Көлік халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес



бет18/33
Дата20.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#95596
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
stud.kz-92076 (1)

4. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Рульдік басқаруды шашу мен жинауға арналған құралдың тағайындалуы

Құрал автобустардың рульдік басқаруын шашу және жинау үшін тағайындалған.


Шашудан және жинаудан басқа құралда бақылау-байқау және реттеу жұмыстарын жасайды.
Құрал автошаруашылықта және техникалық қызмет көрсету стансаларында рульдік механизмдерді ағынды жөндеу бекеттерінде пайдалану мүмкін.
Рульдік басқаруды шашу, жинау және реттеуге арналған құрал пневмоцилиндрден (1), жүктемелік басшадан (2), тіреуіштен (3), кронштейннен (5), станинадан (6) тұрады.


4.2. Құралдың негізгі техникалық мәліметтері мен сипаттамалары

1) Типі – стационарлық


2) Жүктемелік құрылғылар – гидроцилиндр
3) Құралда рульдік механизмді бекіту жетегі – тежеуіш камера
4) Гидрокүшейткішке сұйықтықты беруге арналған құрылғы – сорап
5) Сорап жетегі – электрмеханикалық.

Сурет 4.1 - Құралдың жалпы көрінісі




4.3 Құралдың жұмыс істеу принципі

Картермен рульдік механизм тіреуішке (3) орнатылады және пневмоцилиндрмен (1) бекітіледі, ал рульдік колонка кронштейнге (5) жатқызылады.


Осындай жай-күйде рульдік механизмнің шашуын және жинауын жасайды, жинау бітісімен рульдік санканың көмегімен рульдік механизмді жүктемелік құрылғымен (2) біріктіреді және жинау сапасын тексереді.
Жинау сапасын және рульдік механизмнің жұмысын динамометрдің көмегімен тексереді.


4.3.1 Құралды жұмысқа дайындау



  1. Май сорабының бөшкесіндегі майдың болуын тексеріңіз және қажеттілігі болса толтырып құйыңыз.

  2. Барлақ құрама бөліктердің болуын, олардың бекітулерін тексеріңіз және қажеттілігі болса бекіту жұмыстарын тексеріңіз.

  3. Рульдік механизмді құралға орнатыңыз және оны бекітіңіз, бекіту сенімділігін тексеріңіз.

  4. Май сорабының құбырларын гидрокүшейткішпен біріктіріңіз, құралды қосыңыз және май сорабының жұмысын тексеріңіз.

  5. Құралды қосыңыз, құбырларды ажыратыңыз және рульдік механизмді шешіңіз.

  6. Сынама қосулар процесінде құралдың, оның барлық тораптары мен механизмдерінің жұмысын тексеріңіз және ақауларды анықтаған кезде оларды жойыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет