әлемнің тілдікбейнесі - біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни
тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация
жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);
білім- бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде
субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет (В.А.Маслова);
ғалам бейнесі дегеніміз – адамның дүниетанымындағы субъектілік және объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени тарихи субстанцияның синтезі (Е.Ә.Керімбаев); ғалам бейнесі дүниенің біртұтас ғаламдық образы, ол адамның бүкіл рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады (Б.Тілеубердиев);
ғаламныңономастикалықбейнесі дегеніміз – ғалам туралы білімдердің
жиынтығы, тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибесі (Б.Тілеубердиев);
метафора - бір объектінің екінші объект арқылы көрінуі, соның негізінде
білімнің тілдік пішіннің көмегімен ұсынылуы; ол жекеленген байланыссыз объектілерге емес, күрделі ментальды кеңістіктерге (сезімтал немесе әлеуметтік тәжірибелерге негізделген салаларға) қатысы бар құбылыс