3.6 Өндірісті басқару және ұйымдастыру Қай салада болмасын автомобиль көлігінің тиімділігі жылжымалы құрамның техникалық дайындық деңгейімен анықталады.
Әрбір автобус паркінің және автомобиль көлігінің техникалық қызметі тасымалдау процесін тасымалдауды ұйымдастыру қызмет тарапынан берілген номенклатураға сәйкес қажетті жылжымалы құраммен қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл мәселені шешу, біріншіден, өндірістік потенциалдық мүмкіндігіне тәуелді, яғни өндірістік қуаты мен ресурстық қатамасыз етуі жылжымалы құрамның жұмысқабілетін сақтаумен байланысты болған операциялардың саны мен көлеміне сәйкес болу дәрежесіне тәуелді болса, екіншіден, болмыста бар өндірістік қуатын, материалдық және еңбек ресурстарын пайдалану қарқындылығына тәуелді.
Бұл айтылған шарттар өзара өте тығыз байланысты: өндірістік потенциалдық мүмкіндік деңгейі қанша төмен болса, болмыста бар қуат пен ресурстарды пайдалану қарқындылығы сонша жағары болу керек.
«№1 Тараз автобус паркінде» ТҚК жүргізудің агрегаттық-учаскелік метод қолданылады. Бұл әдістің мәні мынадай: парктің жылжымалы құрамының ТҚК пен жөндеу жұмыстары парктың барлық автобустарының бір немесе бірнеше агрегаттарының (торабының, механизмдерінің және жүйелерінің) жөндеуі бойынша жауапты болған өндірістік участкалар арасында бөлістіріледі. Бұл ұйымдастыру методының артықшылығы: учакелерге бекітілген агрегаттар, тораптар және жүйелерге жасалған ТҚК пен жөндеудің сапасы үшін моральдық және материалдық жауапкерлік нақты адамға жүктеледі.
Өндірістік учаскелердің жұмысының нәтижесі сол агрегаттардың АЖ орташа кезеңділігі бойынша және учаскелерге бекітілген агрегаттардың техникалық ақаулары салдарынан автобустардың тоқтап тұру уақытының ұзақтығымен бағаланады.
Агрегаттық-учаскелік әдістің артықшылығымен қатар, кемшіліктері де бар.
Агрегаттық-учаскелік әдіс қолданғанда өндірістің децентризациялануы өндірісті оперативтік басқаруды қиындатады. Бүкіл автобус бойынша жөндеу барысы туралы ақпараттың болмауы өндірістік ауданды (қызмет көрсету және жөндеу бекеттерін), материалдық және еңбек резервтерін тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мысалы, бірнеше агрегаттарында, тораптарында және жүйелерінде қатарынан ақаулары байқалған автомобильдің түрлі өндірістік учаскелердегі мамандандырылған бекеттер арасында ары бері мұқтаждықтан жүріп қалуы автобустың ТҚК мен жөндеуде тұру уақытының созылуына алып келеді. Жұмысшылардың бір автобуста жиналып қалу жағдайлары кездеседі және қызмет көрсетуді ұзақ күтіп қалған автобустар да болады.
Техникалық қызмет көрсетуге келген автобустарды өндірістік учаскелерге бөліп тастау барлық автобус бойынша жөндеудің біту мерзімін жоспарлауға мүмкіндік бермейді.
АКП-ның жөндеу бөлімшелері автобустан түсірілген агрегаттар мен тораптарды жөндеу бойынша өндіріске маманданған орындаушылар тобын біріктіреді. Олар түрлі жұмыстарды бірге орындай білу талаптарына сәйкескелетін тиісті кәсіп және біліктілікке ие болған орындаушылардан құралады.
Паркте жылжымалы құрамның ТҚК пен жөндеуінің өндірісі төмендегі 3.1-суретте көрсетілген схема бойынша жүргізіледі.
Линиядан оралған автобустардың барлығын кезекші механик қарап шығады. Кезекші механик линиядан оралған автобустарды қабылдап алады, олардың ақаусыздарын КҚК аймағына және тұраққа жібереді.
Кезектегі ТҚК өткізілуі тиіс болған және ақауы байқалған автобустарды кезекші механик ӨББ (өндірісті басқару бөлімі) диспетчерінің нұсқауы бойынша тиісінше диагностикалық, қызмет көрсету және жөндеу бекеттеріне немесе бекеттер бос болмаған жағдайда, күту аймағына бағыттайды. Мұнда кезекші механик автобусты техникалық қарау негізінде есепке алу қағазын немесе жөндеу қағазын толтырып, оны өндірісті басқару бөліміне беріп жібереді.
Сурет 3.1 - Жылжымалы құрамның ТҚК пен жөндеуін жүргізу схемасы