«Күлесіңдер!.. Жыламайсыңдар... (Ештеңеден)
бейхабар айналысасыңдар!»
(Нәжм сүресі 60-61) -
деп
бүйырады, екінші бір аят кәримә осы ғапылдықтан
сақтану үшін былай бұйырады:
َن�ُ� ِ� ْ�َ� ا�ُ��َ� �َ�ِ� ًءآَ� َ� ًا��ِ�َ� ا�ُ�ْ�َ�ْ�َو ً��ِ�َ� ا�ُ� َ� ْ�َ�ْ�َ�
«Істегендерінің жазасы ретінде аз күліп, көп жы-
ласын!»
(Тәубе сүресі 82)
Яғни, Аллаһ Тағала тәубе мен, көз жасымен
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
129
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
күнәларын тазартуын қалайды. Осы орайда Хазіреті
Мәуләнә көз жасының маңызын былай баяндайды:
«Шам жылап, көз жасын төккенде, одан да жарқырай
түседі. Ағаштың бұтағы да жылаған бұлттың бере-
кетімен және күннің жылуымен көгеріп, тазарады.
Яғни, жемістің өсуі үшін жылу мен су керек».
«Дәл осылар сияқты тәубенің қабыл болуы үшін
де бұлт пен найзағай, яғни көз жасы мен көңіл оты
керек».
«Егер көңіл найзағайы жарқылдамай, көз бұлты
жаңбыр жаудырмаса, нәпсінің ашу оты мен күнә
алауы қалай сөнеді?
Қауышудың фәйізі, яғни иләһи көрініс нұрының
жарығы көңілде қалай орын алады? Рухани бұлақтар
қалайша атылып ағады? Жаңбыр жаумаса гүл
бақшасы көгалға қалай сыр айтады? Жауқазын жас-
минмен қалай уәделеседі?»
«Табиғатты жөніне қалдыр, қатты жыласын.
Бұл топырақтар судан айырылса сорға айналады.
Өзендер мен сайлардан бөлек, алыс қалған сулар да
сарғайып, иістеніп, лайланып, қарайып кетеді».
«Жәннат сияқты жап-жасыл бау бақшалар су-
сыз қалса, сарғайып, солып ауру мекенге айналады
(Адам да солай)».
Осы халден қорғану үшін де Шұғайбтың
(алейһиссәләм) көзі жылаудан көрмей қалған. Хазі-
реті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да:
«Менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар
едіңдер, ішкен тамақгарың сіңбес еді».
(Суюти, Жамиус-
Сағир, Ит, 10 б) -
деген.
130
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өйткені, тек көңілдегі күнәлардан пайда болған
жараны өмірі бойы кезінің жастарымен жуып-
тазартқан көңіл қаһармандары ғана кешірімнің
жәннатына кіретін ғашық көңілдер қатарына қосыла
алады. Сол үшін пайғамбарлардан бастап барлық
әулиелер, салихтар мен турашылдар таршылық пен
молшылықта, қайғы мен қуанышта үнемі Аллаһ
Тағалаға жалбарынып, мінәжат етумен өткен.
Өйткені пайғамбарлардың өзінде еріктен тыс қателік
болып саналатын «зәллә» болғандықтан, тәубе мен
истиғфардан ада қалатын ешбір құл болмайды. Тәубе
мен истиғфар, негізгі мәні жағынан ішкі өкініш пен
жалбарыныш болғандықтан, Аллаһқа жақындаудың
ең әсерлі дәнекері.
Екінші жағынан, Аллаһ Тағаланың құлдарына
берген қиыншылықтар мен ауыртпалықтар арқылы
құлдарынан сүраған тәубе мен көз жасының барлығы
мәңгіліктің саудасы. Әрі сондай пайдалы сауда, мұны
түсінген адам ешқандай пәлекеттен шағымданбай
шексіз табысқа қол жеткізеді. Осылардың бірі ретін-
де Хазіреті Мәуләнә тамаша баяндайды:
«Хақ Тағала осы дүниеде сенен бірнеше тамшы көз
жасын апады, бірақ есесіне саған қаншама жәннат
кәусарларын сыйлайды. Ол сенен ынтықтық пен
ауыртпашылыққа толы өкініштер мен жалбары-
нышты алады әрбір өкініш пен жалбарыныштың
есесіне жүздеген жоғары мәртебе мен қол жетпей-
тін дәрежелер береді».
