6.4 Қоршаған ортаны қорғау Табиғатты қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің бірі. Біздің елімізде табиғатты қорғау мемлекеттік саясаттың бірі болып табылады.
Халық шаруашылығын әрдайым дамытып отыру автомобиль көлігін жылжымалы тізбектің саны бойынша да, жүргізілген жұмыстың мөлшері бойынша да дамытуда талап етеді. Бұл процесс болсын, жанама түрде болсын, әйтеуір қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Автомобильдердің қоршаған ортаға тікелей теріс әсері зиянды заттардың атмосфераға шақырылуымен, шу және әр түрлі электромагниттік сәулелермен байланысты болады. Карбюраторлық қозғалтқышы бар, барлық көрсеткіштері бойынша зауыт дайындаушының талаптарына сай келетін, жүк көтергіштігі орташа бір жүк автомобилі жыл сайын 3150 кг көміртегі тотығын, 400 кг комірсутектерін, 3350 кг азот тотығын бөліп шығарады.
Жеңіл автомобильдердің зиянды заттарды бөліп шығаруы , сәйкесінше, 510,42 және 36 кг-ды құрайды. Пайдаланудың шынайы жағдайларында жылжымалы тізбектің бұл сипаттамалары 40-60 % жәнеде одан да көп шамаға нашарлайды. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың 75% автомобиль көлігінің үлесіне тиеді екен [28].
Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға жанама түрдегі әсері келесіде: адамнаң тұрмыс-тіршілігі үшін қажетті автомобиль жолдарының, тұрақтар мен баптаушы кәсіпорындардың тұрмысы алыр жатқан аудандар жыл сайын кеңейіп, өсіп отыруда. Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін нашар насихаттаудың, ауыл жолдарының жеткіліксіз дамуының салдарынан егістіктерге, шабындықтар мен орындарға жолдардан тыс қозғалатын автомобильдер айтарлықтай зиян келтіруде. Автомобильдерді жуу нәтижесінде ластанған судың үлкен мөлшерін тазаламастан бұрын ашық су қоймаларына төгіп отырса, бұл ондағы бүкіл, тіршілік атаулыны уландыруға қабілетті. Автомобильдерді жуу орындарындағы тазалау ғимараттарының тұнбалары да табиғат үшін зиянды.
Қоршаған ортаны автомобиль көлігінің зиянды әсерінен қорғау көптеген бағыттар бойынша жүргізіледі, олардың бір бөлігінің жоғары оқу орындарын бітірушілердің назарында болуы қажет.
Қазіргі уақытқа дейін барлық жүргізушілер мен слесарьлар жұмыс істелінген газдардағы улы заттардың жоғарылатылған
Мөлшеріне ие болатын автомобильдерді пайдаланудың экологиялық салдарын түсіне білмейді. Осыған байланысты автомобиль көлігінің қолайсыз әсерін төмендетудегі маңызды бағыттардың бірі автокөлік кәсіпорындарында, техникалық баптау стансаларында жұмыс істейтіндер мен жүргізушілерге экологиялық қауіпсіздік негіздерін оқып үйрету болып табылады.