289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу ... 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның мына кірістері жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады: мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс; депозиттер бойынша сыйақы; кiру жарналары және мүшелiк жарналар; көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жарналары; депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi; өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік. Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жарналары деп танылады: көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жабуға бағытталған міндетті шығыстары; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинауға бағытталған пәтер иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының міндетті шығыстары; көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің нысаналы жарналарды төлеуге арналған шығыстары; көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға ақы төлеуді өткізіп алған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есепке жазылған өсімпұл. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері және оларды көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің төлеу тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысында бекітіледі. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы тармақта көзделген жылдық жиынтық кірістен алып тастау жүргізілмейді.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 32-бабының 7-тармағына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иелері өзіне тиесілі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 0,005 еселенген мөлшерінде ақшаны жинақ шотына ай сайын аударуға міндетті. Осы жарналар,күрделі жөндеуге қарастырылған міндетті сипатқа ие. Осыған байланысты кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жабуға бағытталған пәтер иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының міндетті жарналарының жиынтық жылдық табысынан алып тастауға жататын сияқты күрделі жөндеуге арналған жарналарды жиынтық жылдық табыстан алып тастау қажет деп санаймыз.