Статья 18. Салық органдары, олардың міндеттері мен жүйесі
…
1-1. Жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салық органдары өз құзыреті шегінде салық органдары қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді.
2014 жылы Қазақстан Республикасының үш мемлекеттік органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) біріктірілді. Жоғарыда көрсетілген кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін Комитеттің оқу-әдістемелік орталығының базасында кеден және салық органдары ретінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері оқытудан өтуде. Бұдан басқа, салықтық әкімшілендіру бойынша оқытуды жүргізу біліктілікті арттыру, жақын және алыс шетелдердің салық қызметтерімен салықтық әкімшілендіру бөлігінде тәжірибе алмасу мақсатында қажет. 2019 жылғы 18 сәуірде Қытай Халық Республикасының Учжэнь қаласында қол қойылған «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде «салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастық тетігін құру туралы» өзара түсіністік туралы меморандум.
Сонымен қатар, оқытуды жүргізу «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген. Дегенмен, оқыту тек қана
кеден органдарының қызметкерлерін.
Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде осыған ұқсас түзетуді көздеу ұсынылады.
Статья 19. Салық органдарының құқықтары мен міндеттері
1. Салық органдары құқылы:
…
4-1) өзіне қатысты салықтық тексеру және (немесе) камералдық бақылау жүргізілетін салық төлеушіден (салық агентінен), оны берушілерден және өзге де тұлғалардан табыс етуді талап етуге құқылы: