Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата31.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#11031
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Өмірəлі Қопабаев

Арман Қырықбаев

Əбiш Кекiлбайұлы

Нұрлан Оразалин

Динар Нөкетаева

Бектұр Төлеуғалиев

 Сағатбек Медеубекұлы

Мереке Құлкенов

Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№11 (87)

2015


Заңның    нақты  жазылып, 

сапалы  дайындалуы  сот  сала-

сындағы 

қателіктерге 

 

жол 


бермейді.  Судьялар  тек  заңды 

ғана    басшылыққа  алып  кесім 

айтатындықтан,  құқықтық 

құжаттағы  əрбір  баптың,  əр 

тармақтың  істің  мəн-жайына  сай,  

халықтың менталитеті,  қоғамның  

ауанына  қарай  дайындалуы  шарт. 

Азаматтық  іс    жүргізу  кодексін 

заман  талабына  сəйкестендіру 

қажеттілігі  де  осы    қағидадан 

туындаған болатын.

Мемлекет 

басшысы 

Н.Назарбаев  Қазақстан  судья-

ларының    алтыншы  съезінде: 

«Соттар  қызметінің    заңнамалық 

жəне  процессуалдық  нормаларын 

жүйелі  түрде  жетілдіру  маңызды. 

Сондай-ақ, 

азаматтық 

сот 

өндірісін 



 

жаңғырту 

қажет. 

Үкіметке 



Жоғарғы 

Сотпен 


бірлесіп  жаңа  Азаматтық    іс 

жүргізу кодексі жобасын əзірлеуге 

кірісуді  тапсырамын.  Азаматтық 

істерді  қарау  тəртібі    процестің 

тараптары үшін ыңғайлы жəне тез, 

оларды бітістіруге жəне  заманауи 

технологияны 

кең 


қолдануға 

бағытталған  болуға    тиіс»,-  деген 

еді.  Міне,  осы  тапсырмадан  кейін 

ЖАҢА  АЗАМАТТЫҚ  

ІС ЖҮРГІЗУ  КОДЕКСІНЕН 

КҮТЕРІМІЗ КӨП

Ўлт жоспары – 100 наќты ќадам 



                  Жасұлан САЛИЕВ  

Маңғыстау  облысы,  Маңғыстау 

аудандық сотының төрағасы                                             


2

 *«Үркер»*№112015

Жоғарғы  Сот  Азаматтық    іс  жүргізу  кодексін  

дайындауға белсенді түрде кірісті. 

Расында  да,  осыдан 16 жыл    бұрын  

қабылданған  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексін 

құқықтық  тұрғыда  жаңғыртудың  уақыты  келді. 

Ел экономикасының  іргелі дамуы, Қазақстанның 

əлемдік  экономикаға  ықпалдасуы,  елдегі 

инвестициялық ахуалдың  жандануы Азаматтық 

іс  жүргізудің  құқықтық  тетіктерін  жетілдіріп, 

қоғамдық  қатынастарды  реттеудің    құқықтық 

қуатын  арттырудың  маңызын  көрсетті.  Осы 

саланың  басы-қасында  жүргендіктен,  Жоғарғы 

Сотқа кодексте қандай мəселелерге басымдық беру 

керек, қай баптарды күшейтіп,  қандай тетіктерді  

жақсарту керектігі жақсы таныс екені айтпаса да 

түсінікті.  Сондықтан,  Елбасы    тапсырмасынан 

кейін  кодекске  қатысты  басқосулар,  дөңгелек 

үстелдер,  жиындар    ұйымдастырылып,  онда 

мамандардың  ұсыныс-пікірі тыңдалды. Жоғарғы 

Сот  тарапынан    құрылған  арнайы    жұмыс  тобы 

осындай  жиындарда айтылған ойларды саралап, 

құжатта барынша ескеруге тырысты.

Республика  судьяларының    төртінші 

съезінде Елбасы Қазақстанның құқықтық жүйесін 

дамытудың ауқымды  əлеуеті, əсіресе, əлеуметтік 

саладағы  даулар  мен  қақтығыстарды  шешудің 

баламалық    жолдарын  енгізуде    жатқанын  атап 

өтті.  Шынында  да , соңғы  уақытта  азаматтық 

дауларға  қатысты  істердің  жыл  санап  көбейіп 

жатқаны белгілі. Осыған орай, Жоғарғы Соттың   

алдына  азаматтық  істерді  тез  əрі  созбалаңға 

салмай , тараптардың көңілінен шығатындай етіп 

шешудің тетіктерін тауып, кодексті сапалы жасау 

талабы  қойылған  еді.  Бұл  ортақ  істен  жергілікті 

соттар  да  шет  қалған  жоқ.  Өйткені,  Жоғарғы 

Соттың  абыройы -  мемлекеттің  абыройы.  Ал 

Жоғарғы  Сотқа  жүктелген  істің    көңілдегідей 

орындалуы 

еліміздің 

бүкіл 

соттарына, 



судьяларына ортақ сын еді. Осыған орай,  бүгінгі 

күнге  дейін  еліміздің    барлық  соттарында  

құзырлы  орын  өкілдерінің    қатысуымен  түрлі 

шаралар  ұйымдастырылып,  кодекстегі    негізгі  

жаңалықтар  таразы  басына  салынды.  Ақиқат 

таластан,  сараптаудан  туатындықтан,  жобаға 

енгізілген  жаңалық,  бастамалардың  барлығы 

көпшілік  талқысына  түсті.  Сөйтіп,  ел  көңілінен 

шыққан  басымдықтар  Азаматтық  іс  жүргізу 

кодексінің жобасынан орын тапты. Мəселен, жаңа 

жобада  күрделі  емес  санаттағы  істер  бойынша 

бұйрық  арқылы  іс  жүргізуді  қолдану  салаларын 

кеңейтуге  мол  мүмкіндік  жасалған.  Сондай-

ақ,  істердің  жекелеген  саннатары  бойынша  сот 

ісін  жүргізудің  жеңілдетілген  тəртібін  енгізу  де 

көзделіп  отыр.  Заң  жобасы  əділдік,  заңдылық, 

бейтараптық 

принциптерін 

нормативтік-

құқықтық  орнықтыруға,  жарыспалық  ұстаным-

дардың  қолданысын  ұлғайтуға  жəне  азаматтық 

істер  бойынша  сотта  істі  қараудың  үзіліссіз 

принципін  қалыптастыруға  бағытталған.  Жаңа 

кодексте,  əсіресе,  дауларды  медиация  жолымен 

шешуге,  медиаторлардың  белсенділігін  көтеруге 

бағытталған тетіктер көп.  Бұл бабалар қолданып 

келген  бітімгершілік  дəстүрін    қоғамға  жаңаша 

əдіспен бейімдеудің бір жолы болса керек.

Заң жобасында іс жүргізу  заңнамасына сот 

ісін    жүргізуде  ақпараттық  технологиялардың 

кеңінен  қолдануға  мүмкіндік  беретін  түзетулер 

қарастырылған.  Атап  айтқанда,  азаматтарға 

өтініштерді бірінші сатыдағы соттарда ғана емес, 

барлық жоғарғы тұрған сатыларда  электрондық 

құжаттар  түрінде  беру  мүмкіндігі,  іс    жүргізуге 

қатысушыларға сот  құжаттарының көшірмелерін 

электрондық түрде алу мүмкіндігі ескерілген.

Мемлекет 

басшысы 

 

республика 



судьяларының  съезінде  Азаматтық  іс  жүргізу 

кодексін  жасауға  тапсырма  бере  отырып  ел 

судьяларына « ұлттық  сот  жүйесі  қоғамдағы 

тұрақтылықтың,  құқық  үстемділігінің,  қоғам 

мен  мемлекет  мүддделерін  мүлтіксіз  сақтаудың, 

қазақстандықтардың құқығы мен бостандықтарын 

қорғаудың сенімді кепілі болуға  тиіс» деп үлкен 

сенім  артты.  Біз  сол  сенімнен  шығу  үшін    заңға 

сүйеніп  жұмыс  атқарудамыз.  Міне,  Жоғарғы 

Соттың  бастамашылығымен  дайындалған кодекс 

те халық қалаулыларының назарына ұсынылмақ. 

Егер  заң  жобасы  мақұлданып,  Елбасы қол қойса, 

жаңа  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексі 2016 жылдан  

бастап қолданысқа енеді деп күтілуде.



3

Поэзия


Жəлел ШАЛҚАР 

1986 


жылы 

Қарақалпақстан 

Автономиялық  Республикасы,  Беру-

ний  ауданының  Алғабас  ауылында 

дүниеге келген. 2009 жылы Е.А. Бөкетов 

атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің филология 

факультетін тəмамдаған. Өлеңдері мерзімді баспасөзде тұрақты 

жарияланып келеді. Қазіргі таңда Н.В.Гоголь атындағы əмбебап  

ғылыми  кітапханасының  қызметкері, «Жыр-Жауһар»  поэзия 

клубының төрағасы. 



Тұрсаң-дағы тоқсаныншы қабатта,

Арың биік болмаса егер түк емес...

***


Өрт  ғасыр тұрса бұрқанып алдан,

Сəттерді қалай қырқады жалған.

Автобусқа бір қария мінді,

Мамыр айында қымтанып алған.

Кеуденің кірбің нұрын жабады,

Қоңторғай  жаны діріл қағады.

Көңілін бір сəт ауламақ болдым,

Кінəздау ғана қырын қарады.

Бір салмақ жатты күйінде күздеп,

Тағдыры қалай түйінді үзбек?

Тағатым бітіп сұрадым:

 - Ата, неліктен қалың киіндіңіз?- деп.

«Тапқан екенсің жұмбақты балам,

Болмысым не деп үн қатты саған?»

Күрсініп алып, «қарттық қой» - деді,

Қалғанын санам аңдатты маған.

Сұрағы барға сұқтана кетем,

Неліктен ата құптамады екен?

Жастықтың отын кешіп жүрсем де,

Қарттықтың мəнін ұқпаған екем.

Барасың зырлап ғұмырым менің,

От жалыныңды тұғырым дедім.

Толқытсаң толқыт жанымды тербеп,

Лайлана көрме тұнығым керім.

Байқамай жатсақ сеңдерді бірден,

Қанат бер маған кең белдеу іргем.

Қартайтсаң қартайт тəнімді мейлі,

Суыта көрме кеудемді мүлдем..

***

Хас батырды өлтіру - қан майданнан аулақтау,



Қорқақтарды өлтіру - батырдайын ардақтау...

Хас сұлуды өлтіру - сұлулығын қысырлау,

Жастығыңды өлтіру - қадіріне тұшынбау.

Өр сенімді өлтіру - күмəндану өзіңнен,

Үр сезімді өлтіру - қасиетін сезінбеу.


4

 *«Үркер»*№112015

Шын талантты өлтіру  - арқасынан көп қағу,

Ғашықтарды өлтіру - ортасына от жағу.

Адамдарды өлтіру - армандарын балталау,

Арманыңды өлтіру- талпынбау ғой, қалқам-ау.

Намысыңды өлтіру - қуыстықтан тыйылмау,

Ақындарды өлтіру -барлығынан қиындау...

Манделла

Ақ пен қара теңелді,

кеңдік тиіп танауға.

Дақ пен жара көнерді..,

...Жарық бірдей тарауда.

Адамшылық нұр, тұғыр,

Дауыстыға заты бай.

Өтіп жатыр бір ғұмыр,

Бір секундқа татымай.

Таң батыстан атпаған,

Ата қоймас ендігі.

Құдайсыздан сақтанам,

Мансұқ қылар шерліні.

Дүние кетпей көңілден?

Көзсіздерден бақ ұшқан.

Адамдар көп өмірде,

Жан мен тəні ауысқан.

Айқайшылдар мінеп кіл,

Бөле берді ойымды.

Нар түйеге теңеп жүр,

Түймедейін мойылды.

Азғындықтың белгісін,

Көрем ылғи маңайдан.

Тіл қатуда енді шын,

«Тағдыр» - дейтін шар айнам.

Астамшылық маған жат,

Һақ əмірі басты үміт.

Бара жатыр адамзат,

Тазармаққа асығып.

Талай түстім сарсаңға,

Жанды тербеп ашу, от.

Мейлі қайда барсаң да,

Ақиқаттан қашу жоқ!

***


Мен білмеймін,

Кім дейтінін мендейді.

Менің мұңым көп жараны емдейді.

Адамдардын жамандығын көрсем де,

Жақсылықтан үміт үзгім келмейді.

Аспан маған шуақ, нұрын төгеді,

Ал жер анам табанымды өбеді.

Күллі ғалам маған қабақ түйсе де,

Мен бəріне құшақ жайғым келеді.


5

Жəлел ШАЛҚАР. «Тұрсаң-дағы тоқсаныншы қабатта,

 

 

 

Арың биік болмаса егер түк емес...» 

Досым-дағы, дұшпаным да жоқ менің,

Қыс тоңдырса жылытады көктемім.

Арысам да азған жоқпын арымнан,

Көктесем де пейіліммен көктедім.

Қаламымды тұсамақ боп кіл ерен,

Қаншама рет түйсігіме түнеген.

Маңдайыма егер тағдыр жазбаса,

Осы өлеңді жазбай тыныш жүрер ем.

Белестерге бастап барар нұр таңым,

Қалай бармын солай ғана жортамын.

Сүрлеуімнен жаңылмасам болғаны,

Жүрегімді кірлетуден қорқамын.

Лəззат

Лəйлəдай лағыл лебізге лайық,

Балапандайын бейкүнə бейнең.

Күлкіңнен артық ем іздеу айып,

Тұншыға қалса керқұла кеудем.

Əлем əспеті əлі де əрсіз,

Сендік сиқырды сезіне алмаса.

Кереметтердің бəрі де нəрсіз,

Мейірімді сендей кезі болмаса.

Затыңдай зарсыз, Зайдалық зердең,

Бақытқа лайық қиялдай керім.

Өмірге тағы айналып келсем,

Ешкімді сендей сүйе алмас едім.

Заман заман ба заңдылықтарсыз,

Шегінсе шындық шертеді мұң күз.

Ажарсыз дер-ем паң қылық қар қыз,

Ғалам құбыжық еркелігіңсіз.

Ақын ақын ба арбаса арын,

Сезім сезім бе бір жылытпаса?

Өмір өмір ме далбасаларын,

Тізгілей бермей сырып тастаса?

Тағдыр тағдыр ма тар жол торламай,

Шабыт шабыт қой шапса қайда да.

Жəлел, Жəлел ме бір жыр арнамай,

Жұматай жүз жыр жазса Лəйлəға.

Көсеу

Қараша  ауыл,  қара  ошаққа  зорыға, 

Анам  жүрер  ас  дайындап түрініп.

Сексеуілдің  қыжынаған  шоғына,

Отырушы ем  жылынып.

Бала кезде болған екем тым ерке,

Анам байғұс қара көсеу қолында.

Əлгі  шоқты көсеп - көсеп жіберсе,

Ұласатын жалынға.

Қара тамақ ойлап жүрсе ақымақ,

Көп білуге құмар едім тегімнен.

Қара көсеу құдіретін бақылап,

Таң қалатын едім мен.

Содан бері өтті талай  сыңар жыл,

Көсеу сыры кетпей қойды санамнан.

Өмір мені сан түрлі ғып сынап жүр,

Сүйрелейді ақ арман.

Кеңдік маған қанмен келген сый екен,

Адамдығым анам сүтін өтеуде.

Бір ұққаным ауыл жетпей  жүр екен,

Шоқ кеудемді көсеуге...

Поэзия

Қарашалардың жыл құстарынан,

Өмірдің сансыз бұрылыстарынан,

Ақ көңілдердің өр тұстарынан,

Сені көремін.

Сезімнің сеңсіз теңіздерінен,

Достардың ыстық лебіздерінен,

Қимас сəттердің ең үздігінен,

Сені сеземін.


6

 *«Үркер»*№112015

Ғашық жүректер дүрсілдерінен,

Тілсіз түндердің күрсінгенінен,

Жұмбақ ғаламның тылсым демінен,

Сені есітемін.

Уақытпен солай жарысамын да,

Тағатты тербеп тауысамын да,

Өзіңмен қайта қауышамын да,

Үнсіз тілдесем.

Мен, солай күн кешем... 

***

Қара басын қамшылап,



Өлексесін шаншып ап,

Қабырғасы қансырап,

Жақыным кетіп барады.

Дамыл таппай тентіреп,

Өз жерімде «келші» деп,

Ырысымды еншілеп,

Жатым кетіп барады.

Жал болса да баспана,

Рухы оның паң, сара.

Көздерінде от жана,

Ақын кетіп барады.

Байқалмаған сезімде,

Ашылмаған көзінде,

Уақыттың тезінде 

Ақым кетіп барады. 

Бір досқа

Сен бастығыңды айттың,

Мен жастығымды айттым.

Өмірзақ Қожамұратов

Сен о баста тағдырға батыл едің,

Ал мен жай ғана ақын едім.

Сен оңай əрі осал жолмен самғадың,

Мен ауыр əрі адал жолды таңдадым.

Сен менің жүдеулігіме жұбандың,

Мен сенің толықтығыңа қуандым.

Мен сені Салық досым деп бекіткем, 

Ал сен болсаң, кекеткенің – кекеткен.

Сен болмашы нəрсеге терлеп бердің,

Ал мен арыстай ағамды жерлеп келдім.

Сен өмірде талтаң басуға еліксің,

Мен өмірге өлең жазуға келіппін.

Салқынжан мизам басы екен күздің,

Айырмашылығымыз осы екен біздің.

Амал мен адал санаспай бекем,

Ешқашан жанаспайды екен.

Алматы

Жеті өзен – тұнған тарих, арнасы – жыр,

Алатау – арынды елге арда тұғыр.

Көгершіні іспеттес жүрегімнің,

Ұшақтары тынбайтын Алматы – бұл!

Кəріге қуат сыйлап, жасқа сабыр,

Көрігі – көрер жанға əфсана бір.


7

Жəлел ШАЛҚАР. «Тұрсаң-дағы тоқсаныншы қабатта,

 

 

 

Арың биік болмаса егер түк емес...» 

Мұқаңның мұңы сіңіп көшесіне,

Төлегенін тербеген бас қала – бұл!

Алыстардан шертетін пəк дала сыр,

Махаббаттан маңғырған маңға дабыр. 

Арсыздардың зарынан заһар жұтып,

Пəктігінен айырылған жас қала – бұл!

Қатар қонып қойнына бақ нала бір,

Сел сезіммен серттесіп ақ-қара кіл.

Қайратын қайта беріп қара жерге,

Заманбегін жоқтаған тас қала – бұл!

Ежелден ерсі болмай баспана жыр,

Жай отынын жарқылы – Һаққа жəбір.

Жұматайын жылатып жас балаша,

Қасымдарын қаңғытқан астана – бұл!

Жасындарын қаңғытқан астана – бұл!

Жүрегім, жылай көрмеші,

Тау көңілімді жауыр ғып.

Қара өлеңімнің пернесі –

Тамырымдағы тəуірлік, 

Қабағымдағы ауырлық.

Далам бар иен ғаламдай,

Сол қалпым мен де өтермін.

Өмірден опа таба алмай,

Өлең боп елге жетермін.

Не дейді мынау жарқын күн,

Қай жолға бізді бастайды ол?

Тырысып жүрген əркімнің

Қас-қабағынан сақтай гөр...

Тоғызыншы қабат

«Іздегем жоқ тоғызыншы қабатты,

Көтерілу, түсу, – дейсің, – тым биік».

Сол биікте тағы бір таң атты,

Парағымның бос тұрғаны – шын күйік.

Түсіне алман биіктікті өзгеше,

О, Жаратқан, сабырыма тіреу бер.

Кейбіреулер биік мансап көздесе,

«Байлық» дейді биіктікті біреулер.

Ондай биік армандаған емеспін,

Бұл сырымды Ием ғана біледі.

Биіктікпен қиялымда кеңестім,

Өйткені ойым биікте өмір сүреді.

Жаным менің – сол биіктік тұғыры,

Төмендеуге хақым да жоқ себебі.

Қара өлеңнің ұзақ болса ғұмыры,

Өмірімнің босқа өтпеді дегені.

Шайыр отыр қарай алмай шарапқа,

Күлтөбеде күнде болып кіл кеңес.

Тұрсаң-дағы тоқсаныншы қабатта,

Арың биік болмаса егер түк емес...

Қас пен қабақ

Толғанып тағы жатырмын,

Жер менен көкке қарашы.

Осы бір алаң – ақынның

Қас-қабағының арасы.

Ерлердің күнін қор демен,

Епшілдің мынау заманы.

Түрлі-түсті əлем, ол деген –

Арудың қасы, қабағы.

Менің де жаным ортайған,

Оның да солғын жанары.

Тағдырдың соры маңдайдан.

Қабаққа сырғып барады.


8

ЖАУЫНГЕР 

АҚЫН

Қазақ 


халқының 

бастан 


кешкен  

касіреттері  мен  қиындықтарын,  өлшеусіз 

ақындық  өнерімен  қағазға  түсірген  дарынды 

ақындардың  бірі -  Сырбай  Мəуленов.  Оның 

жастық  шағы,  бозбала  кезеңі  бүкіл  халықтың 

басына түскен ауыртпалық – сұрапыл соғыспен 

тұспа-тұс келді.

Қазақ 


поэзиясына 

нағыз 


сыршыл 

сезімді,  шынайы,  көркем  бейнелі  өлең  үлгісін 

əкелгендердің 

жуан 


ортасында 

Сырбай 


ақынның  орны  өзгеше.  Қан  майданда  қар  жа-

станып,  мұз  төсендірген  соғыстың  қайғы-

қасіретін,  өмір  мен  өлім  айқасын  өз  көзімен 

көруі,  көңілге  түюі – ақын  жырларының  ая-

сын  кеңейтіп,  көрген-білгенін  ойында  терең 

қорытып,  тіршілік  философиясына  айналды-

руына себепші болғаны анық. Сұм соғыста бір 

қолын жоғалтып, жаралы болып қайтса да ақын 

58  кітап  жазған  екен.  Тəні  ғана  емес,  жаны  да 

мүгедек болып келсе де мөлдір сезімді жастық 

отынан, жан сұлулығынан ажырамаған. Əсіресе, 

соғыс тақырыбында жан сарайыңды өртеп өтер 

өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды. 

Бұл  тақырыптағы  қазақ  поэзиясының  ал-

тын  қорын  байытқан  «Түбірлер», «Соғыстан 

қайтқан  солдаттар»  өлеңдерін  ауызға  алсақ 

та  жетіп  жатыр.  Қасиет  пен  киеге  суарылған 

мұндай  өлеңдер  ақынның  жыр  кітаптарында 

молынан ұшырасады.

Сырбай  лирикасының  сырлы  əлемімен 

тыныстап, өмір сүрген өлең сүйер қауым жарқыл 

қаққан  найзағайдай  жалынды  жырлардың 

жаңғырығын  əлі  күнге  дейін  естен  шығармай 

жадында сақтап келеді.

Жастық шағының елеулі бір кезеңін ұрыс 

даласында өткізген майдангер ақын жүрегінің 

лүпілі  ақ  қағазға  түсірілген  өлең  жолдары-

на  айналуы  табиғи  құбылыс.  Бүкіл  адамзатқа 

зардап  шектірген  бұл  соғыс  кезеңіне  арналған 

С.Мəуленов өлеңдерін оқып отырып толғанасың, 

күйінесің, күрсінесің. Сырбай Мəуленовтің по-

эзиясы соғыс құрбандарына мəңгі тұрғызылған 

ескерткіш  тəрізді.  Сырағаңның  өлеңдері 

сондықтан көздің ұясынан жаңа шығып, жерге 

тамбай мəңгі қалған көз жасының бір түйір там-

шысы  сияқты  əсер  қалдырады.  Сол  соғыстың 

Кґѕіл пернесі 

Арайлым ТӨЛЕУХАНОВА 

Ы.Алтынсарин  атындағы  Арқалық 

мемлекеттік  педагогикалық  институты 

«Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығының 

3-курс студенті


9

Арайлым ТӨЛЕУХАНОВА. «Жауынгер ақын»

алдында  ол  Қостанай  өңіріндегі  боздала – 

«Жаркөл»  стансасынан  Отан  алдындағы  бо-

рышты  міндетін  атқару  үшін  əскерге  алынып, 

Дондағы  Ростовтан  бір-ақ  шыққан  болатын. 

Сол  кездің  өзінде-ақ  болашақ  ақынның  жыр 

жолдары жас жүрегінде ұшқын ата бастап еді:

– Он сегізде əскермін,

Ростовта келемін.

Күздің желі ұшырған,

Жаздың жасыл желегін.

Көзден ұшты кешегі,

Аққу сынды айқай жаз.

Донда толқын көшеді,

Сол толқынға айтам наз.

Бұл – 1940 жылдың  қазан  айында 

Дондағы Ростовта жазылған өлең.Ақынның өзі 

айтқандай, «болаттай шыныққан» бозбала Отан 

алдындағы  міндетті  əскери  борышын  абы-

ройлы  атқарып  елге  оралған  бетте,  жайнаған 

жаз айында ойда-жоқта сұрапыл соғыстың от-

алауы бұрқ ете қалады.

Міне,  осы  сəттен  бастап,  бейбіт  өмірдің 

бей-жай  күйін,  алаңсыз  кескін-келбетін  кесте-

леп, өз өлеңіне арқау етіп жүрген жас ақынның 

жырлары  туған  елден  қан  майданға  аттанған 

алғашқы  сəттен  бастап-ақ,  мүлде  бөлек  күй 

кешіп, ерекше бұлқынысқа ие болады.

....Қалды артта туған үй,

Қара түн жасырып.

Дауыл боп тула күй,

Жарқыра жас үміт.

Мен енді жауынгер,

Қатерге буған бел.

Батысқа жол тарттым,

Сен үшін, туған ел.

Бұл – 1942 жылдың  қоңыр  күзінде, 

«Жаркөл»  стансасынан  қан  майданға  аттанып 

бара  жатқанда  жазылған  жыр.Алғашқы  адым-

нан бастап мазасыз күй кешіп, тұтана бастаған 

жырдың  алау-оты  бара-бара  ақ  жалынға  айна-

лып, көңілінің көгінде тынымсыз найзағай ой-

нап жатты.Барған бетте от пен оқтың ортасынан 

бір-ақ шығып, қан майданға қапысыз араласып 

кеткен  ақынның  бұдан  былайғы  жырларының 

бəрі де жалынды, дабылды, зеңбіректің үніндей 

ызалы да ызғарлы.

Қып-қызыл боп тұтылып,

Бұлтқа кірді азалы ай.

Қара аспанда қанжардай,

Жарқылдады найзағай!

Осыдан  бастап,  өмірінің  соңына  дейін 

Сырбай  өлеңдері  қызыл  шоқтай  жанып,  алау-

дай  жалындап,  үзілмес  жырға,  сөнбес  нұрға 

айналды. «Жаркөлден»  жол  тартқан  эшелон 

оны Волхов майданынан бір-ақ шығарды. Осы 

сəттен  бастап,  ақын  назарына  Волхов  даласы-

мен біте қайнасып, қан майданның қатал суреті, 

қаһарлы  бейнесі  бір  сəт  қағыс  қалған  емес. 

Көзі  көрген  оқиға – көңіл-күй  сезімдері  жан 

түкпірінде  шиыршық  атып,  от-жалынмен  ара-

ласып,  өлең  болып  өріліп,  жыр  болып  төгіліп 

жатты.

Шаршаған жол батып,



Волховтың батпағында.

Жатыр бие толғатып,

Зеңбіректің арт жағында.

Фугас бомбасы,

Жерді өртеген қиын күнде,

Тіршілік жолдасы

Бүлкілдейді биенің бүйірінде.

Адамдай жапа шегіп құса-мұңнан

Сəби бір үн сағынған.

Жалын тарап, көзіне үнсіз қарап,

Солдат оның сипайды құрсағынан.

Шашыраған көк жалынан бүркіп темір,

Орманның іші үрейлі.

Ал оттың ортасында –

Шіркін өмір,

Құлын боп кісінейді!

Мұндай  мұңлы  сурет,  талайлы  тағдыр 

қайталанбайды. Бұған дейін адамзат баласының 

басынан сұмдық-сұрапыл, сойқанды соғыстың 

сан  түрі  жүректі  тітіркенткен  шығар.  Бұл 

кешегі  өткен  сұрапыл  соғыстағы  шынайы 

құбылыс – қатал көрініс. Бұл Сырбай сынды хас 

таланттың  ғана  қолынан  келетін,  қаламынан 

туатын  сирек  сурет.  Бас-аяғы  төрт  шумақтан 



10

тұратын  қысқа  өлеңінің  өн  бойынан  сұрапыл 

соғыстың ызғарлы лебі, шиыршық атқан ақын 

жүрегі, «құлын  боп  кісінеген»  қу  тіршіліктің 

қатал  реңі  тал  бойыңды  тітіркендіріп  жіберері 

хақ.Осы сұрапыл соғысқа қалам ұстаған талай 

ақын қатысып, қан кешіп, жан берді. Артында 

соғыс  тақырыбын  соқталаған  қанша  қазына 

жыр  қалды.  Соның  бəрін  көңіл  сүзгісінен 

өткізсең  дəл  осы  Сырбай  сомдаған  сұрапыл 

көрініс  еш  ақынның  қаламына  ілікпеген  екен. 

Өлеңдегі сұмдық оқиғаны көз алдыңнан өткізе 

бере,  соңынан  шырқыраған  құлын  дауысы 

құлағыңнан  кетпей,  толғатқан  биедей  мең-зең 

күй кешесің. Бұл ақын табысы, ақын шеберлігі, 

нағыз ақынның қайталанбас қолтаңбасы!

Мың қолдар сау болсын деп,

Мен бір қолымды бердім.

Мың жолдар жалғансын деп,

Мен бір жолымды бердім,– деп тебіренген 

ақын  қан  майданнан  жаралы  болып,  соғыстан 

қайтқан солдаттарды өз көзімен көрді. Енді сол 

оқиға соғыстан соңғы жаздың, соғыстан соңғы 

жайсаң жылдардың жалынды жыршысына ай-

налды.

Жаутаңдап қарап дала тұр,



Көз жасын сүртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға

Жолыңды тосып ана жүр.

Кетерде солдат жарының

Ішінде қалған ана жыл.

Көкемді айтпай танырмын,

Деп бір сəби бала жүр.

Қайрылмай қалай кетесің.

Хабарсыз қалай ол тоқтар.

Көрдің бе оның көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар!

Ащы  зар,  зəрлі  запыран,  ызалы  үн, 

ызғарлы үкім. Осының бəрі – бес шумақ өлеңнің 

өн бойына сыйып тұр. 

Соғыстан соң Сырбай ауа, күн, жел, тау, 

тас, өзен-көл – жалпы, туған табиғат туралы көп 

толғанып,  поэзия  əлеміне  парасатты,  көрікті 

қолтумалар ұсынды.

Поэзия  саласына  тұтас  бір  майдан  сары-

нын алып келген даладай дархан дарынды ақын 

Сырбай Мəуленов кезеңі өлең өлкесінде өшпес із 

қалдырды. Қырқыншы жылдардан бастау алған 

майдан тақырыбы елуінші жылдардағы Хрущев 

кезеңіндегі «жылымықта» тізгін жіберіп, Абай, 

Мағжанның  сыршыл  поэзиясы  ұлт  əдебиетіне 

сыналап  кіре  бастады.  Тың  серпінді,  ойлы 

философиялық  өлеңдер  оқырмандар  жүрегіне 

жол  тартты.  Əдебиетте  Қасым  поэзиясымен 

қоса, солардың соңын ала Сырбайдың сыршыл 

лирикалары өз өрнегін тапты. 

Сырбай қазақ жерінің қай түкпірін жыр-

ласа  да  одан  бір  ерекше  сыр  тауып,  құдірет 

күйін  шертіп,  оқушыға  ой  салады,  өміріне 

бағыт, көңіліне шабыт сыйлайды. 



 *«Үркер»*№112015

Айтулылар айтқан сөз

Әрбір адам шенеунік болуы мүмкін. 

Бірақ,  әрбір  шенеунік  қазақ  бола  алмайды.                                                                  

Міржақып ДУЛАТОВ



11

Ґнер – ґмір 

«Айгүл» - Қазақ мемлекеттік қыздар пе-

дагогика  институтының  жанынан  құрылған 

вокалды-аспаптық халық ансамблі. 1968 жылы 

вокалды-аспаптық  квартет  түрінде  құрылған. 

