Ән: «Көктем әні »
Тақпақтар
Би: «танго»
Ойын: (қыздарға ойын)
Ән: «Анашым»
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын.
Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен көздерімізді жұмуымыз керек
( Балалар көздерін жұмады. Қалытқыға бекітілген гүлдерден жасалған алаңқайды алып ортаға қояды. Ол гүлдердің артында кәмпит жасырылған)
Көктем: Бір, екі, үш. Көзідеріңді ашыңдар.
Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес, тосын сыйы бар керемет гүлдер. Кәне, көрейік гүлдердің түбінде не бар екен?
(Гүлдердің артында жасырылған кәмпиттерді алып, балаларға таратып береді)
Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.(Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді. )
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар.
Әзіл ән(частушки): «Әжелер әні»
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
қ/сы: Ойбай, белім-ай, Қайда кетті келін-ай.
Айзере:
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видео көру керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай. Ұят екен масқара ай.
Амира:
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай.
Фариза:
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай.
Салима:
Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай.
Бәрі:
Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
қ/сы: Ойбай, белім-ай, Қайда кетті келін-ай.
Достарыңызбен бөлісу: |