«Поезд құрастыр» ойыны. Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату. Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар,
0+1, 1+1, 2+1
Барысы:Тәрбиеші карточкаларды балаларға
таратып береді,оларды вагондар,ал бір баланы
тепловоз деп тағайындайды.Балалар қолдарындағы
карточкаларынақарай отырып,алдымен «тепловоз»
ретімен тіркелуі тиіс.
«Қуыршақтардың сыйлықтары» ойыны. Мақсаты:Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.Ойын ойнау арқылы шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Көрнекілік: Қуыршақ,шарлар.
Барысы:Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі.
Балалар ол шарларды үрлеп,қандай түсін және қанша екнін айтады.
Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек.
Шардың санымен артық,қандай түсті шардың кем екенін
балаларға айтқызу.
«Жазылмай қалған сандарды ата?» ойыны. Мақсаты:Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа,тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып,математикаға қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі:15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді.Ол текшелерде
сандар жазылады,сандар ретімен толық жазылмайды.
Мысалы: 1 3 6 8 9
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерде
жазылмай қалған санды анықтап атау.Егер сандар ретін
анық атап шықса,жұлдыздармен марапатталады.Ал егер
сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса,текшедегі бар
сандардың құрамын анықтайды.