Біз қарастырмақ болып отырған ААҚ «№1Автобус паркі» құрылу тарихы өткен ғасырдың ортасынан, атап айтқанда 1950 ж. басталды. Сол кездегі Қазақ ССР-і үкіметінің меншігімен №1 автобаза құрылады. Ол соңғы кездерге дейін Жамбыл қаласы Сүлейменова 21 мекен-жайы бойынша орналасқан еді. №1 автобаза құрылуының басында онда келесі көрсеткіштер болған:
1) Жүргізушілер – 60 адам
2) Жөндеу жұмысшылары – 30 адам
3) Автобустар саны – 30 дана
4) Инженер-техникалық қызметкерлер саны – 12 адам
5) Қызметкерлер саны – 8 адам
1964 жылы 20 сәуіріндегі Қазақ ССР автомобиль көлігі министрінің №54 бұйрығы бойынша №1 Жамбыл автобазасы №1 Жамбыл автобус паркі болып аталды.
Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1994 жылы 12 сәуірінде Жамбылдық №1 автобус паркі негізінде «№1 Автобус паркі» ашық акционерлік қоғамы құрылды [2].