Көлік халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес


ТҚК-2-нің орталықтандырылған өндірісі



бет17/33
Дата20.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#95596
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
ТҚК-2-нің орталықтандырылған өндірісі. ТҚК-2-нің орталықтандырылған өндірісін базалық мекеменің ТКД кешенінің құрамына кіретін учаскелер орындайды, олардың құрамына ТҚК-2 көлеміне кіретін жұмыстардың барлық түрін орындай алатын мамандар кіреді. Кішігірім жөндеулер кездескен жағдайда, оның еңбексыйымдылығына және сипатына байланысты ТҚК-2 нің алдында АЖ кешенінде немесе тікелей ТҚК-2 линиясының өзінде жөнделеді. Бұл жағдай сәйкес технологияның регламентінде көделген.
Мекемедегі жылжымалы құрам әртүрлі маркалардан тұратын болғандықтан, автобустардың маркалары бойынша мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылған.
ТҚК-2 өндірісі жалпы корпустың ішінде, арнайы ТҚК үшін бейімделген ямаларда жүргізіледі. ТҚК-2 өндірісінің функционалдық схемасы 3.2-суретте көрсетілген.



Сурет 3.3 - ТҚК-2 өндірісінің функционалдық схемасы

Автобус, жоспарланған қою уақытына байланысты, ТҚК-2ге тікелей линиядан немесе филиалдан келіп түседі. Мекемеге келген соң жүргізуші автобусты ТББ бөлімінің өкіліне тапсырады. Мекемеде ТҚК-2 жүргізуге немесе жөндеуге келіп түскен автобустардың жүргізушілері үшін дем алуға арналған бөлме ұйымдастырылған.


Қабылданған автобус жуудан өтеді, одан кейін элемент бойынша диагностикалау участогына келіп түседі.
Диагностикалау нәтижесі туралы ақпарат өндірісті орталықтандырылған басқару бөлімінің диспетчеріне беріледі. Ол, автомобильдің жөндеуі бойынша жұмыстардың көлеміне және санына байланысты, ТҚК-2 ге түсу алдында өндірістегі қозғалыс маршрутын анықтайды. ТҚК-2 өткеннен соң автобус жұмыс сапасын тексеру үшін ТББ өкіліне жіберіледі. Одан кейін автобус сақтау аймағына келіп түседі.
Жылжымалы құрамды орталықтандырылған жөндеу (АЖ). «№1 Тараз автобус паркінде» орталықтандырылған жөндеу бойынша орындалатын жұмыстар өндірістік аймақта орналасқан орталықтандырылған жөндеудің дербес учаскелерінде жүргізіледі. Автобустарды жөндеу орталықтандырылған өндірісте автобустар ТҚК-2-ге келіп түскенде, сондай-ақ автобустар кузовын жөндету үшін келіп түскенде жүргізіледі. Жөндеудің орталықтандырылған түріне тапсырысты филиалдардың өндірістік диспетчерлері жасап, оны мекеменің орталықтандырылған өндірісті басқару бөліміне береді.
Тапсырыста берілген жұмыстардың түріне, қосалқы бөлшектердің болуына және өндірістің жүктелу жағдайына қарай диспетчер әрбір автобусты жөндеу орнына апару уақытын тағайындайды және бұл туралы филиалға хабарлайды.
Көбінесе автобустар орталықтандырылған жөндеу өндірісіне тікелей линиядан келіп түседі. Автобустардың орталықтандырылған жөндеуінің функционалдық схемасы 3.4-суретте көрсетілген.



Сурет 3.4 - Автобустарды орталықтандырылған жөндеудің
функционалдық схемасы
Жөндеуге келіп түскен автобустар, оларды қабылдап болған соң, жуудан өтіп, аймаққа келеді. Ақауларының сипатына қарай автобустар ақауы болған агрегаттың, тораптың, жүйенің күйін анықтау үшін элементтер бойынша диагностикалауға бағытталуы немесе тікелей жөндеу аймағына жіберілуі мүмкін.
Жөндеуге берілген тапсырыс пен диагностикалау нәтижесінің негізінде ӨББ бөлімінің диспетчері жөндеу аймағының бекеттері бойынша автобус қозғалысының маршрутын, учаскенің, бригаданың немесе жекелеген мамандардың орындайтын жұмыстарының басталу және аяқталу мерзімін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет