Көлік халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес



бет15/33
Дата20.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#95596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
stud.kz-92076 (1)

Күнделікті қызмет. Бақылау-қарау жұмыстарын бақылаушы механик және жүргізуші орындайды; жуу-жинау жұмыстарын құрамына жинаушылар, жуушылар және сүртушілер кіретін мамандандырылған бригада орындайды.
КҚК бойынша орындалған жұмыстарды автобус жүргізуші және айдаушы қабылдап алады, олар автобустың тазалығы мен сыртқы әдемілігіне толық жауап береді. Жекелеген бақылауды техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.
ТҚК-1-ді жоспарлау лицевой карточкада көрсетілген нақты жүрісі туралы деректерге сәйкес жүргізіледі. ТҚК-1дің алдында автобустар, ақауларын және агрегаттар мен жүйелерінің күйін анықтау үшін, жалпы диагностикалаудан (Д1) өтеді. Егер ақаулар байқалған жағдайда оларды АЖ кешенінде ТҚК-1-ге дейін қалпына келтіреді.
ТҚК-1 жүргізетіндер: ТҚКД (техникалық қызмет көрсету және диагностика) кешенінің мамандандырылған бригадасы; олардың құрамына орындалатын жұмыстың ерекшелігіне сәйкес келетін қажетті мамандардан тұратын жұмысшылар кіреді. Жұмыстың сапасын жұмыс біткен соң да, жұмыс барысында да ТҚК-1аймағының бригадирі мен ТББ өкілі бақылайды. ТҚК-1 орындалғаны туралы мәлімет ТҚК-тің жоспар-есебінде көрсетіледі. ТҚК-2 жұмысы да нақты жүрісіне сәйкес орындалады. ТҚК-2 ге екі күн қалғанда автобустар, қалпына келтіру үлкен көлемді жөндеу жұмыстарын талап ететін ақауларды анықтау үшін тереңдетілген диагностикаға (Д2) жіберіледі. Егер ақаулар байқалған жағдайда оларды АЖ кешенінде ТҚК-2 ге дейін қалпына келтіреді [32].
Автобустарды қарау және диагностикалау есепке алу парағы мен диагностикалық картаға жазылып, олар өндірісті дайындау үшін басқару бөліміне жіберіледі. Диспетчер, инженер, аға инженер ТҚК-2 бойынша өндірісті дайындауға және оның орындалуын қамтамасыз етулері тиіс. ТҚК-2 нің бүкіл кешені арнайыланған бригадалармен тупиктік бекеттерде жүргізіледі. көрсетілген жұмыстарды орындау үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар, диспетчердің нұсқауы бойынша кешеннің және өндірісті дайындау учаскесінің персоналымен жұмыс орнына жеткізіледі де, автомобильден шешіп алынған бөлшектің орнына тікелей бриадирдің өзіне қолма-қол беріледі.
ТҚК-2 нің сапасын бақылауды, жұмыс біткен соң да, жұмыс барысында да, ТҚК-2 бригадирі және ТББ бөлімінің өкілі қажеттігіне қарай диагностикалау құралдарын пайдалана отырып, жүзеге асырады.
Жылжымалы құрамның ағымдық жөндеуін ӨББ (өндірісті басқару бөлімі) диспетчерінің нұсқауымен кешендердің, ТҚК және АЖ учаскелерінің мамандандырылған бригадалары жүргізеді.
Жұмысты жүргізуге қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар АЖ кешеніндегі жұмысшыларға тікелей ӨББ персоналы арқылы жеткізіліп отырылады. Қосалқы бөлшектердің жетіспеуінен немесе жұмыс бекетінің бос болмауы себебінен жөндеу жұмысы басталмаған автокөліктер АКП территориясындағы арнайы бөлінген ТҚК пен жөндеуді күту аймағына бағытталады.
АЖ сапасын жұмыс бараысында да, жұмыс біткеннен соң да бригадир мен ТББ бөлімінің персонолы тексеріп барады.
Автокөліктерді жұмыстық бекеттерге әкеліп қоюды және оларды күту аймағында, ТҚК және жөндеу аймақтарында жылжытуды жүргізуші-айдаушылар жүзеге асырады [32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет