Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет59/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   136
Байланысты:
!

1-1. Жоқ.


317 бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (бұдан әрі – резидент жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, 36-тараудың 1-параграфында, 38-тарауда және 657-бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
1-1. Төлем көзінен, бірыңғай төлемді төлеушіден салық салуға жататын табыстар бойынша жалақыдан жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.








319-бап

319 бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі
...
2. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) жұмысы жолда өтетін, жүріп - тұру сипаты бар, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жағдайларда қызметкерлерге-осындай жұмыстың әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемдерді есептеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде өтемақы төлемдері;


10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім кию және (немесе) онымен қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда жұмыскерге берілген нысанды киімнің құны;


23) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит), оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі, осындай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) берілгеннен кейін туындаған мынадай жағдайларда кіріс:
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қарыз алушы жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылды немесе заңды күшіне енген сот шешімі негізінде ол қайтыс болды деп жарияланды;
қарыз алушы жеке тұлғаға І немесе ІІ топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда "міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғада және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөніндегі шаралар болмаған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы қабылдаған нәтижелер нәтижесіз болды;
Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Заңына сәйкес кепілге берілген мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредит (микрокредит) сомасына негізгі міндеттеме сомасынан немесе осындай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өту сомасынан төмен баға бойынша соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасалған күнгі негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлікті сату.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері кредит (қарыз, микрокредит)бойынша міндеттемелерді тоқтатуға қолданылмайды:
Банктің (микроқаржы ұйымының) қызметкеріне, банк (микроқаржы ұйымы) қызметкерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, Банктің (микроқаржы ұйымының)өзара байланысты тарапына берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген;
24) банк (микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде пайда болған кіріс:

негізгі қарызды кешіру;


сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл)бойынша берешекті кешіру;
банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды осындай тұлға үшін төлеуі нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс;

35) эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін төлем карточкасын ұстаушының шотына эмитент банк есептейтін сома;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет