сөздіңмағынасы - ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстардың тілдегі сәулесі (Ә.Хасенов);
таным дегеніміз - адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы әсер етуші
күштермен байланыстыратын, оның қоршаған әлеммен тұтасқан болмысын сипаттауға мүмкіндік беретін және аралық қатынасты табиғи заңдылық ретінде немесе заттар мен құбылыстардың өзара әсер етуінің салдары деп дәйектейтін маңызды ұғымдардың бірі;
тіл - ойдан құралып, мидың талқысынан шыққан абстракт зат, сана-сезімнің, ойдың тәжірибеде көрінетін заттық сәулесі (С.Аманжолов);
тіл – адам ойының айнасы (М.Балақаев);
тілдікуниверсалий дегеніміз - генеологиялық, типологиялық немесе ареалды фактілермен анықталатын, абсолютті яки статистикалық деңгейде
дамитын, болжалды-логикалық не болмаса нақты индкутивті амалдармен айқындалатын барлық тілдерге ортақ заңдылықтар мен ұстанымдар жүйесі;