Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата13.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4009
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

14-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
      151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
                Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге
                әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
      1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс 
жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын
                Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге
                жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу
      Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан жөнелту үшiн 
қабылдау қағидаларын пошта ұйымдарының, темiржол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiгi 
қызметкерлері жасаған бұзушылық –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
      Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, 
ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн 
тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, 
егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтiрiлген залал сомасының, алынған 
кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының – 
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпелер.
      1. Осы Кодекстiң 
 және 
 азаматқа бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен 
153
155-баптарында
аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк 
көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал – iрi залал деп танылады.
      2. Осы Кодекстiң 
 және 
 сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен 
153
155-баптарында
аспайтын кіріс – iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
      3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны – едәуiр 
мөлшер деп танылады.
      154-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында
                кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу
                белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы
      Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу 
белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы –
      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық 
бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене 
отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      155-бап. Заңсыз банктік қызмет
      Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс алумен 
ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi
болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте 

қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – келтірілген залал сомасының, заңсыз 
қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі
кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы
                заңнамасының талаптарын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы 
 талаптарын:
заңнамасының
      1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау
және көпшiлiкке демонстрациялау;
      2) көрермендерді фильм көрерменінің жас шегі (индексі) туралы белгiленген тәртіппен 
хабардар етпеу;
      3) «Е 18» және «НА» индекстері бар фильмдерді кинозалдарда және осы мақсаттарға арналған 
өзге де орындарда және телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) прокаттау және 
көпшілікке демонстрациялау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
      4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібін және шарттарын сақтамау; 
      5) ұлттық кітапханаларға басылымның міндетті тегін данасын ұсынбау түрінде жасалған 
бұзушылық –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі 
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      157-бап. Көрiнеу жалған жарнама
      Пайдакүнемдiк пиғылмен жасалған және iрi залал келтiрген, жарнама берушiнiң жарнамада 
тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, 
орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы –
      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға 
келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын 
сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.
      158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін,
                тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
                атауды заңсыз пайдалану
      Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын 
немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге
дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, 
егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес 
тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас 
белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк 

субъектiлеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе.
      Осы бапқа сәйкес тәркіленген тауарлар, құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар 
түпнұсқа тауарларды немесе қоғамдық мүдделер үшін оларды айналымға енгізу қажет болатын 
жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 
 көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
795-бабында
      
Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 
№ 365-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      159-бап. Монополистік қызмет
      1. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының 
 тыйым салынған 
Кәсіпкерлік кодексінде
бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет 
белгiлерi болмаса, -
      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған 
монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (
түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      2. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының 
 тыйым салынған 
Кәсіпкерлік кодексінде
бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттерi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын 
iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған 
монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (
түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      3. Нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының 
 тыйым салынған 
Кәсіпкерлік кодексінде
өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық 
жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған 
монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (
түсiмнiң) – үш, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      монополистiк қызметтi бiр жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асыру нәтижесiнде алынған 
монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (
түсiмнiң) – бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      5. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн нарық
субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының 
 тыйым салынған бәсекелестiкке 
Кәсіпкерлік кодексінде
қарсы келiсiмдерiнiң кез келген нысанына әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп 
соқтырған үйлестiруi -
      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл 
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.
      Бәсекелестікке қарсы келiсiм немесе бәсекелестiкке қарсы келiсiлген әрекеттер түрiндегi 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған нарық субъектісі мынадай шарттарды жиынтықты сақтаған:
      1) нарық субъектiсi монополияға қарсы органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе 
бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер туралы мәлiмдеген кезде монополияға қарсы орган басқа 
көздерден осы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер 
туралы ақпарат алмаған;
      2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге немесе бәсекелестікке қарсы 
келiсiлген әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату жөнiнде шұғыл шаралар қолданған;
      3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден бастап бүкiл тергеу бойында бәсекелестiкке қарсы 
келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы келiсiлген әрекеттер фактiлерi туралы толық ақпаратты 
хабарлаған;
      4) нарық субъектiсiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе бәсекелестікке қарсы 
келiсiлген әрекеттердi жасау салдарынан тұтынушыларға келтiрiлген залалды ерiктi түрде өтейтін 
кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
      
Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 
№ 312-V
  (алғашқы ресми жарияланған 
 
 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.10.2015
№ 376-V
(
 
 
 
01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
      160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия
                туралы заңнамасын бұзу
      1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия 
туралы 
 белгiленген шектеулердi сақтамауы – 
заңнамасында
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген тұлғаның 
жүзеге асыруы – 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе 
онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      161-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану
                кезiндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi
      1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық 
субъектiлерiнің мұндай келісімді алмастан экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға 
қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз 
болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы –
      жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, 
монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау –
      жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      162-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау.
                Ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелердi бұзу және
                үй-жайлар мен аумаққа кiруге кедергi жасау
      Нұсқаманы орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға 
белгiленген мерзiмдерде ақпарат бермеу не ақпаратты толық көлемде бермеу, монополияға қарсы 
органға анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның 
тергеп-тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарының үй-жайлар мен аумаққа кiруiне кедергi жасау –
      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз алпыс, 
ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      163-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың
                бәсекелестікке қарсы әрекеттерi, жосықсыз
                бәсекелестік
      1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi –
      лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. 
 –
Жосықсыз бәсекелестік
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, 
ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
                және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу
      1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін 
нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға 
 нысандардағы ақпаратты, 
белгіленген
есепті, хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны
белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз 
қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі 
жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті 
органға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы 
 белгіленген тәртіппен осы
заңнамада
қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар
субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) 
ұсынбауы –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз 

пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар 
салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпарат
, есеп, хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан 
Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген 
міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш 
жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (
әрекетсіздік) –
      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) 
он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи 
монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған 
кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
      
 
 
 
Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      165-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
      1. Электр энергиясын спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он 
пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда,
энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын 
тариф бойынша өткізуі (сатуы) –
      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) 
он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Электр энергиясының экспорты жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме 
және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға 
электр энергиясын өткізуі (сатуы) –
      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) 
сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан заңсыз алуы 
(сатып алуы) –
      заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) 
электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға 
заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып 
алуы) –
      заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген (сатылған), сол 
сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпелер.
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп:
      1) осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия
өндіруші ұйымның алған кірісі (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке 
тарифтері бойынша есептелген кіріс (түсім) арасындағы айырма;
      2) осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының 
электр энергетикасы туралы 
 белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым 
заңнамасында
салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық кіріс (түсім) түсініледі.
      2. Кіріс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құны да енгізілуі керек.

      166-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді
                бұзуы
      1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса
бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен 
қаржылық есептілік туралы 
 сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы 
заңнамасына
өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) 
көлемдері, кірістілік деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының 
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы 
 белгіленген мерзімде бермеуі
заңнамасында
сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге 
асыратын уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық 
бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың 
он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Реттелетін нарық субъектілерінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық
бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не 
тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес
алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған 
кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде 
алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін 
болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін 
төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған 
кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи монополиялар салаларындағы
және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты 
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында 
белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар 
салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған
баға деңгейіне дейін төмендетпеуі –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он 
пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпелер.
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) деп:
      1) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық 
бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі)
мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) 
арасындағы айырма;
      2) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің алған кірісі (
түсімі) мен шекті баға деңгейі негізге алына отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) 
арасындағы айырма;

      3) осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған кірісі (түсiмi)
мен көтерілгенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларындағы және
реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға 
бойынша есептелген кірістің (түсiмнің) арасындағы айырма түсiнiледi.
      2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама 
жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны да 
енгiзілуі керек.
      167-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу
                тәртібін сақтамауы
      Реттелетін нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін 
нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу тәртібін 
сақтамауы –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, 
ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      
Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 
№ 312-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      168-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық
                бағдарламаны орындамауы
      Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы 
басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы 
нұсқаманы орындамауы –
      тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында 
пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      169-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және
                айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын
                бұзу
      1. Биоотын өндірушілердің кейіннен 
 етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып 
биоотын
алуға арналған квота нормаларын асыруы –
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз 
қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      асырылған квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және 
биоотынды өндіру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның басқа 
түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымын 
жүргізу –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын 
өндіруді жүзеге асыруы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін есепке 
алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі –
      осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз 
он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз 
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе 
құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын бұлардың 
қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді жүргізбестен 
қабылдауы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей өткізуі –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды 
қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге 
лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды өткізуі – 
      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды 
экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау 
үшін беруі –
      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының 
қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ 
тұлғалардың биоотынды сақтауы –
      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, 
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      биоотынның тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет -
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі 
жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен
                жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
      1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе)
сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді 
ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынуы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы 
 белгіленген 
заңнамасында
газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы 
 белгіленген 
заңнамасында
тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз 
елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
      4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға 
артықшылықты құқығын бұзуы –
      заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың 
бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ 
меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі 
объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып 
алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы –
      заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен 
жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін 
сақтамауы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет –
      аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды 
тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бұзу – 
      аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
      9. Өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде көрінеу анық емес ақпарат 
беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ аккредиттеу туралы 
куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп 
соқтырған аккредиттеу қағидаларын бұзушылықтарды жоймау –

      аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік
құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы 
сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
      171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай
                өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай
                газын өткізудің шекті бағаларын асыру
      1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай 
өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы 
 сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы 
заңнамасына

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      2. Тауарлық газды немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын 
тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы 
 сәйкес 
заңнамасына
белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан 
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды 
тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз 
пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік
құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы 
сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
      172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
                туралы заңнамасын бұзу
      1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы 
 көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің 
заңнамасында
орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, анық немесе 
толық жарияламауы –
      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы 
 көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және 
заңнамасында
электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе 
толық ұсынбауы –
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың 
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған, 
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін 
жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

      орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың 
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы 
 көзделген жағдайларды
заңнамасында
қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді 
орындамауы –
      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске 
асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан 
бас тартуы – 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
      
Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      173-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз
                араласуы
      Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ 
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың 
қызметiне, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз 
тапсырмалар беру арқылы заңсыз араласуы -
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық
                ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен
                ұйымдастырушыларын параға сатып алу
      1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой 
спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық 
ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың 
немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу –
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет – 
      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы
қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда 
өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы –
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт 
жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық 
ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші

бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы,
мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу
                тәртібін бұзу
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
      1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
      2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
      3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталмауы;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің 
жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар 
мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
      5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта
объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру 
нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;
      6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін 
зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, 
сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, 
сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық
регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік
техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген 
нормадан асатын санда іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру 
жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
      8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыру;
      9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 
 
 2), 8), 9) және 10
144-бабы 3-тармағының
) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең 
ішінде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру 
жүргізу;
      10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды 
сипаттағы іс-шараларды жүргізу;
      11) жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
      12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау – 
      лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекет –
      лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
.
      
 
 
 
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет