Бетті әзірлеген Ардақ БЕРІК
«АрселорМиттал» кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «тікелей желісі»: 96-09-09. E-mail: Hotlinetemirtau@arcelormittal.com
АрселорМиттал ТМД бас директоры Парамжит Калон
металлургиялық комбинаттың еңбек ұжымымен кезекті кездесуі
барысында қауіпсіздік техникасы және әлеуметтік саясат
мәселелеріне ерекше назар аударып, компанияның өндірістік
жоспарларына тоқталған болатын.
Парамжит Калон:
«Мен жағымды өзгерістер
байқаудамын, алайда әлі де жақсартатын тұстар бар»
Қауіпсіздік техникасы
Еңбек қауіпсіздігі
«АрселорМиттал Теміртау»
АҚ жұмыстағы ең басты
басымдылық болып қала
беруде, сондықтан да
кездесудің осы мәселені
талқылаудан басталуы түсінікті.
Талқылау барысында 30 шілде
күні конвертер цехында орын
алған жазатайым жағдайға
ерекше назар аударылды.
Металл қалдықтарын сұйық
фазаға төгу кезінде №2
конвертерден өрт шыққан, оның
салдарынан «JIB Recruitment
Temirtau» ЖШС электрмонтері
Мақсат Тәжібаев қауіпті жұмыс
орнынан кетуі керектігі туралы
ескерту алғанына қарамастан
ІІІ-ІV дәрежелі термиялық дене
күйіктерін алған.
- Біздің 2015 жылы қауіпсіздік
техникасы мәселесінде
қандай қиындықтарға тап
болғанымызды ұмытпаған
боласыздар деп ойлаймын. Біз
күйік алған жұмысшымызды
ең жақсы медициналық
самолетпен Бельгия елінде
орналасқан әлемнің ең
үздік емханасына емделуге
жіберген болатынбыз. Бұның
бәріне біз 180-200 миллион
теңге жұмсадық, - деді
АрселорМиттал ТМД бас
директоры Парамжит Калон.
- Компания қашан да
«АрселорМиттал Теміртау»
АҚ өндірістік алаңдарында
еңбектенетін мердігерлердің
қауіпсіздігіне жоғары
жауапкершілікпен қараған.
Алайда Мақсат Тәжібаев үшін
жасалып жатқан шаралар, тіпті
біздің компания үшін теңдесі
жоқ жағдай болып табылады.
Біз бір де бір жұмысшы үшін
бұндай қадамға барған емеспіз.
Мердігеріміздің сауығуға
мүмкіндігін арттыру үшін біз бұл
қадамға бардық, - деп қосты
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ
еңбек қорғау және өндірістік
қауіпсіздік жөніндегі директоры
Андрей Маркин.
Компания қызметкерлерінің
алдында тұрған негізгі міндет
– бұл өндірісте бақытсыз
жағдайларға жол бермеу
болып табылады. Бұл
мақсатта, бірінші кезекте
профилактикалық жұмысты
күшейту керек. – Менің
барлық басшыларға деген
үлкен өтінішім бар: өздеріңіз
басқаратын цехтардағы
қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін шараларды қолға
алыңыздар. Егер біз әр ауысым
басында өз қызметкерлерімізге
еңбек қорғау жайында кішігірім
дәріс өткізетін болсақ, олар
ауысым соңына дейін есінде
ұстайтын болады. Бізге енді
қаралы хабардың қажеті
жоқ, өткен жылы ондай хабар
тым көп болды. Сол себепті
мен сіздерден осы мәселеде
өздеріңізге, әріптестеріңізге
және компанияға
көмектесулеріңізді сұраймын.
Мен жағымды өзгерістерді
байқаудамын, алайда әлі де
болса жақсартуды талап ететін
тұстар бар, - деді Парамжит
Калон.
Болат департаментіндегі
қауіпсіздік көрсеткіштері өткен
жылдың сәйкес мерзіміндегімен
салыстырғанда әлдеқайда
жақсы жаққа өзгергендігін атап
өту қажет.
- Үстіміздегі жылы он бір
жұмысшының жарақат
алу жағдайы тіркелген.
Қуанышымызға орай
олардың арасында өлімге
әкелген жазатайым оқиғалар
тіркелмеген. Ал өткен жылдың
сәйкес мерзімінде барлығы
он төрт бақытсыз жағдай
(оның екеуінің салдарынан
адам шығыны болған)
тіркелген болатын. Ал жиілік
коэффицентіне келетін болсақ,
болат департаментінде
ол 0,63 құраған, ал өткен
жылдың сәйкес мерзіміндегі
бұл көрсеткіш – 0,72
болған. Жылдың басынан
бері компанияның болат
департаментінде бес кәсіби
сырқат жағдайы тіркелген,
бұл өткен жылдың сәйкес
мерзімімен салыстырғанда
бір оқиғаға кем, - деп
хабарлады Андрей Маркин. –
Көрсеткіштерді жақсарту – бұл
сіз бен біздің ортақ еңбегіміздің
жемісі. Біздің барлығымыздың
алдымызда өлімге әкелуі
мүмкін жарақаттануларды
болдырмау. Бізде осыған
қажеттінің барлығы бар.
Әлеуметтік көмек
- Мен бірнеше жыл бұрын
аглофабрикада орын
алған бақытсыз жағдайды
сіздердің естеріңізге салғым
келеді. Қазір ортамызда сол
қайғылы оқиғада қаза тапқан
келіншектің балалары отыр.
Біз балалардың тұңғышына
2016-2020 жж. аралығында
жоғарғы білім алуы үшін
сертификат беру туралы шешім
Қыркүйек айында
«АрселорМиттал Теміртау»
АҚ төрт жүзге жуық
жұмысшысы жоғарылатылған
еңбекақы алатын болады.
Компания басшылығы
жалақысы 80 мыңнан төмен
жұмысшыларын қолдау
туралы шешім қабылдады.
Компания жұмысшыларының еңбекақысы көтерілді
- Біздің компаниямызда жалақысы
төмен адамдар жұмыс істейді.
Сондықтан біз оларды қолдау туралы
шешім қабылдаған болатынбыз. Бұл
>
Еңбекақы
қабылдадық. Біз оның анасын
қайтара алмасымыз анық,
бірақ оның білім алып маман
атануына ықпал ете аламыз, -
деді Парамжит Калон мырза.
Аталмыш жазатайым оқиға
орын алған кездегі әрекет еткен
ұжымдық келісім-шарт бойынша
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ
қаза тапқан жұмысшыларының
балаларына жоғарғы білім
алуын төлеуге міндетті емес
болатын. Алайда қаза тапқан
жұмысшының тұңғыш ұлы
мектеп бітіргеннен кейін
оның қамқоршысы компания
басшылығына өтініш білдірген
болатын. компания басшылығы
мектеп бітірушінің таңдаған
жоғарғы оқу орынында білім
алуына демеуе көрсету туралы
шешім қабылдаған. Оның
болашақ оқу орны ретінде
астаналық жоо-ның бірін
таңдағаны белгілі.
Өндіріс
Кездесу барысында өндірістік
мәселелер де назардан тыс
қалмады. Бас директор өнім
өндіру және жөнелту жағдайы
қалыпқа келе жатқандығын
айтты. Ал бұл өз кезегінде
болашаққа үмітпен қарауға
мүмкіндік береді.
- Шілде айында біз жақсы
жұмыс істедік. Және ары
қарай да осындай темпте
жұмыс істейтінімізге сенемін.
Үстіміздегі жылы біз төрт
миллион тонна болат өндіруді
жоспарлап отырмыз. Мен бұл
біздің қолымыздан келетіндігіне
сенімім мол. Егер бұл біздің
қолымыздан келсе, «13-
ші жалақы» туралы мәселе
шешімін табатын болады, -
деді АрселорМиттал ТМД бас
директоры.
Өндірісшілер 4 миллиондық
көрсеткішке қол жеткізу
мүмкіндіктерінің бар екендігін
айтады. Өндіріс жөніндегі
директордың орынбасары
Андрей Бергтің айтуынша,
бүгінгі таңда өнімнің барлық
түріне де тапсырыс көп. Тіпті
күтіп тұрған жөндеулерді
ескергеннің өзінде қойылған
мақсатқа қол жеткізуге болады.
- Осы жылдың аяғына дейін
барлық домна пештеріне
жөндеулер жүргізу керек,
осыған байланысты өндірістік
жоспарды құрастырып
отырмыз. Оның үстіне бізде
№6 агломашинаның жөндеуі
жоспарланған. Оны біз
домналардың бірін тоқтатумен
>
Рroximity meeting
бірге жүргізетін боламыз.
Сондай-ақ қазан айының
екінші жартысында ыстық илек
орнағының күрделі жөндеуі
жоспарланған. Ол 15 тәулік
бойы жалғасатын болады, -
деп атап өтті Андрей Берг. –
Көріп отырғандарыңыздай,
бағдарламамыз маңызды
қадамдардан тұрады. Осының
өзінде 4 миллион тонна болат
өндіру жоспарын іске асыру
төртінші домна пешті жоспарлы
мерзімінде іске қосқан
жағдайда әбден мүмкін.
Жұмысшыларды қабылдау
Кездесу барысында
қызметкерлер құрамының
саны жөніндегі мәселе
көтерілген болатын. Бұл жолы
тараптар компанияға жастарды
қабылдау туралы сөз қозғады.
Парамжит Калонның айтуынша,
келешегі бар мамандардың
«АрселорМиттал Теміртау»
компаниясына жұмысқа
орналасу мүмкіндігі бар.
- Біз жабдықтау бөліміне
жұмысқа қабылдау үшін 8-10
адаммен сұқбат жүргіздік. Біз
сондай-ақ маркетинг бөліміне
және өндірістік бөлімдерге
қызметкерлерді қабылдап
жатырмыз: мен жұмыс істеуге
ниет танытқан адамдардың
түйіндемесін жинауды
сұрадым. Сонымен қатар бізге
«Құрылысмет» ЖШС жұмыс
істеу үшін жас мамандар қажет.
Олардың барлығы да жас әрі
талантты, болашақта біз оларға
сенім артуға тұратын келешекті
адамдар болғаны абзал, -
дейді АрселорМиттал ТМД бас
директоры Парамжит Калон.
- Біз жұмысқа қабылдау
бағдарламасын кеңейтіп
жатырмыз. Мысалы, бізде
«Топ-100 жас маман»
бағдарламасы әрекет етеді.
Бұл өте жақсы бағдарлама,
және жақын арада оның
арқасында компанияға 45
адам жұмысқа қабылданнатын
болады. Бүгіннің өзінде жоғарғы
оқу орындар түлектерінің
арасынан үміткерлерді іріктеу
жүріп жатыр, - деп қосты
«АрселорМиттал Теміртау»
АҚ еңбек ресурстары мен
еңбек қарым-қатынастары
жөніндегі директоры Дмитрий
Павлов. – Бұдан басқа бізде
«Өндірістік тағылымгер» деп
аталатын бағдарлама бар. Ол
бойынша мердігерлік ұйымда
бір жыл жұмыс істеген, және
жақсы жағынан көзге түскен
жұмысшыларды компанияға
жұмысқа қабылдайтын
боламыз. Өткен жылдың
қорытындылары бойынша 25
адам аталмыш бағдарламамен
жұмысқа қабылданған
болатын, биыл біз бұл санды
екі есеге арттыруды жоспарлап
отырмыз. Бұл қызметкерлер
құрамының жасын жасарту үшін
жасалған тағы бір қадамымыз
болмақ.
Марапаттау
Шара барысында болат
департаментінің шілде
айының және ІІ тоқсанның
үздік жұмысшыларын
марапаттау салтанаты өтті.
Алғашқыларына ынталандыру
ретінде кондитерлік цех
өнімдерін алуға сертификаттар
берілді, ал екіншілеріне «Steel»
қонақ үйінің мейрамханасында
екі адамға арналған кешкі
асқа шақырулар берілді.
Онымен бірге ІІ тоқсанның үздік
бригадалары аталған болатын.
Ондайлардың қатарына №2
автоколоннаның жүргізушілер
бригадасы, коксхимия
өндірісінің химиялық цехтардың
жабдықтарын жөндеу жөніндегі
бригадасы, ЖМЗ илек
цехтарының ЖЖЦ бригадасы,
агломерация өндірісінің
шламдар учаскесінің бригадасы
бар. Ынталандыру сыйлығы
ретінде әр бригадаға жалауша,
ал бригаданың әр мүшесіне
бір ай бойы қоғамдық көлікте
жүрудің өтемақысы төленді.
ІІ тоқсанның нәтижесі бойынша
коксхимия өндірісі үздік
бөлімше атанды.
көтерілген жалақысын қыркүйек айында
алатын болады.
- Біздің компаниямыздағы жалақы
көлемі өңірдің басқа кәсіпорындарымен
салыстырғанда жоғарырақ, сондықтан
біз өзіміздің жұмысшыларымыздың
жалақыларын көтеруді жалғастырып
жатқандығымыз қуантады, - деді
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ
еңбек ресурстары мен еңбек қарым-
қатынастары жөніндегі директоры
Дмитрий Павлов. – Қазір біз өз
жұмысшыларымыздан қауіпсіздік
техникасының ережелерін сақтауын,
өндіріс пен жөнелту бойынша бизнес-
жоспарды орындауға қажетті
кәсіби жұмыс істеуін талап етеміз.
Осы қойылған мақсаттарымызға
қол жеткізудің арқасында біз өз
жұмысшыларымызға жақсы жалақы
және мүмкіндігінше қосымша
сыйлықақылар беретін боламыз.
Осыдан үш жыл бұрын «АрселорМиттал
Теміртау» компаниясында жалақылары
60, 65 және 70 мың теңгеден төмен
жұмысшыларға қосымша өтемақы беру
туралы құжатқа қол қойылғандығын
атап өту керек. Оның үстіне үстіміздегі
жылдың қаңтар айынан бастап
комбинаттың барлық жұмысшыларының
жалақысы 10%-ға өсірілген болатын.
үшін келесідей шешім қабылдадық.
Жалақысы 70 мыңнан төмен
жұмысшыларға ай сайын қосымша 15
мың теңге, 71-75 мың теңге көлеміндегі
жалақы алатын жұмысшыларға 10 мың
теңге қосымша, ал 76-80 мың теңге
аралығында жалақы алатындарға
– 7,5 мың теңге қосымша берілетін
болады. Осылайша, біз оларға қолдау
көрсететін боламыз, - деп атап өтті
АрселорМиттал ТМД бас директоры
Парамжит Калон.
Бұндай қосымша компанияда жұмыс
істейтін 400-ге жуық жұмысшыға тамыз
айынан бастап берілетін болады.
Осылайша, жұмысшылар алғашқы
Парамжит Калон
1 АО "АрселорМиттал Темиртау" 31.08.2016 №35
1 Компания 1 Общество 1 Газета
7
Бетті әзірлеген Ардақ БЕРІК
96-99-10 - баспасөз қызметі. Біз сіздердің хаттарыңызды мына мекен-жай бойынша күтеміз: Теміртау қ-сы, Республика д-лы, 1
ЖЭО-БАС станциясындағылар Александр Оксты өз
мамандығына деген адалдығы үшін қатты сыйлайды.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында Александр
Эммануиловичтің қазандық цехында жұмыс істеп
келе жатқанына 41 жыл толды. Оксты әріптестері
бөлімшенің көнекөз жұмыскері әрі тәжірибесі мол
білікті маманы ретінде жоғары бағалайды.
Өмірлік таңдау
- Мен әскери міндетімді
атқарып келген бетте
металлургиялық комбинатқа
жұмысқа тұру туралы шешім
қабылдадым, - дейді Александр
Эммануилович. – Алғашында
құю-механикалық зауытында
токарь болып жұмыс істедім.
Бір жылдан кейін бұның
менікі емес екендігін түсіндім.
Осы кезде комбинаттың
ЖЭО-БАС станциясына
жұмысқа қабылдау жүріп
жатты. Қазандық машинисі
мамандығына адамдар
қабылданды. Бұл жұмыс
жайында еш хабарым болған
жоқ. Бәрібір барам деп шештім!
Станцияға келгенімде менімен
қазандық және турбина
цехтарының басшылары
әңгімелескен болатын. Менің
таңдауым қазандық цехына
түсті. Міне сол күннен бері мен
осында жұмыс істеп келемін.
Жақында 41 жыл толды.
Алғашқы қадамдары
- Менің станциядағы алғашқы
жұмыс күнім әлі есімде. Мені
қазандықтардың осыншалықты
үлкендігі таң қалдырды, бұрын-
соңды олар жайында мүлдем
ешнәрсе білмедім ғой, - деп
есіне алады Александр Окс. –
Алғашқы уақытта бұл жердегі
шу үйреншіксіз болды, уақыт
өте келе, әрине үйрендім.
Бүгін тіпті байқамайтын
сияқтымын. Бастапқыда мен
кезекші слесарь болып жұмыс
істедім, жарты жыл өткеннен
кейін қазандық машинисі
болып жұмыс істеуге емтихан
тапсырып, тағылымдамаға
жіберілдім. Менің еңбек
жолымдағы алғашқы ұстазым
Николай Загалинов есімді
қазандықтардың аға машинисі
болды. Ол өте жақсы адам
ғана емес, сондай-ақ үлкен
төзімді ұстаз болды. Ол кісі
маған мамандықтың негіздерін
үйретіп, оның барлық қыр-
сырын ашқан болатын.
EBITDA дегеніміз не?
Бухгалтерлік есептердегі және
ақша қозғалысы тұрғысынан
алғандағы компания
жұмысының нәтижелері екі
түрлі болуы мүмкін. Банкте
жатқан қаражат – ол не бар не
жоқ болуы мүмкін нақты құрал.
Дәл осы себептен қаржыгерлер
EBITDA көрсеткішін қолданады,
бұл операциялық ақша
ағынына неғұрлым жақын,
бірақ бухгалтерлік есептің
үйреншікті проблемаларынан
бос көрсеткіш. Ол ақшаға
неғұрлым жақын, әрі компания
өз қызметін ары қарай
жүргізуге мүмкіндігі бар ма
жоқ па екендігін түсіну үшін ең
оңтайлы көрсеткіш.
- EBITDA қалай есептеледі?
- Қаржы саласына байланысты
компанияда қызметтің бірнеше
түрі жүргізіледі. Олардың бірі
– негізгі қызметті ескеретін
операциялық (өнімді сату,
ТМҚ сатып алу және басқасы)
қызмет. Біздің жағдайымызда
бұл – болат өнімдерін өндіру
және сату болып табылады.
Сонымен қатар компания
инвестициялық (негізгі
қорларды қолдау және
дамыту) және қаржылық
(сырттан ақша тарту) қызмет
түрлерін жүргізеді. EBITDA
тек операциялық қызметке
қатысты, яғни ол компанияның
қаржылық және инвестициялық
қызметтерін ескермейді. Бір
сөзбен айтсақ, бұл компания
өзінің негізгі қызметін
атқарудан алатын барлық ақша
көрсеткіші.
Бүгінгі таңда бүкіл компаниялар
өздерінің абсолютті
ақшалай көрсеткіштерін
ашық жариялайды. Яғни
егер компанияның EBITDA
10 миллион доллар болса,
бұл компания өзінің негізгі
қызметінің арқасында табатын
қаражат көлемі де шамамен
соншалықты деген сөз.
- EBITDA көмегімен компания
қызметінің сәтті немесе
керісінше сәтсіз жүріп
жатқандығын қалай түсінуге
болады?
- Өте орынды сұрақ, өйткені
жанағы айтылған операциялық
ақша ағынының он миллион
доллары бір компания үшін
жақсы, ал екіншісі үшін нашар
көрсеткіш болуы мүмкін. Бұл
санның сәтті немесе сәтсіз
қызмет нәтижесі екендігін түсіну
үшін нақты сол компанияның
басқа қызмет түрлерін ескеру
қажет. Мысалы, компанияның
дұрыс жұмыс істеуі үшін оның
негізгі қорларын қолдап тұру
қажет, ал бұл инвестициялық
қызмет түріне жатады.
Мысалы компанияның
инвестицияға деген жылдық
қажеттілігі – 20 миллион
доллар делік. Бұл жағдайда
әлгі 10 миллион доллардың
инвестициялық шығындарды
өтеуге де жетпейтіндігін
көреміз.
Идеалында EBITDA
компанияның барлық
шығындарын жауып қана
қоймай, ірі жобаларды іске
асыруға жəне әлеуметтік
мәселелерді шешуге мүмкіндік
беруі тиіс.
- Қызмет нәтижелерін
саралаудағы бұл
көрсеткіштің қандай
артықшылықтары бар?
- ArcelorMittal тобының ішінде
түрлі жағдайлармен жұмыс
істейтін көптеген зауыттар
бар. Еуропалық кішігірім
зауыттардың операция көлемі
біздің компания сияқты
алпауыттармен салыстыруға
келмейтін кішігірім көлемі бар.
Оның үстіне компаниялардың
қаржылық шарттары да
әркелкі: олардың төлейтін
салық көлемі, ҚҚС ережелері
әркелкі және т.б. Еуропалық
бөлімшелер төменгі пайыздық
мөлшерлемелі несиелер
ала алады, ал ТМД бұндай
мүмкіндіктер жоқ. Сол
себепті де көлемі мен бизнес
жүгізу шарттары әркелкі
компаниялардың таза пайда
көлемі секілді көрсеткішін
салыстыру дұрыс болмайды.
EBITDA-ның ыңғайлығы да
сонда, ол менеджменттің
тікелей әсер ете алмайтын
шарттарды: пайыз
көлемін, салық төлемдерін,
амортизациялық шығындарды
ескермей, таза операциялық
ақша ағынын көрсетеді.
Сондықтан EBITDA тым
әртүрлі шарттарда жұмыс
істейтін, көлемі мен бизнес
жүргізу шарттары да мүлдем
ұқсамайтын компанияларды
өзара салыстыру мүмкіндігін
береді. .
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлерінің көбі EBITDA сөзінің мағынасын
біле бермейді. Бұл көрсеткіштің маңыздылығын оқырмандарымызға түсіндіру
үшін компанияның қаржы жөніндегі менеджері Николай Ведениннен сұхбат алған
болатынбыз.
- EBITDA дегеніміз не және
оның не керегі бар?
- Зауытта күн сайын
қаншама түрлі операциялар
жүзеге асып жатқандығын
елестетіңізші. Біз күнделікті
материалдар сатып аламыз,
жалақы төлейміз, өнімнің
көптеген түрлерін өндіреміз,
оларды тұтынушыларға тиеп
жөнелтеміз. Яғни операциялар
көлемі үлкен, және олардың
қамтитын салалары сан түрлі:
өндіріс, сату, төлеу, есептілік
және сатып алулар т.б.
Зауыттың жалпы қалай жұмыс
істегендігін түсіну үшін осы
көрсеткіштердің барлығын бір
санға келтіру керек. Бұндай
әмбебап бағалау құралы
ретінде қаржы алынды. Яғни
кез келген жұмыстың ақырғы
нәтижесін ақшалай есептеуге
болады.
Қаржылық көрсеткіштердің
түрлері көп, сондықтан
олардың қайсысын ескеру
керек деген заңды сұрақ
туындайды: өзіндік құн, таза
пайда ма әлде қандай да бір
басқасын ба? Бухгалтерлік
есептілік бойынша бұл
ретте өзіндік ережелері
бар, компанияның жұмыс
нәтижесін көргісі келген
қарапайым адам оны
түсінбейді. Бухгалтерлік
есепте ақшаға байланысты
емес және төленбей тұрып
есептелетін бірнеше
концепция бар, сондықтан
қағаз бетіне түскен есептің
нәтижесі жақсы болғанына
қарамастан іс жүзіндегі
жағдайдың ондай жақсы
болмауы әбден мүмкін. Бұл
көрсеткіш компанияның негізгі
қызметінің бар нәтижесін
және кәсіпорынның ықпал
ете алмайтын сыртқы
факторлардың әсерлерін
ескеруі қажет.
>
Қаржы
Жас мамандарға берілетін
кеңес
- Маған менің жұмысым
ұнайды, мен оны жақсы көремін
және осыдан қырық жылдан
астам уақыт бұрын жасаған
таңдауыма еш өкінген жоқпын, -
дейді Александр Эммануилович.
– Бір орыннан екіншісіне секіру
мен үшін емес. Кез келген
мамандық тұрақтылық пен
адалдықты талап етеді. Өз
ісіңнің нағыз шебері болу үшін
көп жыл еңбектену керек.
Мамандықты жете ұғыну, үнемі
жаңа нәрселерді үйрену, оған
жауапты қарау және сыйлау
қажет. Сонда ғана сені де
сыйлайтын болады. Ал жұмысқа
ынтасы жоқ адамның еңбегі
жеміс бермейді. Мен таңдауына
тұрақты емес болғандықтан
еңбек кітапшасындағы
парақтары жетпеген адамдарды
білемін. Меніңше бір орында
жұмыс істеу керек.
Марапаттау
- Мен өзімнің «Еңбек
даңқы» белгісімен
марапатталатынымды
станция директорынан білдім,
- дейді Александр Окс. – Бұл
жаңалықты айтарда маған
компанияның Металлургтер
күніне орай өткен салтанатты
жиынға екі шақыруын қоса
берген болатын. Мен онда
жолдасыммен бірге бардым.
Марапаттау рәсімі мен үшін
күптігей сәт болды. Жұмыс істеп
келе жатқан жылдар ішінде мен
көптеген құрмет грамоталары
мен естелік сыйлықтарын алған
болатынмын, алайда бұндай
жоғары дәрежелі марапатқа
алғаш рет лайық деп танылып
отырмын. Салалық кеуде белгіні
менің кеудеме АрселорМиттал
ТМД бас директоры Парамжит
Калон тақты, ал белгінің куәлігін
маған кәсіподақ комитетінің
төрағасы Виктор Щетинин
табыстады.
Достарыңызбен бөлісу: |