Көлік халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес



бет16/33
Дата20.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#95596
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
stud.kz-92076 (1)

Жылжымалы құрамды линияға шығару. Жүргізушілер ауысымның басында автокөлікке қарау жүргізеді, оның ақаусы екндігіне көз жеткізгеннен кейін КҚК бойынша операцияларды орындайды. Жүргізушілер жол қағазын (путевой лист) пайдаланудың диспетчерлік қызметінен алады. АКП шығу кезінде жүргізуші жол қағазын көрсетуі тиіс, ол бар болса линияға шығуға рұқсат берілгендігін көрсетеді. Жылжымалы құрамды линияға шығару кезінде онда ақау бар екендігі байқалып қалған жағдайда, оны тапсырыстың есеп қағазына тіркеп, оны ӨББ не бергеннен соң, автокөлік жөндеу немесе күту аймағына жіберіледі.
«№1 Тараз автобус паркіндегі» жоғарыда айтып өтілген өндірісті ұйымдастыру әдісіне орталықтандырылған өндірістің болуына байланысты бірқатар өзгерістер енгізілген.
ТҚК-1-дің орталықтандырылға өндірісі. Орталықтандырылған ТҚК-1 базалық мекеменің ТКД кешенінің құрамына кіретін учакелер тарапынан жүргізіледі. Учаске персоналы ТҚК-1 көлеміне кіретін барлық жұмыстарды орындау бойынша мамандардан құралады. Қызмет көрсетудің тәуліктік бағдарламасына сәйкес участок, түрлі ауысымдарда жұмыс атқаратын кешенді бригадалардан тұрады.
Дербес өндіріс ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарлама болған жағдайда, ТҚК-1 аймағына кіретін бригадалар белгілі бір автобустар мапкасына немесе технологиялық сәйкес келетін автобустар тобына мамандандырылған болады.
«№1 Тараз автобус паркінде» ТҚК-1 ағымда орындалады. ТҚК-1 өндірісінің функционалдық схемасы 3.2-суретте көрсетілген.



Сурет 3.2 - ТҚК-1 өндірісінің функционалдық схемасы

Жылжымалы құрамды орталықтандырылған ТҚК-1 ге әкеліп қоюдың тәуліктік жоспарына сәйкес жол парағына пайдалану филиалының диспетчері қызмет көрсету орнына келу уақытын көрсетілген «ТҚК-1» деген штамп басады. Мұнда автобустың жұмысы ең аз нөлдік жүріспен қызметкөрсету орнына кіретіндей етіп жоспарланады.


Техникалық қызмет көрсетілетін орынға келгеннен соң, жүргізуші автокөлікті ТББ өкіліне тапсырады. ТББ өкілі белгіленген тәртіппен автокөліктік комплектациясын және сыртқы жағдайын тексереді. Автокөліктегі инструменттер мен басқа да құрал-саймандар алынып, сақтап қою бөлмесіне тапсырылады.
Автокөлікті филиал жүргізушілерінен қабылдап алғаннан кейін одан әрі аймақтарда жылжытуды базалық мекеменің көліктік учаскесінің жүргізуші-айдаушылары жүзеге асырады.
Орталықтандырылған ТҚК-1 ға келіп түскен автобус жуылып тазаланады да, жалпы диагностикалау (Д1) бекетіне өтеді. Д1 нәтижесіне байланысты автобус ТҚК-1 линиясына немесе байқалған ақауларды қалпына келтіру үшін жөндеу аймағына жіберіліп, одан кейін ТҚК-1 линиясына түседі.
Егер де, Д1 нәтижесінде түсініксіз ақау байқалып қалған жағдайда, автобус элементтер бойынша диагностикалау Д2 бекетіне жіберіледі де, одан кейін АЖ және ТҚК-1 аймағына бағытталады. ТҚК-1 өткен соң, автобусты белгіленген тәртіп бойынша оған бекітілген жүргізушіге немесе жүргізуші-айдаушыға тапсырады да, автобус филиалға әкелінеді. ТҚК-1 өткеннен кейін автобустар пик уақыттардың аралығында линияға шығарылады [32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет