«Көңілді тапсырмалар»



бет3/7
Дата11.12.2023
өлшемі480,01 Kb.
#136919
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Көңілді тапсырмалар» (қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бағдарламасы) мектепалды даярлық тобына арналған

10 саны мен таңбасы.




«Жаңылмаймын» ойыны.
Мақсаты:10 санын таныту және балалардың тілін
дамыту.
Шарты: Балалар 1-ден бастап,10-ға дейін санайды. Әр
санды айтқанда «Жаңылмаймын» деп,ал жұп санды айтқанда
«Жаңыламын» деуі керек. Мысалы:1-жаңылмаймын,2-жаңыламын.


Қызықты жаттығулар.
Мақсаты: Балалардың өздігінен қиялдауға
қызығушылығын оятып, жан-жақты ойлауын арттыру.

1.Екі сиырдың мүйізі қанша?


Жауабы: Төртеу.

2.Бір мысықтың аяғы қанша?
Жауабы: Төртеу.

3.Бес қойдың басы нешеу?
Жауабы: Бесеу.

4.Үш адамның қолы нешеу?
Жауабы: Алтау.

5.Жанып тұрған төрт майшамның үшеуі сөніп қалды,


сонда неше майшам қалды?
Жауабы: Бір майшам.

6.Қолымда бес алма,табақта үш алма қосқанда


Барлығын болады неше алма?
Жауабы: Сегіз алма.


7.Ағаш басында 2 балық отыр еді,оларға тағы 2 балық


ұшып келді.Барлығы неше балық болды?
Жауабы: Балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.

8.Алма ағашында 10 алма,үйеңкі ағашында одан 2 алма


аз өсіп тұр.Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?
Жауабы: Үйеңкі ағашында алма өспейді.

9. Маратта 3 дәптер, Жанатта 2 дәптер бар.Жанатта неше дәптер кем?
Жауабы: 1 дәптер.

10.Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан,және 3 самса әкелді.
Қызыл телпектің тәтті наны нешеге артық?
Жауабы: 2 тәтті нанға артық.

11.Бұл-бұл әсем жырлайды.
Ел жұрт елтіп тыңдайды,
2-ге 2-ні қосқанда
Нешеу болып сайрайды?
Жауабы: Төртеу.

12.Үш алманы бақтағы
Кірпі алып жинады,
Ең әдемі біреуін
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын?
Жауабы: Төртеу.

13.Тауық жөнін тауып,


Он жұмыртқа басты,
Өздерінше мықты
Төрт балапан шықты.
Қанша қалғанын
Есептей алмай отырмын.
Жауабы: Алтау.

14.Он екі үйрек көріп ем
Үшеуі ұшып кетті,
Төртеуі суға түсіп кетті
Айтпауға сөз қалмады.
Қаншасы орнына қозғалмады?
Жауабы: Бесеу.

15.Екі аяқпен екі қол,


Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды қане,бол,
Санап шығар кім бұрын?
Жауабы: Алтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет