Салыстыру. «Қай қолымда көп?» ойыны. Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету. Көрнекілік: Асықтар,топтағы ұсақ заттар.
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді,оның әрқайсысы алма-кезек
тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді.Бір бала қолын артқа
ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі
оның қолына текше, түйме әр түрлі ұсақ нәрселерді ұстатады.
Бірақ ,ол бір қолда көп,екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен
көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау.Қай қатарда
көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.
«Өзара айырмашылығын тап» ойыны. Мақсаты: Суреттерді салыстыра отырып,айырмашылығын тапқызу. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,ойлау қабілетін жетілдіру.
Көрнекілік:Бала санына (15 дана) суреттер жинағы.
Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі.Суреттерді салыстыра
отырып,айырмашылығын табу.
«Тез ойла» ойыны. Мақсаты: Балалардың заттарды салыстыру,оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту.Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.ойын арқылы шапшаңдыққа,тез ойлауға баулу. Көрнекілік: топтағы заттармен.
Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында,оң,сол жақтарында
нелер тұрғанын айтқызу.Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Сан құрамы.
«Сан құрастыр» ойыны. Мақсаты:Санның құрамын пысықтау. Көрнекілігі:Суретті карточкалар.
Барысы:Тәрбиеші бетіне бір сан,мысалы: «6» саны жазылған
карточканы көрсетеді. Әр бір бала қосындысы «6»санын
құрайтын екі сандық карточканы көрсетуі тиіс.
Мысалы: Бір карточкада 5 дөңгелек,екіншісінде-1 дөңгелек.