Бірақ әрбір жылау бірдей емес екендігін де білу ке-
рек. Олардың арасында үлкен айырмашылық бар. Сон-
дай-ақ суық, өтірік еңіреулер - ғапылдық пен алдау
ғана. Суфиян Сәури (құддисә сирруһ) былай дейді:
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
131
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Жылаудың он түрі бар. Бұлардың тоғызы рия.
Біреуі ғана Аллаһ үшін. Міне, осы Аллаһ үшін жы-
лау -жылына бір рет болса да құлдың жәһаннамнан
құтылуына, иншаллаһ, себеп болады».
Риуаятқа қарағанда, күйеуімен ренжіскен бір әйел
жылап, қазы Шурәйхқа жүгінеді. Осы кезде сол жер-
де болған Шағби оған:
«Әй, Умайа! Бұл әйел шынымен зұлымдыққа
ұшыраған деп ойлаймын. Қалай жылағанын
көрмейсің бе?» - деді.
Сонда қазы Шурәйх айтты:
«Әй, Шағби, Юсуфтың бауырлары да залым бола
түра әкелеріне жылап барған емес пе еді. Жылауға
қарап үкім шығару дұрыс емес!»
Мұндай көз жасы, әрине, қабылданбайды. Екінші бір
жиіркенішті кезжасы, пақырлық пен төмендікті біл-
діретін жылау. Бұлар маңдайы терлемей, бишаралық
шеккен адамдардың босқа жылағаны, мұндайларға
марқұм Акиф былай ескерту жасайды:
Ой, жылап, ойбайлағанды қойыңдар!,
Жылаған пайда берсе, әкем түрар еді!
Көз жасынан не түседі? Неге тер төкпейсіңдер?!
Біздің айтқанымыз Аллаһтың қалаған жыла-
уы, халімізді дос-дүшпан алдында төмендететін
көз жасы емес, керісінше, көкке көтеретін, көңілді
миғражға шығаратын жылау. Қалайша терең дари-
ялар қаншама күл-қоқысты арқалап, оларды түбіне
батып кетуден қорғаса, біздің көз жасымыз да бізді
батудан сақтап, үстіне көтеріп және мақсат етілген
жерге жеткізетін су сияқты болуы керек, бұл көбінесе
131
132
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
көзден емес, көңілден ағатын және халыққа емес,
Хаққа ұсынылған тамшылардан тұрады.
Көз жасы туралы тағы бір маңызды мәселе -
жылаудың шағымдану түрінде болмағаны дұрыс.
Өйткені, шағымдануда разылық жоқ, ол ешқашан
қабыл болмайды. Өйткені шағым адамды қарсы ке-
луге (бас көтеруге) жетелеп, қолындағы барын жоқ
қылады. Бұл Хақ Тағаланың азабын шақырады. Біз
мақсат еткен жылау азапты шақыру үшін емес, шы-
найы досты қуанту мен күнә кірлерінен тазару үшін
болғаны.
Қысқасы, өлім келген кезде барлық ұйықтап
жатқандар оянып, яғни, көздерін ашып, ақиқатты
көреді. Бірақ, сол ақтық демде ақиқатты көрудің
ешқандай пайдасы болмайды. Перғауынға солай ти-
мегені сияқты... Хазіреті Мәуләнә қандай жақсы
баяндаған:
«Ақылды адамдар бұрыннан жылайды, білмей-
тіндер іс біткен соң бастарын үрып, қайғырады. Сен
істің басында соңын кер, қиямет күні өкінбе!»
«Бұл турасында мына құстың халі саған ғибрат
болсын, ол аңшының тұзағындағы бидайды көргенде
есі шығып, ақылын қолдана алмайтын халге жете-
ді. Осылайша еріксіз бидайды жейді, бірақ, тұзаққа
түсіп қалады. Енді басын пәлекеттен құтқару үшін
қаншама Ясин, қаншама Әнғам оқыды. Бірақ пай-
дасы не!.. Бәлекет келгеннен соң жылау, айғайлау,
қайғыру керек пе еді?»
Сондай-ақ Лут қауымының иләһи азапты шақырған
азғындықтары себебінен жойылатындарын естігенде
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
133
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ибраһим (алейһиссәләм) олардың жан күйзелткіш
азап шақыратындай қатты қарсы келгендерін толық
білмей, оларға мейіріммен дұға етпек болғанда, пе-
ріштелер:
«Енді дұғаның уақыты өтіп кетті!..» - деген еді.
Аллаһ Тағаланың қалауы бойынша өлім бізге
қашан, қай жерде жәнө қалай келетіндігі белгісіз.
Сол үшін көңіл «Өлмей тұрып, өліңдер!» сырына
қанығып, әр сәт Раббысына қауышуға әзір болуы
шарт. Әйтпесе ақтық дем: «Әттеген-ай, қайда бара-
мыз!» айғайына толы бір қасірет демі болады. Аят
кәрима:
ُ�� ِ�َ� ُ�ْ�ِ� َ�ْ�ُ� �َ� َ�ِ�َذ ِّ� َ�ْ��ِ� ِتْ�َ�ْ�ا ُةَ� ْ� َ� ْتَء� َ� َو
«Өлім мастығы расында келіп: Міне, (ей, адам)
бұл сенің басынан бері қашқан нәрсең! - делінеді» -
деп баяндалады.
(Қаф сүресі 19)
Сондықтан құлдың ең маңызды міндеті - нәпсі мен
жүректі тазарту. Осы жерге дейін баяндағандарымыз
тәубе мен көз жасы және осы халге жетудің тек
алғашқы сатысы ғана іспеттес. Осы есіктен ішке
кіргеннен кейін орындалуға қажет салих амалдар-
ды орындау да, әлбетте, шарт. Парыз, уәжіп пен
сүннеттерді әдебіне сай орындағаннан кейін, әсіресе,
құл хақы, әке-шеше хақы, Аллаһ үшін жұмсау, мейі-
ріммен, кешіріммен қарау сияқты қасиеттерге ие болу
керек. Кешірімді болу қасиеттеріне ие болу керек.
Мәселе осылардың ішінде кешірімді болу қасиетіне
жеткендер, иләһи кешірімге көбірек лайық болады.
«Бізді аяңдар!» айғайына көңіл бөлмей, махаббат
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
пен мархабаттан мақрүм адамдар болса, олар өмірдің
адасқан және қайғылы жолаушылары.
Сол үшін көңіл, тәубе мен көз жасының ішінде
барлық жақсы қасиеттерге қол жеткізіп, Раббыға
бет бұруы керек. Бұл бет бұру, сөз жоқ, өмірдің
барлық сәтін қамтуы керек. Сонымен қатар кейбір
қымбат уақыттар құлдар үшін ерекше бір табыс мер-
зімі. Бейне бір көктем маусымының басқаларының
арасындағы құны мен сұлулығы сияқты құлдарға бе-
рілген сондай рухани көктемдер бар, бұлардың ішінде
ең құндысы, ішінде мың айдан да қайырлы бір түнді,
яғни Құранның Ләухи Махфуздан дүние аспанына
түсіріліп, әлем мен адамдарды нұрға бөлеген Қадір
түні орын алған Рамазан айы. Қауышып отырған
бұл мүбәрәкжәне ерекше ай, түн сияқты қарайған
көңілдерге жарық беретін нұрлы толған ай. Көктен
жерге миғраж үшін ашылған бір терезе. Бұл ретте
көңілі ояу мүминдерге керегі бүкіл өмірін осындай
ерекше аядан алған фәйіз және берекетімен, яғни Ра-
мазан сезімталдығымен өткізуі керек. Өйткені, осын-
дай емірмен безенген салих көңілдерге қиямет өкініш
күні емес, бейне бір мейрам таңы болады.
Раббымыз барлығымызға осындай мейрам таңын
нәсіп етсін! Ғашықтық, ынтасы және шынайы көз
жастарымен иләһи рахмет пен мағрифатына жеткіз-
сін!
Әмин!
134
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Дұға қайталанған сайын ішкі
сезімдер ретінде мүминнің рухы-
на орнығып, бойына дарып, оның
бір қасиетіне айналады. Сол се-
бепті жоғары рухтар үнемі дұға
халінде өмір сүреді.
ıµà
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ıµà
Адамзатқа рахмет ретінде жіберілген барлық
Пайғамбарлар және Хақ достары таршылық пен
молшылықта, қайғы мен қуанышта көңілдерін
үнемі Хақ Тағалаға бұрып, мінәжат аясында өмір
сүрген. Олар қандай жағдайда болмасын Раббыға
жалбарынудың қажетті-лігін халмен, іс-әрекеттерімен
үйрететін мәңгіліктің бағдаршылары.
Аллаһқа сиыну - жаратылыс заңы және құлшылық
шарты. Жер мен көктегілердің барлығы иләһи
жазмышқа бойұсынған халде, сол шексіз құдірет
иесін хал тілдерімен зікір етіп, оған жалбарынуда.
Нақты бір діни тәрбиеде дұға халін мүминнің рухын-
да орнықтыруды мақсат етеді. Өйткені, дұға - ең ұлы
есіктің кілті.
Дұға қайталанған сайын ішкі сезім ретін-
де мүминнің рухына орнығып, болмысымен біте
қайнасып, оның ерекше қасиетіне айналады. Сол се-
бепті, жоғары рухтар үнемі дұға халінде өмір сүреді.
Өйткені олардың жүректері дұғаны ұстанудың
маңыздылығымен байланысты мына аят кәримадағы
иләһи ескертуден қорқады.
136
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағала былай дейді:
ْ�ُ�ُؤ�َ�ُد َ� ْ�َ� �ِّ�َر ْ� ُ�ِ� ُ�َ�ْ�َ� �َ� ْ�ُ�
«(Расулым) Айт: Сендердің құлдық, дұға және
жалбарынуларың болмаса, Раббыларың сендерге не
деп баға береді!? (Қандай құндарың бар!?)...»
(Фұрқан
cүресі 77)
Мүминнің рухында Раббыға дұғамен жалбарыну
сезімі орнықса, Аллаһ пен пенде арасында рухани
бір байланыс орнайды. Ынтамен жасалған дұғалар -
көңілдің иләһи рахметпен қауышу сәттері.
Дұғада иләһи рахмет пен мархабат сұралады. Сол
себепті дұғада жүректен иләһи құзырға көтерілетін
алғашқы сөз, қарсы келу, күнәһарлық, әлсіздікті
мойындау болу керек. Дұға, шексіз құдірет иесі Аллаһ
Тағалаға әлсіздігін түсінген түрде бет бұрып, Оның
құзырында мойынсұнып, тыныштықпен бас ию.
Расында, дұғаға әлсіздік пен қателіктерімізді мой-
ындаумен бастау, иләһи мейірімді тартуда, сөйтіп,
дұғаның қабыл болуында үлкен әсерге ие. Сондай-
ақ Адам мен Хауа (алейһимәссәләм) аят кәримәда
баяндалғанындай, дұғаларында Аллаһ Тағалаға бы-
лайша жалбарынған:
«(Адам мөн жұбайы) былай деді: Ей, Раббымыз!
Біз өзімізге зүлымдық жасадық. Егер бізді кешіріп,
бізді аямасаң, өлбетте, зиянға тап болған боламыз».
(Ағраф сүресі 23)
Басқа бір аят кәримәда Юнустың (алейһиссәләм)
Хақ Тағалаға мінәжаты былай баяндалады:
«Зүннунды да (Юнусты да айт) Ол ашулы күйінде
137
138
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
өтіп кетіп, бізді өзін ешқашан қинамайды деп ойлаған
еді. Ақыры, қараңғылық ішінде: «Сенен басқа еш-
бір тәңір жоқ. Сені барлық кемшіліктен пәктеймін.
Расында, мен залым болдым!» - деп жалбарынды».
(Әнбия сүресі 87)
z
Атақты сұлтан I-ші Мұрат Ханның Косова
жақындарындағы мына дұғасы оның әлсіздігін
мойындап, шынайы ниетпен ықыластана жасаған
дұғаның үлгісі:
«Уа, Тәңірім! Мүлік те, бұл құл да Сенікі. Мен
әлсіз бір құлмын. Менің ниетім мен сырларымды сен
жақсы білесің, мал-мүлік мақсатым емес. Тек сенің
ризашылығыңды қалаймын.
«Уа, Илаһым! Мына мүмин әскерлерді кәпірлердің
қолынан жеңіліс таптырып, қырма!.. Оларға барлық
мұсылмандар тойлайтындай бір жеңіс бер! Қаласаң,
сол той күні мына Мұрат құлың сенің жолыңда
құрбан болсын!»
Сондай-ақ осы шынайы дұғадан соң сол сәтке дей-
інгі алай-дүлей дауыл басылып, екі-үш есе көп қолға
қарсы сегіз сағатқа созылған қанды шайқастан соң
ақыры жеңіске қол жеткізген.
