Көкшетау қаласы «Нұр бала»


Музыка ойналып, ортаға бауырсак жүгіріп шығады



бет2/5
Дата15.11.2023
өлшемі25,31 Kb.
#124169
1   2   3   4   5
Музыка ойналып, ортаға бауырсак жүгіріп шығады.
Тәрбиеші: Ой, бауырсак, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?
Бауырсак: Мен, бауырсак, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)?
- А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.
-Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!
Сәлеммен: Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік.
Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді.
Мыстан:
-Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын алдаймын.
Сыпырғышпен ұшамын.
Мұнда бала көп екен?
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл балабақша.
Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер
(өзін қолымен көрсетеді)!
- Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет