8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты
Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салықтық төлемдерді азайту мақсатында өзінің заңсыз әрекеттерінен пайда табуына жол берілмейді.
Егер салық төлеуші (салық агенті) нақты кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметке жатпайтын іс-әрекеттер нәтижесінде алған болса, салықтық пайда да негізсіз болып табылады.
2-1. Жоқ.
2-2. Жоқ.
2-3. Жоқ.
|
8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асырудағы адалдығы көзделеді.
2. Егер салық органдары өзгеше белгілемесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салық заңнамасында белгіленген тәсілдерді (салықтық жеңілдіктерді, салықтық шегерімдерді, төмендетілген салықтық мөлшерлемелерді және өзге де тәсілдерді қолдану) қолдану арқылы салық төлемдерін азайтудың өз нәтижесі бар іс – әрекеттері экономикалық жағынан ақталған (бұдан әрі - негізделген салықтық пайда), ал салық декларациялары мен бухгалтерлік есептіліктегі мәліметтер-дұрыс деп болжанады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) заңсыз әрекеттер жасау арқылы пайда алуы (бұдан әрі – негізсіз салықтық пайда) мақсатында салық төлемдерін азайтуға жол берілмейді.
Егер салық төлеуші (салық агенті) нақты кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметке жатпайтын іс-әрекеттер нәтижесінде алған болса, салықтық пайда да негізсіз болып табылады.
2-1. Салықтық пайданың негізсіздігі туралы мына мән-жайлардың бірінің бар екендігі туралы дәлелдемелермен расталған дәлелдер куәландыруы мүмкін:
1) тауарларды өндіру және (немесе) беру, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету үшін экономикалық қажетті мүлікті немесе материалдық ресурстардың көлемін, уақытын, орналасқан жерін ескере отырып, операцияларды нақты жүзеге асырудың мүмкін еместігі;
2) жеткілікті еңбек ресурстарының, негізгі құралдардың, өндірістік активтердің, қойма үй-жайларының, көлік құралдарының және өзге де ресурстардың болмауына байланысты тиісті экономикалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті жағдайлардың болмауы;
3) салық салу мақсаттары үшін, егер қызметтің осы түрі үшін өзге де шаруашылық операцияларын жасау және есепке алу талап етілсе, салықтық пайданың туындауымен тікелей байланысты шаруашылық операцияларын ғана есепке алу;
|
Достарыңызбен бөлісу: |