612-бап. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады: 1) неке қиюды тіркегені үшін-1 АЕК; 2) некені бұзуды тіркегені үшін: кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша-2 АЕК; белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде-0,1 АЕК; 3) тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстыруды тіркегені үшін – 2 АЕК; 4) әке болуды анықтауға және бала асырап алуға, азаматтық хал актілерінің жазбаларын түзетуге және қалпына келтіруге байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға байланысты куәліктер бергені үшін-0,5 АЕК; 5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер бергені үшін – 1 АЕК; 6) шетел азаматтары ұл (қыз) асырап алған кезде дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені немесе тууды мемлекеттік тіркегені үшін – 2 АЕК; 7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін-0,3 АЕК; 8) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 0,5 АЕК; 9) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК.
Алып тасталсын.
Қазіргі уақытта азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функцияларды "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) беру мәселесі пысықталуда.
Мемлекеттік корпорация өз табысы есебінен өз функцияларын жүзеге асыратын өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылатындықтан, азаматтық хал актілерін тіркегені үшін бағалар прейскурантын уәкілетті орган белгілейтін болады.
Бұл түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасында.
615 бап
615 бап. Өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері
Өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
…
3) бергені үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі-8 АЕК;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлік-0,2 АЕК;