Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет49/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136
248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе:

2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған;


248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе:

2) заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға тауарлар өткізуге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған;


Борышкер-жеке тұлға банкрот деп танылған жағдайда талапты күмәнді деп тану мүмкіндігі мақсатында.


250-бап

250-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерім

2. Банктердің бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бас банктің күмәндi немесе үмiтсiз активтерін сатып алу үшін осындай бас банк еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасы шегерiмге жатады.
Банктер бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алу үшін еншiлес ұйымдарға берген активтерді күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктер еншiлес ұйымдарға берген активтерге қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


Банктер екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет