Талқылау: Ықтималдылықтар теориясы кездейсоқ құбылыстардың заңдылығымен айналысатын математикалық ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылып отыр, математиканың көптеген салаларына қарағанда, ерекше орын алып отыр. Ықтималдылықтар теориясының әдістері, оның апараты барлық жаратылыстану және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп ұғынылатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ архелогияға да еніп, олардың ішкі құрлыс заңдарын ашып көрсететін пәрменді құралға айналып отыр.
Қазақстан мектептерінің практикасына 1999 жылы жалпы білім беретін мектептердегі математика пәнінің бағдарламаларына (жоба) ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері енгізілді.
2002 жылы бекітілген және қазіргі уақытта қолданыстағы ҚР орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында «Математика» пәні бойынша оқу пәнінің базалық білім мазмұнында ықтималдық теориясы мен математикалық статистика элементтері бойынша оқушыларға қойылатын талаптар ауқымы айқындалған.
«Ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтері» желі мазмұнын берейік: статистикалық мәліметтердің берілу тәсілдері (кестелер, диаграммалар, полигон), статистикалық сипаттамалар (мода, медиана, арифметикалық орта, өріс, орта сипаттамадан ауытқу); нақты процестердің графиктері, варианталарды санау, жүйелік іріктеу, варианталар терегі, алмастырулар, орналастырулар, терулер, Ньютон биномы; кездейсоқ сынау; ақиқат, мүмкін емес және кездейсоқ оқиғалар, тең мүмкіндікті оқиғалар, жиілік, кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы; ықтималдықтың классикалық, геометриялық моделі.
Бірақ осы уақытқа дейін бастауыш пен негізгі мектепке арналған математика оқулықтары мазмұнынан «Ықтималдықтар теориясының элементтері мен математикалық статистика» тарауының тақырыптары өз орнын толық таппады. Демек, бүгінгі күн тәртібінде біздің елімізде ықтималдық және статистика негізін мектептегі математикалық білім мазмұнына теңқұқықты етіп енгізу туралы сұрақ тұр. Ол талқылау мен дискуссия кезеңінен мектептің базалық математика курсынан стохастикалық жүйенің орнын таңдау, оның мазмұнын нақтылау мен оқытудың әдістерін жасауға байланысты нақты шешімдерді іздеу кезеңіне өтті
Қорытынды: Мен қорытындылай келе, айтқым келетіні ықтималдықтар теориясын оқу қажет. Оның маңызы адамның күнделікті өмірі, дүниені танып-білу барысы кездейсоқ оқиға толы болғандықтан ондағы кездейсоқтық заңдылықтарын білуде. Ықтималдықтар теориясы әр салада үлкен үлесін қосады. Демография, жаратылыстану салаларында да қызмет етеді. Қазақстан мемлетінің ер-азаматтары көп болуы керек. Олардың туу жиілігін ықтималдықтар теориясы зерттейді. Ал ол біздің мемлекетке дамыған елу елдің қатарына кіру үшін өте маңызды. Бұл тек мектеп бағдарламасында оқытылмай, жеке сабақ ретінде оқытылып, терең зерттелуі қажет деп ойлаймын. Мұны қазақстандықтар, әсіресе болашақ ұрпаққа оқу өте маңызды. Мен тақырыпты ары қарай зерттемекпін. Оны жақсы меңгеріп,болашақта Қазақстан Республикасының жетістіктеріне үлес қоспақпын. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері бастауыш сыныптардан бастап жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле таңдалған. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау, оларды әртүрлі кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде беру, комбинаториканың қарапайым есептеулерін жүргізу, мәліметтердің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын табу математиканың енгізілуіне мүмкін болатын жерлерінде біртіндеп берілді және бұл материалдар оқушыға математикалық абстракциядан гөрі практикалық зерттеулік іс-әрекеттер жасауына, комбинаторикалық ойлауының дамуына оң әсерін тигізеді. Қорыта келгенде осындай есептерді шешу оқушыларға комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелерін игеруге көмектеседі, логикалық дамуға және практикалық икемділікке баулуға септігін тигізеді, өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жолымбаев О. М., Тайболдина Қ. Р. «Комбинаторканың, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негіздері» эллективті курсының құрылымы мен мазмұны, Мақала
Математика в школе. Научно – математический журнал. Алматы, 2000ж
Нурсултанова Г. Комбинаторика, элементы теории вероятностей и математической статистики. 2004. Семей.