6.1ТҚК және ағымды жөндеу аймағындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторларды сараптамалау Еңбек жағдайлары-бұл еңбек процесінде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін өндірістік орта факторларының өзара жиынтығы. Бұл факторлар табиғатына, байқалу қалыптарына, адамға әсер ету сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Олардың ішінде қауіпті және зиянды өзгерістік факторлар(ҚЗӨФ) ерекше топты құрады.
ГОСТ 12.003-74(СТС ЭВ 790-77) сәйкес қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына әсер етуіне қарай келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық.
Физикалық (ҚЗӨФ) ТҚК және ағымдық жөндеу бекетіндегі қозғалыс үстіндегі автомашиналар, автобустар, автомобильдердің орын ауыстыруы үшін арналған конвеср, кернеумен жұмыс істейтін қондырғылар, ауаның газдануы және т.с.с болып табылады.
Физикалық ҚЗӨФ-дің ТҚК және ағымдық жөндеу жұмысын істейтін жұмысшыларға әсерін азайту және оның алдын алу үшін қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет. ТҚК және ағымдық жөндеубекетінің шаңдануы мен газдануын азайту үшін желі бойына ауа тазалауыштар мен желдету есептері қажет.
Химиялық ҚЗӨФ сиатына қарай улы,тітіргендіргіш, сенсебеляциялық, концерогендік көбею бірнесіне әсер ететін мутациялық болып бөлінеді, ал одан ағзасына өту тыныс алу жолдары,асқазан ішекті трактат қабаттары мен көз, құлақ және т.с.с арқылы өтеді.
ТҚК және ағымдық жөндеу бекетінде химиялық ҚЗӨФ –дың көміртегі тотығы, боялған антифриздер, мотор және консистентті майлар, техникалық спирт, керосин жатады.
Химиялық ҚЗӨФ-дың әсерін азайту және оның алдын-алу үшін ТҚК және ағымдық жөндеу бекетінің аймағындағы қалыпты ауа алмасу қажет, антифризбен жұмыс істеу кезінде қолғаппен жұмыс істеу, заттардың ауызға не көзге түсуіне жол бермеу қажет.
Биологиялық ҚЗӨФ –дың пайда болуына жол бермеу үшін ТҚК және ағымдық жөндеу бекетін таза күйде ұстау, өндірістік қалдықтарды өз уақытылы тазалап отыру, арнайы киіммен жұмыс істеу керек.
Психофизиологиялық ҚЗӨФ-лар әсер етуіне қарай физикалық және нервтік-психикалық шаршап шалдығуларға бөлінеді. Физикалық шаршап-шалдығу статистикалық және диагностикалық, ал нервтік-психикалық шаршап-шалдығу ой-саналық шаршап-шалдығу, сараптамауыштардың асыра жұмыс істеуі, еңбектің бірқалыптылығы болып бөлінеді.
Эмоцияналдық шаршап-шалдығу. Оларды, сондай-ақ физикалық еңбекті азайту үшін көтергіштер, бұранда бұрауыштар қолданылады.
ТҚК және ағымдық жөндеу бекетіндегі ҚЗӨФ-дың әсерінің алдын-алу үшін ұжымдық қорғаныс құралдары (шектеуіш және сақтандырғыш құралдар, тежеу және блоктау құралдары, қауіп туралы дабыл қаққыштар, қауіпсіздік белгілері, жарықтандыру, ауа желдету және жылыту жүйелері) пайданылады [10,11].