«Колледжде математиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы тыңдаушының



бет3/5
Дата13.06.2023
өлшемі0,99 Mb.
#101149
1   2   3   4   5
Оқу нәтижесі:




Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі




Тапсырма


Орындау қадамдары: Білім алушы


Инклюзивті білім беру принциптері. Инклюзивті оқу ортасы: инклюзивті мәдениет және құндылықтар.


Талқылау
Инклюзивті білім беру деген не?
Инклюзивті білім берудің сипаттамасы.
Инклюзияның үш аспектісі.
Инклюзивті білім беру модельдері.
Инклюзивті білім беру құндылықтары




2-тапсырма.
Инклюзивті мәдениет құру туралы өз ойыңызды сипаттайтын жауапты көрсетіңіз:



Инклюзивті мәдениет құру

Толық келісемін

Келісемін

Келіспеймін

Қосымша ақпарат керек

1

Қоғамдастық құру (оқу-тәрбиелеу процесіне қатысушылар).











2

Әркім мұнда оны жақсы көретінін, оған сыйластықпен қарайтынын сезеді.













3

Білім алушылар бір-біріне көмектеседі.













4

Ұжым бір-бірімен серіктестікте ауызбіршілікпен жұмыс істейді













5

Білім алушылар мен оқытушылар бір-біріне құрметпен қарайды.













6

Оқытушылар мен ата-аналар/қамқоршылар арасында серіктестік орнатылған













7

Ұйым мен жоғары тұрған ұйымдардың өкілдері ынтымақтастықта жұмыс істейді.













8

Барлық жергілікті қоғамдастықтар ұйым жұмысына тартылған.













9

Инклюзивті құндылықтар қабылданған.













10

Барлық білім алушылардан бірдей жоғары жетістіктер (оқу үлгерімі) күтіледі.













11

Ұйым қызметкерлері, жоғары тұрған ұйымдар, білім алушылар мен ата-аналар инклюзия идеологиясын түсінеді және жүзеге асырады.













12

Барлық білім алушыларды тең бағалайды (сыйлайды)













13

Оқытушылар мен білім алушылар тек өздерінің "рөлдерін" ойнамайды, бір-біріне адамгершілікпен қарайды.













14

Оқытушылар оқудағы кедергілерді жеңуге және барлық білім алушыларды ұйым өмірінің барлық салаларына толық қатыстыруға ұмтылады..













15

Ұйым кемсітушіліктің барлық түрлерін барынша болдырмауға тырысады














Талқылау
Қазіргі жағдайдағы білім беру ұйымы мәдениеті мен практикасы бойынша білім алушылардың оқуына және ұйым өміріне (оқу процесіне) толық қатысуына қандай кедергілер бар?
Осындай кедергілерді жеңу үшін ұйымда қандай жұмыстар атқарылуда?
Нені қайта қарау керек? Қандай жаңа бастамалар қажет?






3-тапсырма.
Инклюзивті білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.



ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың
МЕДИЦИНАЛЫҚ МОДЕЛІ

ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ

Бала жетік емес


Диагноз


Атаумен «бөлектеу»


Бала бойындағы ауытқушылық басты назарда болады


Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, денсаулық ауытқушылықтарының терапиясы


Оқшаулау (сегрегация) және жеке, ерекше қызметтер көрсету


Тұлғааралық қарым-қатынас қажеттіліктері ескерілмейді


Мүмкін болған жағдайда жазылып кету/ қалыпқа келу, әйтпесе дәрігерлердің бақылауымен ауруханаларда (интернаттарда және т. б.) өмір бойы болу


Қоғам өзгеріссіз қалады




Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық қолдау.
4-тапсырма.
Тәсілдемелерді салыстырыңыз. Сіздің білім беру ұйымында инклюзивті тәсіл қалай жүзеге асырылады?



ДӘСТҮРЛІ ТӘСІЛДЕМЕ




ИНКЛЮЗИВТІ ТӘСІЛДЕМЕ










Жақсы оқитын білім алушыларға
көп көңіл бөлінеді





Барлық білім алушыларға
бірдей қарайды











Ең үздік оқытушы --
оқушылары жақсы оқитын
оқытушылар





Ең үздік оқытушы – барлық оқушылардың дамуына көмектесетін оқытушы










Ұйым үздік білім алушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады




Ұйым барлық білім алушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады










Ата-аналарға әдетте баласының қиындықтары мен проблемалары туралы хабар беріледі




Ата-аналар ұйымдағы оқу процесіне тікелей қатысады










Білім беру тек педагогтердің проблемасы ретінде қарастырылады




Білім беру барлығының ортақ проблемасы ретінде қарастырылады




Сіздің жауабыңыз:



5-тапсырма. Инклюзивті оқу ортасын құру.
Топтық жұмыс.
1-топ:
Эмоционалды және мінез-құлық бұзылыстары бар білім алушылар үшін оқудағы, білім беру ұйымындағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, ұсыныңыз.
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Барлық оқушыны оқуға тарту; Оқушылардың мінез-құлқын бақылау. Сіз білім алушылардың мінез-құлқын бақылауға бағытталған басқа әдістерді кездестірдіңіз бе?
Барлық білім алушылар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру үшін білім беру ұйымында қандай өзгерістер енгізу керек?
2-топ:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Қарым-қатынас. Білім алушылармен қарым-қатынас жасау кезінде сіз жасаған немесе жасай алатын басқа да өзгерістер бар ма?
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар білім алушылар үшін оқу және ұйымдағы оқу-тәрбие процесі барысындағы кедергілерді жоюдың басқа да шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.
Оқу тобындағы барлық білім алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар беріңіз.
3-топ:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Сабақ жоспарлау, Жеке көмек. Оқу қиындықтары бар білім алушыларға жеке көмек көрсетудің басқа әдістері бар ма?
Оқу қиындықтары бар білім алушылар үшін оқудағы, білім беру ұйымындағы кедергілерді жоюдың жолдарын талқылап, ұсыныңыз.
Барлық білім алушыарды толық сабаққа тарту тәсілдерін ұсыныңыз.
4-топ:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Жеке бағдарлама; көмекші/қосымша материалдар.
Зерде бұзылыстары бар білім алушылар үшін оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жоюдың басқа шешімдерін талқылап, анықтаңыз. Оқу тобындағы білім алушыларды саралап оқыту бойынша жұмыс парақтарын ұсыныңыз.
5-топ:
Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар білім алушылардың оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.
Барлық білім алушыларға бірдей сапалы білім беру үшін өз оқу тобыңызда жасаған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.
6-топ:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен танысыңыз: Сынып жабдықтары.
Көру қабілеті нашар білім алушылардың оқу және оқу процесіне қатысуындағы кедергілерді жоюдың шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.
7-топ:
Есту қабілеті нашар білім алушылардың оқу, оқу процесіне қатысудағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.
Барлық білім алушыларға сапалы білім беру үшін сынып бөлмесіндегі, сабақтағы жасалған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.

Қорытынды:

6-тапсырма.
1. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 1-үзіндіні (1-видео файл) қарап, сұраққа жауап беріңіз:
Баланың оқудағы қандай қиындықтарын көрдіңіз?



Сіздің жауабыңыз:

2. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 2-үзіндіні (2-видео файл) қарап, сұраққа жауап беріңіз:



  • Мұғалім баланы оқытудағы қандай қиындықтар туралы айтады?

  • Баланы оқытудағы кедергілер мен қиындықтарды жоюдың шешімдерін анықтаңыз.




Сіздің жауабыңыз:



3. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 3-үзіндіні (3-видео файл) қарап, сұрақтарға жауап беріңіз:



  • Мұғалім осы оқушыны қолдау үшін қандай стратегияларды қолданады?

  • Сіз осы оқушыға қандай қолдау әдістерін қолдануды ұсынасыз?




Сіздің жауабыңыз:


Оқытудың әмбебап дизайны.
7-тапсырма.
«Әмбебап дизайн» ұғымы білім беру процесінде қалай қолданылады? Әмбебап дизайн негізінде әзірленген сабақта қолдануға арналған оқу құралының мысалын ұсыныңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет