Көкшетау қаласы «Нұр бала»



бет4/5
Дата15.11.2023
өлшемі25,31 Kb.
#124169
1   2   3   4   5
Тәрбиеші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді ән айтып, мына мыстанды билетсек қайтеді?
Балалар: Иә.
Ән: «Әже, әжетайым»
Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды.
Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді жеңемін! Дайынсыңдар ма?
-Балалар: Иә.
Ойын: «Қане, сыпыр!»
Шарты:Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жетеді.
Мыстан: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!
Мыстан қоштасып, шығып кетеді.
Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар? Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:
-Сәлем, сәлем, балақайлар.Қуаныңдар алақайлап, Құстар әнін ала келдім. Жерге кілем жаба келдім. Жан бітіріп табиғатқа, Гүлдерімді ала келдім.
-Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!
Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған тілектерін қабыл алыңыз.
Би: «Көктем биі»
Тақпақтар


Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап жаңбыр әнін айтып берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет