№ 6 орта мектебі
«Көңілді тапсырмалар»
(қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру бағдарламасы)
Шалқар қаласы
2012-2013 оқу жылы
Мектепішілік сараптау комиссиясында
қаралып,пайдалануға ұсынылды.
Хаттама № « » 2013 жыл
Сараптау комиссия төрағасы: Ұ.Қ.Нияз
Директордың бастауыш
сыныптар бойынша оқу-тәрбие
ісінің меңгерушісі: Г.Б.Керімбердина
Құрастырғандар: Н.Қоңырова, А.Елдізерова
Түсінік хат
Мектепалды даярлық тобына арналған«Көңілді тапсырмалар» бағдарламасы қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау,ой қорыту білігін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырады.
Тапсырмалардың мазмұны мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып,пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы-дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар.Есеп зерделілікке,қиялдауға,тапқырлыққа,шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді «Көңілді тапсырмалар» бағдарламасы
арқылы тәрбиеленушілер қоршаған ортаны таниды,
ұлттық мәдениетті,моральды, дүниетанымды сезіне бастайды,сөйлеуге дағдыландыруда тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.«Көңілді тапсырмалар» бағдарламасы арқылытәрбиеленушілерде тез ойлау,жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып-үйрену барысында тәрбиеленушілер алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді,ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар,логикалық есептер,математикалық жаңылтпаштар,жұмбақтар,есептер, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп,ұстамдылыққа,еңбектене білуге тәрбиелейді.Тәрбиеленушінің қиялын дамытып,өз бетімен жұмыс жасауға икемдейді.Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп,білімдерін жетілдіріп,дамытуға арналған.
Пікір
Ұсынылып отырған бағдарлама мектепалды даярлық
тобындағы тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу және
дамыту талаптары мен мақсатына сай. Тәрбиеленушілердің
жас ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған. «Көңілді тапсырмалар» бағдарламасы тәрбиеленушінің танымдық,өздігінен білім алуына және ақыл-ой операцияларын, шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіреді. Жинаққа енгізіліп отырған қызықты тапсырмалар,логикалық есептер,математикалық жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар5-6 жасар балалардың ой қабілеттерін арттырудың қажетті құралы болып табылады. Осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып, логикалық ойлау қабілетін,зейінді жаттықтырып, тәрбиеленушілердің белсенділігін арттырады.Қызықты тапсырмалар зерделікке,қиялдауға,тапқырлыққа,байқампаздыққа үйретеді,қызығушылығын оятады.
Мектеп директорының
бастауыш сыныптар бойынша
оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі: Г.Керімбердина
Достарыңызбен бөлісу: |