623 бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі 1. Мемлекеттік баж төленеді:
…
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтіру және түзетулер енгізгені үшін, сондай – ақ анықтамалар мен қайталама куәліктер бергені үшін-олар берілген кезде; …
623 бап. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі 1. Мемлекеттік баж төленеді :
…
3) алынып тасталсын ; …
Қазіргі уақытта азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функцияларды "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) беру мәселесі пысықталуда. Мемлекеттік корпорация өз табысы есебінен өз функцияларын жүзеге асыратын өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылатындықтан, азаматтық хал актілерін тіркегені үшін бағалар прейскурантын уәкілетті орган белгілейді.
Бұл түзетулер"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында бар.
631 бап
631 бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасау ерекшеліктері 1. Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация осы Кодекстің 630-бабының 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бар екендігі туралы ақпаратты көрсетуіне арналған :
…
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік :
…
бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
…
4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде басқа мүлік көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі Мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.