1959  жылы  Қыздар  институтында  музыка 

факультеті  ашылды.  Ал 1968-1970 жылдары 

еліміздің  мəдени  өмірінде  елеулі  жаңалықтар 

болғаны  белгілі.  Көптеген  оқу  орындарын-

да  музыкалық  топтар  құрылып,  бұл  жаңалық 

Қыздар  университетіне  де  жетті.  Сонда 

өнерден  құралақан  емес  «ЖенПи»  студенттері 

«неге  бізге  де  музыкалық  топ  құрмасқа?»  деп 

толғаныпты.  Осылайша  «Айгүл»  вокалды-

инструменталдық тобы өмірге келді. Қазақстан 

жастарының 

жетекшісі 

болған 

Өзбекəлі 



Жəнібеков  ансамбль  репертуарымен  танысып, 

ЕЛ ЖАДЫНДАҒЫ 

«АЙГҮЛ» 


12

 *«Үркер»*№112015

алғашқы  квартетке  ат  қою  керек  екенін  алға 

тартады. Сол тұста бұл квартеттің орындауын-

да  «Алақай», «Сатушы  қыз», «Студенттердің 

қоштасу  əні»  сынды  Ескендір  Хасанғалиевтің 

жəне  Əсет  Бейсеуовтің  əндері  шырқалып 

жүрген еді. Осындай əсем əндерге көңілі толған 

Өзбекəлі  ағамыз  «өзі  айдай  жарқырап,  гүлдей 

жайнаса, нұр үстіне нұр болмас па?» деп өнер 

ұжымын  «Айгүл»  атандырған  екен.  Ансамбль 

5-наурыз күні Жамбыл атындағы филармонияда 

8-наурыз  мерекесіне  арналған  кеште  дебюттік 

концерт  қояды.  Сол  кеште  көрермендерге  та-

маша  концерт  ұсынған  квартетті  халық  жылы 

қабылдайды. Сонымен 1968 жылдың 8-наурызы 

«Айгүл» ансамблінің дүниеге келген күні болып, 

тарих  беттеріне  алтын  əріптермен  жазылды. 

Кейіннен Марат Хамитұлының жетекшілігімен 

«Айгүл»  вокалдық-аспаптық  ансамблі  болып 

қайта  жанданды.  Репертуарынан  қазақтың 

халық əндері, басқа ұлттардың əн-билері орын 

алды. 1975 жылы  «Айгүлге»  халық  ансамблі 

құрметті  атағы  берілді. «Айгүл»  гастрольдік 

сапармен  бұрынғы  одақтас  республикаларды, 

шет  елдерден  Польшаны (1970), Югославияны 

(1973), Моңғолияны (1977), Германияны (1978), 

Францияны (1972) жəне  Жапонияны (1976) 

аралады. «Айгүл»  Лейпциг  қаласында  өткен 

Халықаралық  жəрмеңкеге (1979), 22-Олим-

пиада  ойындарының (1980, Мəскеу  қ.)  мəдени 

бағдарламасына,  Конго  халық  республикасын-

да  өткен  Қазақстан  күндеріне (1982) қатысты. 

Қазақстан  Комсомол  сыйлығының  лауреаты 

(1978).  Əр  жылдары  ансамбльдің  көркемдік 

жетекшілері  М.Балтабаев,  Ж.Тұяқбаевтар  бол-

ды.  Репертуарларында  қазақтың  халық  əндері, 

басқа этностардың əн билері болды. Кезінде ан-

самбль гастрольдік сапармен бұрынғы одақтас 

республикаларды да аралады. 

Бүгінде  «Айгүл»  ансамблін  білмейтін 

адам  кемде-кем. «Тек  қана  қыздар»  деп 

əн  шырқайтын  гүлдей  жайнаған  көркем 

қыздардың  бейнесі  «Айгүлдің»  аты  атал-

са  болды  көз  алдымызға  келері  анық.  Өткен 

жылы  Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық  университетінің 70 жылдық 

мерейтойына  тартуы  ретінде  білім  ошағының 

«Айгүл» 


вокалды-аспаптық 

ансамблінің 

«Қазақтың  ару  қыздары»  атты  əн  жинағы 

жарық  көрді.  Оған  ансамбль  репертуарындағы 

қазақ  композиторларының 9 əні  кірген.  Олар: 

«Қазақтың  ару  қыздары» (əні:  А.Бексұлтан, 

сөзі:  И.Иса), «Үшқоңыр» (əні:  А.Қоразбаев, 

сөзі:  Н.Назарбаев), «Тек  қана  қыздар» (əні: 

М.Балтабаев,  сөзі:  Т.Молдағалиев), «Ардақты 

Ұстаз» (əні:  Г.Өмірбаева,  сөзі:  С.Тойлыбаев), 

«Толағай» (əні  мен  сөзі  І.Жақанов), «Су  тасу-

шы  қыз» (əні:  Б.Байқадамов,  сөзі:  Н.Шəкенов), 

«Жетісу» (сөзі: Н.Əлімқұлов, əні: С. Кəрімбаев), 

«Өз елім» (əні: Н.Тілендиев, сөзі: Қ.Мырзалиев) 

əндерімен  қатар,  Нұртуғанның  «Қанеки,  тілім 

сөйлеші» атты термесі.

Осы  сəттен  «Айгүлдің»  шығармашылық 

шарықтауы мен жер-жерге гастрольдері бастал-

ды.  Осы  уақытта  елімізде  жаңадан  ансамбль-

дер  пайда  болды. «Дос-Мұқасан», «Гүлдер», 

Қызылордада  «Сыр  сұлуы», «Нұргүл»,  Орал-


13

да «Жайық қызы», «Қара көз», Талдықорғанда 

«Жетісу», Жамбылда «Алатау» жəне тағы басқа 

мысалдарды  көптеп  келтіруге  болады.  Бүгінде 

ансамбльдің  алғашқы  мүшелері  Сақыпжамал 

Ұзақбаева  –педагогика  ғылымдарының  докто-

ры,  профессор,  Галина  Қарамолдаева,  Ағайша 

Исағұлова – профессор,  əнші-композитор, 

Дина  Ерғалиева,  Гүлнəр  Бегалиева,  Меңсұлу 

Ысқақова – ғылым кандидаттары. Ал Марфуға 

Жүнісова – халыққа  білім  беру  саласының 

үздігі. Ең бастысы, əрқайсысы ардақты ана, ая-

улы  жар  болу  бақытынан  да  құр  қалған  жоқ. 

«Айгүлдің» құрамы əр төрт жыл сайын ауысып 

отырады. Алдыңғылар соңына ізбасарлар дай-

ындайды. 

-Болашақ  ұстаз,  жар,  ана  болғандықтан 

да  қыздар  оқу  бітірген  соң  тұрмысқа  шығады. 

Жұмыс  бабымен  жан-жаққа  тарап  кетеді  ғой. 

Сондықтан  да  жаңа  құрамды  жасақтап  алу 

да  оңай  шаруа  емес.  Мəселен,  биылғы  оқу 

жылының  басында  кастинг  жариялап,  топ-

топ өнерпаздардың ішінен 7 қызды таңдап ал-

дым. Ал, ректорымыз Динар Нөкетаева оларға 

қазақы оюлармен безендірілген үш түрлі киімді 

арнайы  тапсырыспен  тіктіріп  берді.  Сондай-ақ 

институттың  тəрбие  ісі  жөніндегі  проректоры 

Зəуреш  Қуандыққызының  тікелей  қамқорлық 

сипаттағы  араласуымен  ансамбльге  қажетті 

жаңа  аппаратуралар,  микрофондар  алдық. 

Дəл  қазір  бір  ғана  қиыншылық  бар,  ол – ка-

бинет  мəселесі.  Бізге  берілген  №309  бөлмеде 

кейде  сабақ  болып  жатады,-дейді  ансамбльдің 

көркемдік жетекшісі Ибрагим Дəрібаев. 

Айтса  айтқандай,  біз  барған  дүйсенбілік 

кеште  де  бөлме  босамағандықтан  репетиция 

біраз кешеуілдеп басталған еді.  Сабақтарынан 

кейін  тамақтарын  ішіп,  əр  жатахқанадан  кел-

ген  қыздар  бірден  бөлме  бұрышында  жина-

лып,  жабулы  тұрған  аспаптарын  қолдарына 

алды. Өз орындарына жайғасып алған соң ғана 

музыкалық  құрылғылардың  құлақ  күйлері 

келтіріліп, сиқырлы əуен біртіндеп қалықтай ба-

стады. Алдымен бірнеше эстрадалық əндерден 

жинақталған  папури  орындалды.  Сəлден  соң 

Дəрібаевтар  ансамблінің  репертуарындағы 

«Сендерге  əрдайым  орын  бар»  дейтін  əн 

құйқылжыды. Алма-кезек əсем əуендер біразға 

дейін  шарықтап  барып  сəл  үзіліс  жарияланған 

тұста қыздармен жеке-жеке танысуға мүмкіндік 

туды. Олардың барлығы дерлік оңтүстік өңірдің 

перзенттері екен. Клавиште отыратын Мəдина 

Сеңгербекова  жəне  гитарада  ойнайтын  Назер-

ке  Боранбай  мен  Меруерт  Құрақбайлар  Өнер 

жəне  мəдениет  факультетінің  мəдени  тынығу 

жұмысын ұйымдастыру мамандығының бірінші 

курс студенттері болып шықты. Бас гитарадағы 

Ақерке  Сайлыбай  мен  домбырада  ойнайтын 

Маржан  Ұзақ  жоғарыда  аталған  факультеттің 

музыкалық  білім  беру  мамандығы  бойынша 

дəріс алуда. Ал, барабаншы Лəззат Ақмырзаева 

институттың  педагогика  жəне  психология 

факультетінде  оқиды.  Жеке  дауыстағы  əнші 

Сымбат Абдали болса қазақ əдебиеті жəне əлем 

тілдері  факультетінде  ағылшын  тілін  игеруге 

талаптануда.  Негізгі  оқуларынан  тыс,  қолдары 

босаған  кезде  қыздар  түрлі  мəдени  шараларға 

қатысу үшін өнерлерін шыңдайды. Бір ғажабы 

қыздардың  бəрі  шеттерінен  əнші.  Сондай-ақ 

бүгінгі топ құрамындағы қыздардың аспаптар-

ды меңгеру шеберлігі де, айтар əндері мен киім 

кию  үлгілері  де  қазіргі  заманға  сай.  Бүгінгі 

таңда  «Айгүл»  вокалды-аспаптық  ансамблінің 

жаңа  құрамы  халықтың  ықыласына  бөлену 

үшін жəне халықаралық деңгейде өнер көрсету 

үшін талаптануда.  

Олай болса, өз өнерімен əнсүйер қауымның 

ғана  емес,  тіпті  шетел  жұртшылығының  да  əу 

бастан  көзайымына  айналған  «Айгүл»  халық 

ансамблінің өнеріне біз де кең өріс тілейміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет