«Аңдарды қоректендір» ойыны
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін,ой-өрісін
дамыту.
Шарты: Тақтада аңдар суреті ілінген,ал тамақтың суреті
тәрбиешінің алдында.Қай аң қандай тамақты ұнататынын
балалар тауып,тақтаға ілуі керек.Мысалы: маймылға-банан,
аюға-бал.
2 саны мен таңбасы.
«Кім біледі?» ойыны.
Мақсаты: Өтілген санды меңгертумен бірге балалардың
ойын дамыту.
Шарты: Өтілген 2 санына орай өздері білетін екі заттың
суретін салғызу.Мысалы: көз,құлақ,аяқ,қол,қолғап,шұлық.
3 саны мен таңбасы.
«Молекула» ойыны.
Мақсаты:Балаларға 3 санын меңгерту,зейін қойып тыңдау
және ойлауын дамыту.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Тәрбиеші «атом» дегенде балалар
әр түрлі қозғалыста болады. «Молекула 1,2,3...»дегенде сонша бала болып
топтасулары керек.
Тәрбиеші қанша сан айтса сонша бала топтасуы керек.
4 саны мен таңбасы.
«Суретпен жұмыс»ойыны.
Мақсаты:Балаларға 4 санын меңгерту,ойлауын дамыту.
Шарты:Төрт саны шығатындай етіп жапырақтар арасын қос.
5 саны мен таңбасы.
«Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал»ойыны.
Мақсаты:5 санының шығу жолын табуда есте сақтау
қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар дөңгелене тұрады.Ортада тұрған тәрбиеші
«Қалт етпей қағып ал,жауабын тауып ал»деп екі және үш деп
бір балаға допты лақтырады.Допты қағып алған бала,
үш және екі болады бес деп допты тәрбиешіге кері лақтырады.
«Поезд құрастыр» ойыны.
Мақсаты: 1-ден 7-ге дейінгі сан қатарының
реттілігін сақтауда таным қабілеттерін дамыту.
Шарты: Тәрбиеші балаларға 1-ден 7-ге дейінгі сан
жазылған карточкаларды таратады.олар вагондар,ал бір бала
тепловоз болады. Балалар қолдарындағы карточкаларындағы
сандарға қарай отырып,тепловозға ретімен тіркеледі.
8 саны мен таңбасы.
«Жолаушылардың орналасуына көмектес» ойыны.
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамытып,8 санын меңгерту.
Шарты: Вагонда берілген санға қарай аңдарды орналастыру.
9 саны мен таңбасы.
«Кілтті тап» ойыны.
Мақсаты:Есеп шығара отырып,9 санын таныту,ойлау қабілеттерін
дамыту.
Шарты: Балаларға 9 санына дейінгі сандар салынған
әр түрлі үйдің суреттерімен сол сандар,шығатындай есептер
берілген кілттің суретін таратып,есептерді шығарып,есіктерді
ашуға көмектесу.