«Көңілді тапсырмалар»


Мақсаты: Баланың ақыл –ойын дамыту,ойлау қабілетін



бет6/7
Дата11.12.2023
өлшемі480,01 Kb.
#136919
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Көңілді тапсырмалар» (қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бағдарламасы) мектепалды даярлық тобына арналған

Мақсаты: Баланың ақыл –ойын дамыту,ойлау қабілетін
Жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман
талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Ал санайық,санайық,


Санын бліп алайық
Біреу,екеу,үшеу,төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?

Оң қолымда бес саусақ,


Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.

Екі көз бен қос құлақ,


Бір бас пенен бір мұрын.
Нешеу болды қос шырақ,
Санап шығар кім бұрын?!

Екі аяқ пен екі қол,


Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды қане бол,
Санап шығар кім бұрын?!

Бір дегенім бүркіт,


Қалады аңдар үркіп.
Екі дегенім есек,
Білмейді ол есеп.
Үш дегенім үкі,
Ұстап жеді түлкі.
Төрт дегенім тиін,
Бес дегенім бұлбұл,
Сайрағанда дүлдүл.
Алты дегенім арғымақ,
Дөңдеу жерден қарғымақ.
Жеті дегенім жайын,
Жайынның жейміз майын.
Сегіз дегенім серке,
Енесіне ерке.
Тоғыз дегенім түлкі,
Жүрген жері күлкі.
Он дегенім оймақ,
Осымен сөзді қоймақ.
Сұқ саусағым суға барды
Ортаң қолым орақ орды.
Аты жоғым ағаш жарды,
Жұмсамапты алақаным,
Тек шынашақ-балапанын.

Бір апта.


Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта,
Жексенбіде үйде болдып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Жұмбақ есептер.
Мақсаты:Балалардың танымдық,ойлау қабілетін дамыту.
Математикалық өлең,ойын есептерді,математикалық
жұмбақтар, қызықты тапсырмаларды шеше білуге үйрету.

1.Жаңылмастан жетеуі,


Кезек қызмет етеді. (Аптаның жеті күні)

2. Дүкеннен көп сабын алдым,


Оның және қабын алдым.
Екі дәптер бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым,
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды сонда бәрі. (Алтау)

3.Туысқан бес кісі,


Бірінен-бірі кіші.
Бәрінің аты бір,
Ең кішісі шеткісі. (Бес саусақ)
4.Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті міне керегі.
Екеуі қайың астынан
Төртеуі терек астынан
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салған себетке. (Алтау)

5. Көлден ұшты жеті қаз,


Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады сонда нешеуі?
Қане,кім тез шешеді?
6.Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма?
Жатып қалды біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып. (Бесеу)
7.Тасбақада бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?
8.Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?(Алтау)
9.Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап,
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң-жарадың!
10. Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әліде ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (Төртеуі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет