде сарапшылардың 

да  алғашқы  қорытындылары  шыға  бастады. 

Залина  Тұрарованың  буындырылып  өлтіріл-

генін  айғақтаған  сарапшылар  тағы  бір  қызық 

мәліметті жайып салды. Жігіті жоқ бойжеткен 

бес  апталық  жүкті  екен.  Ендеше,  «бір  айдан 

бері  Залина  тұйықталып  кетті»  деген  құрбы-

ларының  сөзінің  де  жаны  бар.  Осыдан  кейін 

тергеуші қыздың анасы мен өгей әкесін тілге 

тартпақ болған.

Бұл келгенде Елена Тұрарова үйде жалғыз 

екен. Сарапшылардың анықтамасымен таныс-

тырған тергеуші жылт етер жаңалықты қыздың 

анасынан күткен. Қанша дегенмен қыз анасына 

сырын айтады емес пе? Алайда, соны хабарды 

сүлесоқ  қабылдаған  әйел  перзентінің  жаңа-

лығынан  мүлде  бейхабар  болып  шықты.  Әр 

сөзін сатып бергендей санап шығарған әйел-

ден  енді  артық  ақпарат  ала  алмасын  білген 

тергеуші түсте Борис Степановтың жеке кли-

никасына  барды.  Ашық-жарқын  қарсы  алған 

жігіт ағасы да өгей қызының тосын жаңалығын 

тұңғыш  рет  естігендей  кейіп  танытты.  Бірақ, 

қазымыр тергеуші қапы қалдырар деді ме, «Иә, 

мұны бағана Лена айтқан. Сондықтан, сізден 

бірінші рет естіп тұрмын деп алдаусыратқаным 

жөн болмас», – деп қалды. Отбасылық жағдайы 

туралы  шешіле  әңгімелеп,  жұмақты  Ленаға 

қосылғалы бері сезінгенін қайта-қайта айтқан 

Бористің  сөзін  құлықсыз  тыңдаған  тергеуші 

тосын  сұрақ  қойып,  қарсыласын  сынап  көр-

мекке бел шешкен. Сонысы дұрыс болған екен. 

«Сол күні сіздің Залинаның көлігінен түсіп бара 

жатқаныңызды көргендер бар. Мұны неге біз-

ден жасырасыз?» – дегені сол екен, бағанадан 

бері шайқалып әңгімесін еркін айтып отырған 

Борис жайлы креслосынан ауып қала жаздады. 

Сосын... Сосын тергеушінің алдында Бористің 

жүзі бозарып, қарақошқылданып, түнеріп мың 

өзгерді. Мына құбылыстан-ақ өгей әке сөзінің 

шикі екенін пәмдеген тергеуші оның ойлануына 

мұрсат бермей, сұрақты төпелей түсті. Ақыры 

алды. Өз дегеніне жетті. Сөйтсе, Еленамен бас 

қосқаннан кейін Борис қызға көз сала бастаған 

екен.  Бұлғақтаған  қыз  мұны  басында  қызық 

көрген. Өгей әкесі қымбат көлік сыйлағаннан 

кейін екеуінің арасында біраз татулық орнаған-

дай еді. Ал, жиі іссапарға шығатын Еленаның 

үйде болмауы екеуін тіпті жақындатты. Ақыры 

Мәскеу академиясының академигі атанып, мәр-

тебелі атақты алуға үлкен шаһарға кеткен Еле-

на қызы мен жаңа күйеуінің арасындағы бай-

ланыстың шиеленісуіне өзі жағдай жасап берді. 

«Екеуміз сол күні Ленаның атағын жуып бі-

раз  шарап  іштік.  Мас  болдық.  Таңертең  бір 

төсекте жатқанымызды көргенде Залина қатты 

қамықты.  Жылаған  қызды  жұбатқан  болдым. 

Бірақ,  менің  қорыққанымды  пайдаланған  ол 

шешесіне  айтып,  масқарамды  шығарам  деп 

бопсалауға кірісті. Сосын не істеймін. Амалым 

жоқ, осындай қатыгездікке баруыма тура кел-

ді», – дейді Бористің өзі. Қалай болғанда да, 

өгей әке қыздың аяғының ауыр екенін білме-

генін айтып әлек. 

– Ал, қыздың ұялы телефоны қайда? – деді 

тергеуші.

– Оны сіздер ұрлық үшін орын алған қылмыс 

деп ойласын деп өзіммен бірге ала кеткем, –

деді Борис. 

Адам  өлтіріп  тұрып  қылмысын  жасырудың 

жолын  ойлап  тұрған  мұндай  жандар  қыздың 

бопсасынан қорқуы мүмкін бе? Өзін барынша 

кінәсіз  көрсетуге  тырысқан  Борис  Степанов 

соттың  шешімімен  кейін  14  жылға  сотталды. 

Ал,  барынан  айырылған  әйел  кімді  кінәларын 

білмей  әлек.  Қайғылы  жағдайдың  орын  алуы 

қызының  жеңілтектігінен  бе,  жоқ  өзінің  елуге 

келіп желіккенінің кесірінен бе? Өзегін өртеген 

өкініш мұны әділ таразылауға дес берер емес.

М.НҰРЖАНОВА

ҚАРЫНДАСЫҢ БАР ЕДІ 

ҒОЙ СЕНІҢ ДЕ...

бегеніне  ашуланып  тұрған  соң 

оның  айғайына  қарамадым.  Одан 

кейін телефонына хабарласып едім, 

көтермеді, – деді.

Сонда  бұл  кінәсіз  болғаны  ма? 

Шынында  да,  жігіттің  қылмысқа  қа-

тыстылығын  тексерген  мамандар 

Әсеттің  сол  күні  сағат  тоғыздан 

бастап  үйінде  болғанын  анықтады. 

Оны үй іші де, көршілері де, дүкеннің 

сатушысы  да  растап  отыр.  Енді  тек 

Әсет  айтқан  көлікті  іздестіру  керек. 

Ал,  қара  көк  түсті  «Мазданы»  табу 

оңай бола қоймас. Бірақ, іздестіруді 

тағы  Әсет  жеңілдетті.  Ол  кейіннен 

көліктің  алдыңғы  әрпі  В  екенін,  ал, 

нөмірі 748 екенін хабарлаған болатын. 

Тіпті,  бір  жігітті  қасындағысы  Мура 

деп  атағанын  да  құлағы  шалған 

болып  шықты.  Жол  полициясында 

тіркелген көліктерді тексерген ізшілер 

күдікті машинаның дерегін сол күні-

ақ тапты. Мураның сол көліктің иесі 

Мұрат  Бектаев  екені  белгілі  болды. 

Бұрын  кісі  тонап  сотты  болған  жігіт 

сақшылардың  дегеніне  көне  қой ған 

жоқ.  Барынша  жалтаруға  тырыс қан 

Бектаев  нашақор  ретінде  есепте 

тұ рады екен. Оның араласатын дос-

тарын  сүзгіден  өткізген  жедел  топ 

Қуаныш  деген  жігіттің  Бектаевқа 

өте  жақын  екенін  анықтады.  Ол  да 

нашақор  ретінде  есепте  тұратын 

болып  шықты.  Екеуін  уақытша  тер-

геуге  алған  сақшылар  Лашынның 

ұялы  телефонынан  біреу  қоңырау 

шалды дегенді естігенде қиыс жол-

ға  түскен  екенбіз  деп  күдіктенді. 

Алайда, телефонды тапқан олар мұ-

ны  Қуаныштың  кеше  ғана  төрт  мың 

теңгеге сатқанын білгенде өздерінің 

адаспағандарына көз жеткізді.

Ұялы  телефонның  дерегі  шық-

қаннан кейін екі нашақорға тіл бітті. 

Кінәні  бір-біріне  сілтеген  олар  ең 

соңында  «нашаға  елітіп  не  істе ге-

німізді білмей қалдық деп ақтал мақ 

болды.  Бірақ,  бұл  олардың  айуан-

дығын ақтай ала ма?

Қоғам  керең,  адамдар  меңіреу 

болып  барады.  Бұл  жолы  да  жап-

жас  қыз  сол  меңіреуліктің  құрбаны 

болды.  Егер  Әсет  жәбірледі  екен 

деп  көз  алдында  шыңғырған  қызға 

селқос  қарамаса,  егер  хал  үстінде 

жатқан қызға көлігі бұзылған жігіт дер 

кезінде жедел жәрдем шақырса, егер 

топталған адамдар жедел жәрдемнің 

келуін  күтпей-ақ  қызды  көліктеріне 

салып  жақын  жердегі  ауруханаға 

апарса оқиға басқаша өрбір ме еді... 

Бәлкім, нашаға есірген екі хайуан-

ның шыбықтай қызды қинап жатқа-

нын да көргендер бар шығар. Олар 

да «басыма бәле тауып қайтемін» деп 

өте  шыққан  шығар,  қайдан  білеміз. 

Ондай кезде өзіңнің де апа, қарын-

дасың бар екені, сенің де желкілдетіп 

қыз  өсіріп  отырғаның  естен  шығып 

кетеді ғой.

(Оқиға  кейіпкерлерінің  аты-жөні 

белгілі себептермен өзгертілді)

 Мақпал МӘЛІКҚЫЗЫ

қызметкері  «жедел 

ж ә р д е м   а у р у х а -

насына  барыңыз-

дар,  жасы  сіздің 

қыздың  жасымен 

шамалас  бір  қыз 

бала түскен екен» 

дегенді  жеткіз ді. 

Ауруханаға  же-

т е м   д е г е н ш е 

бәрі нің  есі  қал-

мады.  Сырқат-

танып қалды ма 

деген  үмітпен 

келген  ата-ана 

бетіне  ақ  жа-

былған  мәй-

іттің  үстінен 

түсерлерін ол 

кезде, әрине, 

білген жоқ.

. . .   С о л 

сәт тен  бас-

т а п   і з д е у 

б а с  т а л  д ы . 

О н   а л  т ы 

жас та ғы үл-

пер шек тей  қыз  баланы  зор-

лап, ар тын ша астына бөтелке ты ғып 

қор лаған  қорқауларға  жедел  ара да 

тыйым салынуы керек. Біреудің ала-

қа нына  салып  аялап  отырған  бала-

сын  осынша  ұрып  қорлайтындай, 

дене сіне  арақ  құйып,  темекінің 

отын  өшіретіндей  бұлар  қыздан  не 

жамандық көрген?

Б.Смайылов жетекшілік еткен топ 

істі  қыз  телефонына  келіп  түскен 

қоңырауларды анықтаудан бастады. 

Соңғы қоңырау, құрбысы айтқан дай, 

ауылдан  келген  Әсет  есімді  жігіт-

тің  телефонынан  шалынған  екен. 

Сол күні Әсетті жедел топ әпкесінің 

үйінде  жатқан  жерінен  ұстаған. 

Жігіт  ештеңе  болмағандай  полиция 

қызметкерлерін  сабырлы  қарсы 

алды.

– Білмеймін, екеуміз парк ішінде 



кездестік.  Мені  көре  салып  Лашын 

«бұдан  кейін  маған  хабарласушы 

болма, сенімен араласқым келмейді» 

деп неше түрлі жаман сөздер айтты. 

Менсінбейтінін ашық жеткізді. Екеу-

міз  ұрсысып  тұрғанда  жанымыздан 

кө лікпен екі жігіт өтті. Шақырып еді, 

Лашын  мені  тастады  да,  соларға 

қарай  кетті.  Мен  жігіттерді  танитын 

шығар  деп  ойлағам.  Бірақ,  Лашын 

көлікке  отырғысы  келмеп  еді,  екеуі 

күштеп мінгізгендей болды. Менсін-

ҚАРЫНДАСЫҢ БАР ЕДІ 

ҒОЙ СЕНІҢ ДЕ...

ТЕРГЕУШІНІҢ ТОСЫН СҰРАҒЫ 

ҚЫЛМЫСТЫ АШТЫ



№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

15

zangazet@mail.ru



Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет