Электр өрісіндегі қатты бөлшектер мен сұйықтардың қозғалысы электрокинетикалық құбылыс деп аталады. Электрокинетикалық құбылыстарға: электрофорез, электроосмос, седиментация потенциалы, ағып өту потенциалы жатады.
Дисперсті фазаның бөлшектерінің тұрақты электр өрісіндегі қозғалмайтын ортаға қатысты ауысу процесі электрофорез деп аталады. Қолданылуы:
әр түрлі беттердің үстін жабуға, никельдеуде, мырыштауда;
Седиментация потенциалы –электрофорез процесіне кері құбылыс. Дисперсті фаза бөлшектерінің ортаға қатысты қозғалысы кезінде пайда болған потенциалдар айырымын сипаттайтын электрокинетикалық құбылыстар седиментацияпотенциалы деп аталады. Тұрақты электр өрісіндегі дисперсті ортаның қозғалыссыз дисперсті фазаға қатысты ауысуы электроосмос деп аталады.
Қолданылуы:
поралы материалдарды сусыздандарғанда және құрғатуда;
материалдардың сапасын жақсартуда, ерітіндінің материалға сіңірілуі үшін (пропитка древесины);
мұнай өңдеуде.
Ағып өту потенциалы–электроосмосқа кері электрокинетикалық құбылыс. Қозғалыссыз фазаға қатысты дисперсті ортаның қозғалысында потенциалдар айырымының пайда болуын сипаттайтын электрокинетикалық құбылыс ағып өту потенциалы деп аталады.
Әдебиеттер тізімі: Негізгі: 1.В.В. Еремин, С.И. Каргов, И.А. Успенская, Н.Е. Кузьменко, В.В. Лунин. Основы физической химии. Теория и за