Сұлтан Мұрат Хан соғыстан кейін жауынгерлерді
зиярат етіп қажеттілігімен айналысып жүргенде, жа-
ралы серв әскері қолқанаты абайсыз қанжарланып,
шейіттіктің шәрбәтін ішті, сөйтіп дұғасы толық
қабыл болады.
Асқақ рухтардың тілі мен сөздің ең жақсысы
болған шынайы дұғалар, нүр мен ынтықтықтан ту-
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
139
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ады. Үмітсізге өмір сыйлап, күйзелген жүректерді
жүбатады. Ықыласпен, шынайылықпен, көз жасы-
мен жасалған дұғалар, иләһи рахметтің көрінуіне
себеп. Дұғада жүрекке шаттық беретін Раббыға
мойынсұну сыры жасырылған.
Бізге дұғаны өмірлік үстанымы арқылы ең жақсы
үйреткен Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм), Ол көз жасын төгіп, аяқтары ісінген-
ше оқыған намаздармен қатар жасаған дұғасында
үнемі:
«Аллаһым! Сенің қаһарыңнан ризашылығыңа,
азабыңнан кешіріміңе және Сенен тағы саған сиы-
намын. Сені лайықты түрде мадақтап, пәктеуге
әлсізбін! Сен өзіңді қалай мақтап-мадақтаған
болсаң, сондайсың!»
(Муслим, Салат, 222)
- деп, әлсіздік
сезімімен Аллаһ Тағалаға жалбарынатын. Сонымен
қатар дұғаның маңызын былай баяндайтын:
«Дуға - бір ғибадат. Ғибадаттың негізі және жі-
лік майы. Аллаһ алдында Оғандуға етуден қымбат
ештеңе жоқ. Аллаһ өзінен ештеңе сұрамағанды (дұға
етуге бармағанды) азапқа үшыратады. Қиыншылық
пен қысылған кезінде дұғасының қабыл болуын
қалаған адам, молшылықпен рахаттың кезінде де
мол дуға етсін. Раббыларың Хай мен Кәрим, бір құл
алақанын жайса, оны құр қалдырмайды. Кімге дұға
есіктері ашылса, оған хикмет есіктері ашылғаны
деген сөз. Дұға - рахмет есіктерінің кілті, мүминнің
қаруы, діннің тірегі, көктер мен жер бетінің нуры».
(Рудани, Жәм’ул-Фәуайд, 9219-20-21-22-25)
Адамдарға зүлымдық жасап, әлсізді қор са-
нап басынған және ғапылдықпен өмір сүргендерге
140
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қарағанда, үмітсіздікпен жылаған бір жетімді қуантып,
көңілі қаяу адамдарға шаттық сыйлағандардың жасаған
дұғалары қабыл болатындығы ақиқат. Расында, өзін
күнәсіз санайтын менменшілдердің дұғалары емес,
күнәларының кешірілуі үшін көздерінен кеңілдеріне
үнемі жас ағызған Хақ Тағала ғашықтарының дұғалары
қабыл болуға лайық.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) да дұғаның
қабыл болуын қамтамасыз ету үшін былай дейді:
«Өкініш отына толы көңілмен және жасты кез-
бен дұға ет, тәубе ет! Өйткені гүлдер күнгей, сулы
жерлерде ашылады!»
Сондықтан дұғаның қабыл болуы үшін тек қана
сөзбен сүрау жеткілікті емес. Дұғаны «хауф пен
рәжә», яғни үрей мен үміт сезімдерімен жасауға ты-
рысу керек. Жүрек дұғаның мағынасындағы тілек-
терден дірілдеуі керек. Сонымен қатар дұға күнәнің
кешірілуі үшін болса, сол күнәні енді қайтып істемеу
үшін нақты шешіммен әрі табандылықпен айтылуы
керек.
Риуаят бойынша Хазіреті Мүса (апейһиссәләм) бе-
ріліп дұға еткен бір адамды жолықтырды да, оның
сыртқы халіне қарап, дұғасының қабыл болуын шын
кеңілімен қалады. Сол кезде Аллаһ Тағаладан Мүсаға
(алейһиссәләм) мынадай уахи келді:
«Мен ол құлыма сенен де мейірімдімін. Ол тілі-
мен маған дұға етіп жатыр; бірақ жүрегі иелігіндегі
қоралы қойында».
Мұса (алейһиссәләм) осы жағдайды айтқан кез-
де, ол адам дереу бойын жиып, ықыласты көңілмен
Аллаһ Тағалаға бет бұрды.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
141
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Екінші жағынан, дін бауырының сыртынан
жасалған дұға да тез қабыл болады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Бір мүминнің екінші бір мүминнің сыртынан
жасаған дуғасынан да тез кдбылданатын дұға жоқ»
(Тирмизи, Бирр, 50)
деген.
Адамдар дұғасы қабыл болады деп ойлаған адам-
дардан дұға етуін сұрайды. Алайда, дұғаның қабыл
болуын қамтамасыз ететін негізгі себеп ықылас пен
шынайылық. Бұл күнәһардың да мүмин бауыры үшін
шынайы жүректен жасаған дұғасы, Аллаһ алдындағы
мәртебесі өзінен жоғары саналған басқа біреудің
кеңілсіз жасаған дұғасынан да жақсы деген сөз.
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнәнің мейірім мен мар-
хабат теңізі болған көкірегінен шыққан мына жалба-
рынышы өте үлкен мәнге ие:
«Уа, Раббым! Егер Сенің мейіріміңді тек салих-
тар ғана үміт етуі керек болса, күнәһәрлар кімді па-
налайды?»
«Әй, ұлы Аллаһым! Егер сен тек қас құлдарыңды
қабыл алсаң, күнәһәрлар кімге барып жалбарына-
ды?»
z
Расында пенде күнәһар болса да, бұл Аллаһ
Тағаланың оны тәркі еткені деген сөз емес. Сол себеп-
ті, адамның кімнің дұғасының арқасында мақсаты-
на жетерін тек Аллаһ Тагала біледі. Сондықтан, кім
болса да, Аллаһтың құлдарының біреуінің жүрекпен
жасалған дұғасын алудағы маңызды түсінуі керек.
142
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бір күні Маруф Кәрһи Хазіреті базарда бір су
сатушыға жолығады. Су сатушы:
«Аллаһ ризашылығы үшін менің суымнан
ішіңдер», - деп дауыстайды.
Маруф Кәрһи Хазіреті «Аллаһ разылығы үшін»
деген су сатушының осы дұғасын алу ниетімен нәпіл
ораза ұстап жүрсе де, сол судан алып ішеді.
Маруф Кәрһи қайтыс болған соң бір әулие адам
түсінде оны тамаша орында екенін көреді де:
«Аллаһ Тағала қай амалың үшін саған осы сыйды
берді?» деп сұрайды. Сонда ол:
«Су сатушының Аллаһ ризашылығын сұрап
жасаған дұғасы үшін» - дейді.
Зұлымдыққа ұшыраған, көңілі қаяу мүминдердің
дұғасын алу сияқты олардың қарғысынан сақтану да
сондай маңызды мәселе.
Сәлжүк Сұлтаны Алауддин Кәйкүбат қаланың
қамалын бітірген кезде Хазіреті Мәуләнәнің әкесі
Бахаүддин Уәләдтан тәбәрік ретінде қамалды көріп,
қамал жайлы пікірін айтуды өтінеді. Бахаүддин
Уәләд Хазіреті барып, жасалғандарды көріп, бы-
лай дейді: «Қамалдарың сел пәлекетін, дұшпан
шабуылының алдын алу үшін керемет тамаша
әрі мықты сияқты. Алайда, сен қол астыңдағы
зулымдыққа ұшырағандар мен қиналған адамдардың
қарғыс оқтарына қандай сақтық жасадың? Өйткені,
олардың қарғыс оқтары, тек сенің қамалың сияқты
бір қамалды емес, жүз-мыңдаған қамалдарды тесіп
өтіп, дүниені ойран етер.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
143
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ең жақсысы - сен әділдік пен жақсылықтан
қамал соқ та, салихтардың, қайырлы дұғасы деген
әскерлерін жасақтауға тырыс. Бұлай болуы сен үшін
қамалдардан да сенімді. Өйткені, халық пен дүниенің
тыныштығы мен қауіпсіздігі сол дұға әскерлерімен
қамтамасыз етіледі.»
Расында, мүминдердің әртүрлі табыстары, жеті-
стіктері мен жеңістері, көрсетілген қажыр-қайрат
пен қатар ықыласты дұғалардың берекеті.
Ұстанып, сезіне білгенімізге қарай біз үшін мәңгілік
бақыттылықтың жол сілтеушісі Құран Кәрим дұғаның
ең үлкен үлгілерін қамтыған. Ұлы Раббымыз дұға
жайлы аят кәримәлерде былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: |