Байланысты: К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама
КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРЫ Көмекші сөздерге анықтама бергенде оның дербес лексикалық мағынасының болмайтындығын баса айтамыз. Атауыш сөздерден ажыратып, жеке топ ретінде бөліп алғанда да осы мағынасының болмауы себепші болған. Дегенмен де бұл көмекші сөздердің лексикалық мағынасы бр деген тілшілердің пікірін қолдаймыз. Сондықтан да көмекші сөздер деп өздерінің дербес лексикалық мағынасы түрлі дәрежеде солғындаған екінші бір атауыш сөздердің жетегінде келіп, соның мағынасын түрлі дәрежеде тиянақтап келетін, не сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы қызметін атқаратын сөздердің тобын айтамыз.
Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы мәселе тіл білімінде даулы мәселелердің бірі болып саналады. Бұған тіл білімінің даму деңгейі кінәлі емес, көмекші сөздердің мағынасының ішкі табиғатының өзі кінәлі. Біріншіден, көмекші сөздердің барлығына бір өлшем қойып мағынасын анықтау мүмкін емес. Жалпы сөздердің лексикалық мағынасын анықтауда белгілі бір өлшем бар дегенде сенудің өзі қиын. Атауыш сөздердің өздерін де мағынасына қарап талдау жасағанда бір өлшем айтамыз. Салыстыралық, сын есім мен зат есімдердің лексикалық мағыналарының дербестігі бірдей есемтігі анық. Сын есімдер мағына жағынан зат есімдерге анықтама бергенде заттың сынын, түсін, сыр-сипатын, ішкі қасиетін білдіретін есім сөздердің тобын айтамыз деп көрсетеміз. Демек сын есімнің мағынасында аз болса да зат есімге тәуелділік бар. Ал есімдіктердің мағынасын анықтауда мүлде басқа принцип ұсынамыз. Мен, сен, ол, анау, мынау, қанша, неше, кім деген сөздерді мағынасына қарай бір топқа енгізіп есімдік деп атау мүлде қиын. Олардың басын қосып тұрған нәрсе — орынбасарлық, басқа сөздердің орнына қолдану қызметі. Бірақ сөздердің сөйлемдегі қызметі (орыс тілінің функция терминінің баламасы ретінде алдық — О.М.) мен сөздердің лексикалық мағынасы бір нәрсе еместігін де есепке алу керек. Мен, сен, ол деген есімдіктердің лексикалық мағынасы — айтушы, талдаушы, бөгде жақтарды білдіруі. Ал олардың нақтылы ненің орнына қолданылуы текст ішінде анықталатын, синтаксистік қызметіне байланысты мағынасы. А.В.Бонцин грамматических единиц (форм и конструкций) необходимо отличать от значений, хотя эти понятия тесно связаны друг с другом и могут сближаться. Значение грамматических единиц относятся к содержательной стороне языка и включаются в понятие языкового строя. Что же касается функции, то её реализация в речи может представлять собой назначение тех или иных средств, входящих за пределы языка», - деп рамматикалық формалармен байланысты айтқан болатын (47,21). Нақ осы қағиданы лексикамен байланысты да қолдануға болады.
Ең алдымен, мағына мен сөздердің сөйлемдегі қызметі (функция) бір нәрсе еместігін мойындау қажет сияқты. Әрине, мағына жеке сөздерге тән болады. Бірақ олар сөйлем құрамына еніп, мәтіндерде қолданылып, жаңа мағыналық реңк қабылдайды. Сөздердің грамматикалық формалардың жеке тұрғандығы, өздеріне тән болған төл мағынасы мен оның мәтінде қабылдаған реңктерінің аралығында тікелей не сатылай ұштасып жататын байланыс болады. Бұны дәстүрлі тіл білімімізде көп мағыналықпен, стилистикалық қолданумен байланысты айтып та , жазып та жүргенбіз. Даусыз нәре сол – тіл элементтері сөйлем, не мәтін құрамына түскенде жаңа мағыналық реңкке ие болу мүмкіндігі барлығы жаңа мағынада қолдануда контекстің, өздері байланысты болған сөздердің ықпалы болатындығы. Мысалы, қоңыр сөзін алайық. Қоңыр – заттың түсін білдіретін сапалық сын есім. Бірақ қоңыр салқын, қоңыр даусы бар дегендерде қоңыр түсті білдіріп тұрған жоқ, дегенмен, қазақ тілінде мұндай тіркес қолданылады. Функционалды тіл білімінің өкілдері тілдің коммуникативті қызметімен байланысты сөздердің түрлі тіркестерін, түрлі деңгейдегі қолдануларын, пайдалануға болатындығын жоққа шығармайды. (132,365,567). Бұл адамзаттың тілдік практикасында ертеден қолданылып келе жатқан заңдылық. Олар ұзақ даму жолын басып өткендіктен өзінің алғашқы даму басқышын көмсекілентіп, қазір стандартты тіркес дәрежесіне жеткен болуы ықтимал. Біздіңше, олар о баста үлкен контексі құрамында ғана түсінікті болып, біртіндеп кіші контекстерде де түсінікті бола алатындай дәрежеге жеткен сияқты. Мысалы, Абайдың «Қыс» деген өлеңін алып көрсек: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Бұл үзіндіде әйтеуір бір нәрсені суреттеу барлығы анық, бірақ нені? Сөздердің қолданылуында күнделікті қолданылып жүрген дағдылықтан айырмашылы жоқтай. Өлеңнің кейінгі екі тармағын қоссақ, мұнда басқаша мәнде қолданылып тұрған сөздер екендігіне көз жеткізуге болады, яғни Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды. Абай осы алты жолда киімі жоқ қысқа киім кигізді, сақал берді, дене берді, мінез - құлқын көрсетті т.б. Қысты суреттей отырып, жаңа тіркес жасады.
Коммуникативті негізде пайда болған тіркестер, алғаш салыстырып қолданылуы, біртіндеп салыстыру қасиетінен де айырылуы мүмкін. Мұндай теңестіру нәтижесінде сөздерде жалпы мағына, жаңа функциялар пайда болады. Мысалы, Ішім өлген, сыртым сау (Абай). Іш пен сырт сөздерінің антоним екені анық, бірақ өлім мен сау антоним емес. Өлі сөзінің антонимі – тірі, саудың антонимі – ауыру. Абай өлеңінде ол антонимдік мәнді шендестіре қолданып түр.
Валенттік теориясы бойынша сөздер сөз тіркесінің құрамына еңгенде өзара бір мағыналық элементтерімен (сема) байланысып жатуы керек. Егер ондай байланыс болмаса, сөз тіркесінің табиғаты бұзылады, не сөз тіркестерінің сыңарының біреуінің мағынасы өзгереді. Осы заңдылық бойынша тірі өлік, жақсы жаман болыпты сияқты тіркестер пайда болған. Егер дәстүрлі тіл білімі негізінде қарайтын болсақ тірі де, өлік те, жақсы да, жаман да толық мағыналы сөз. Бірақ жаман, өлік жоғарғы тіркестегі мағынасын «Жаман атқа жал бітсе...», «... сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің» (Әуезов) дегендегі жаман, өлік сөздерімен мағынасы тең деп айтуға мүлде болмайды.
Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы сөз болғанда жоғарыдағыдай қасиеттерінің болатындығын ескеру керек: олардың барлығын да бір деңгейде лексикалық мағынаға ие деуге болмайды. Көмекші сөздерде лексикалық мағына бар деуші ғалымдардың көпшілігі көмекші сөдердегі лексикалық мағынаны дербестік дәрежесіне қарай анықтауға әрекет етуі, топтастыруы пікірімізге дәлел болады. Кейбір тілшілеріміздің көмекші сөздердің бір тобына лексикалық мағына жоқ дегенде сүйенетін дәлелі де осы, мағына дербестігінің өте нашар болуында. Тіпті кейбір көмекші сөдерде лексикалық мағына жоқтай көрінеді, оларды қосымшамен теңестіреді. Мысалы, оқу үшін келдім = оқуға келдім; Үйге қарай кеті=үйге кетті т.б. Түркі тілдеріндегі көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деп арнайы еңбек жазып , пікір айтқан Ф. Зейналов та көмекші сөздердің мағына дербестігінің деңгейі бірдей еместігін мойындаған. «Служебные имена ни что иное, как существительное, выражающие предместность вне изофетной конструкции. Это слово сохраняет самостоятельность даже в сочетании», - деп тәуелдік жалғауын қабылдап қолданылғанда да заттың мағынасын сақтайды деп есептейді. (94, 40).
Көмекші сөздерді сөз деп танитын болсақ, олардың лексикалық мағынасының бар екендігін мойындауымыз шарт. Олардың сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы, түрлі синтаксистік қызмет атқаруын көмекші сөздердің функциясынан1 деген дұрыс. Сондықтан да көмекші сөздердің (атауыш сөздердің де) лексикалық мағынасы мен синтаксистік қызметі арасында тбайланыстың барлығы анық, бірақ ол басқа жоспардағы зерттеуді талап ететін нәрсе. Көмекші сөздерде лексикалық мағына дегенде біз осы толық мағыналы, атауыш сөздердің мағынасымен тең, айрмашвлығы сол – көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербестігінен айырылған. Нәтижесінде олар сөйлемнің құрамынан тыс, екінші бір сөздің жетегіне ермей қолданылмайтын дәрежеге жеткен. Атауыш сөздер өздерінің мағына дербестігін сақтаған, жеке өздері қолданылып, басқа сөздерге байланыспай-ақ мағына білдіре алады. Алды, арты, жаны, маңы, келді, бастады, қалды, үшін, дейін сияқты сөздерді лексикалық мағынасы жоқ болғандығы үшін көмекші сөздер деп атамаймыз, олаорды дербес лексикалық мағынасын солғындатқандығы үшін көмекші сөз деп атаймыз. Екіншіден, көмекші сөздер өзінің алдында тұрған атауыш сөздердің мағынасын толықтырып, таза синтакаистік қызмет атқарады. Бірақ бұл көмекші сөздер жеке тұрғанда лексиакалық мағына білдірмейді лексикалық мағынаға сөйлем белгілі бір текст ішінде ғана ие болады деу дұрыс сөз емес.
____________
Функция терминін орыс тіл біліміндегі мағынасында қолдандық. Қазақ тіл білімінде, сондай-ақ түркітанымда бұл терминнің баламасы ретінде қолданылатын терминді кездестіре алмадық.
Мысалы, іші, қасы, арасы, үшін, дейін, қарай, баста, қолды, алды, ғана, ма сияқты көмекші сөздер қай тіркесте байланысып өзінің мағынасын сақтайды. Сөйлем ішінде байқалынған мағына аутқуды олардың көп мағыналық сипатымен байланыстыру керек. Салыстыралық, іші көмекші есімі арасына, ортасына кіруге болатын мағынасы бар сөздермен тіркесіп келеді де, соның мағынасын тиянақтайды. Үйдің іші, ауылдыцң іші, орманның іші т.б. Үшін шылауы есім сөздерге тіркесіп келіп мақсат мағынасын үстейді; Оқу үшін келдім, өмір үшін күресті т.б. Бірақ үшін сөзі- арнау, себеп т.б. мағыналарды білдіру үшін де қолданылады. Салыстырамыз. Адама тамақ жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақ жейді; Қасқырды сұрлығы үшін соқпайды, ұрлығы үшін соғады; Оқушылар оқу үшін кітап алды т.б. Кей тілшілер үшін сөзінің себептік арнау мағынасын контекстен туған мағына деуі мүмкін. Бұл сияқты пікір көп мағыналы атауыш сөздермен байланысты көп айтылған. Біздіңше, контекст мағына жасамайды, керісінше көп мағыналы сөздердің мағынасын тиянақтайды. (187). Үшіншіден, көмекші сөздердің көпшілігі белгілі бір грамматикалық категорияның мағынасының аясында қолданылып, сол грамматикалық категорияның аналитикалық формасының құрамында соның бір сыңары ретінде өмір сүреді. Соңғы жағдай көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ, грамматикалық мағына бар деушілердің негізгі дәлелі ретінде қолданылады.
Қазіргі қазақ тілінің материалдарының көрсетуінше, көмекші сөздерді мағына дербестігінің деңгейіне қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа бірде көмекші сөз, бірде толық мағыналы сөз қызметінде қолданылатын көмекші есімдер мен етістіктерді қоссақ, екінші топқа тек көмекші сөз ретінде қолданылатын шылау көмекшілерді қосамыз. Тіл білімінде бірінші топтағы көмекшілерді функционалды көмекшілер деп те атайды, ал екінші топтағы көмекшілерді нағыз көмекшілер деп атайды. Көмекші есім мен көмекші етістіктердің лексикалық мағынасының, аз болса да, бар екеніне тілшілеріміз таласпайды. Шындығында көмекші есім мен көмекші етістіктердің өздерінің толық мағынасы сыңарынан әлі толық қол үзіп кете қоймағандығын оңай дәлелдеуге болады. Салыстырыңыз. Қазығұрттың басында кеме қалған (халық әні) деген мысалда бас сөзі көмекші есім қызметінде қолданылып тұр. Оның адамның дене мүшесімен байланысы барлығы анық. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде таудың басы, шөптің басы сияқты тіркестермен келетін сөз мағынасын жеке жеке мағына ретінде беріп, бір сөздің аясында топтастырған. (131,11,112.) Біз ағаштың басы, таудың басы, судың басы, сойылдың басы, ауылдың басы сияқты тіркестерде қолданылған бас сөзін атауыш сөз деп есептемей, көмекші есім деп есептейміз. (188). Дене мүшелері атауларының белгілі бір тіркестерде өздерінің мағыналық дербестігінен ажыралып, көмекші сөз ретінде қолданылуы басқа түркі тілдерінде де байқалынады. Салыстырыңыздар, қарақалпақ тілінде: жууерінің басы, тау басы, XIX әсирдиң басы т.б; ноғай тілінде тав басы, терек басы, иыл басы; құмық тілінде: тав башы, терек башы; қырғыз тілінде: чөптун башы,тоонун башы, суунун башы; башқұрт тілінде: тау башы, иыл башы, кәдәм башы; татар тілінде: агач башы, тау башы, урам башы; хакас тілінде: чыл пазы, аал пазы, ағас паындпа: қарашай машар тілінде: юйню башы, тауы башы, пышаны башы т.б. Өзбек тілінде: дарахтнинг боши, тоғ боши, учок боши т.б.; ұйғыр тілінде дәрианиң башы, тағик башы, качениң башы; азербайжан тілінде: дағын башы, ағачын башы, бұлағын башы; түркмен тілінде: ағажын башы, столуң башы, гүзүл башы т.б. Жоғарыда мысал ретінде келтірілген баш сөзінің қаіргі тіркі тілдерінде қолданылған мағынасын адамның дене мүшесінің бір мағынасымен (орналасқан орны жағынан) байланысты дамығандығын нақты мысалдармен байланысты анықтауға болады. Немесе бас сөзінің көп мағынасының бір мағына тармағы негізінде пайда болған көмекші сөз екендігіне көз жеткізуге болады. Шылау көмекшілерде ертеректе ондай байланыс болғанымен, қазір ондай байланыс үзілген. Салыстырыңыз, қарай септеулік шылауын алып көрейік Этимологиялық жағынан қарай шылауын қара және й морфологияларына бөлуге болады. Қазіргі қазақ тіліндегі («Қарай берші, қадала») қарай етістігі мен қарай шылауы тікелей байланысты, бірак шылау мағынасында қолданылғанда амал-әрекеттік мағына білдірме, тек бағыттық мағынаны білдіру үшін қолданылады. Мысалы: ауылға қарай кетті; Үйге қарай шаппайды т.б. Француз тілінің маманы П.Г.Гак предлогтар туралы айта келіп, предлогтардың жеке өздеріне тән мағынасы бар ма? Деген сұрау қояды. (57,290.). Сұрау дұрыс қойылған. Егер дәстүрлі грамматикалардағы қағидаларға сүйенетін болсақ, грамматикалық мағына бірнеше сөздерде, белгілі бір сөз тобына енетін сөздердің көпшілігіне, не бәріне тән болады. Мысалы, деректі, дерексіздік мағына, жалпылық, жалқылық зат есімдерге тән, шақ, рай мағынасы етістіктерге тән. Егер көмекші сөздердің білдірген мағынасы жалпылық, универсалдық сипатқа ие болса, онда олардың білдірген мағынасы лексикалық мағына болмастан грамматикалық мағына болып саналады. Керісінше, лексикалық мағына белгілі бір сөздер тобының құрамына енген сөздерге ортақ мағына болмастан жеке сөздерге тән мағына болып саналады. Индоевропа тілдеріндегі предлогтарға қарағанда түркі телдеріндегі көмекші сөздердің көпшілігінің (демеуліктерден басқаларының) мағына дербестігі әлдеқайда жоғары. Ал жеке көмекші сөздердің тек өздеріне тән мағынасының бар екендігін сөздік жасаушы ғалымдар да, оқулық жазған авторлар да мойындайды. Мысалы, 1967 жылы жарық көрген академ грамматиканың авторлары (көмекші сөздерге байланысты тарауды жазған Р.Әміров) шылау сөздерге анықтама бере отырып, жеке шылауға талдау жасаған. Дейін, шейін септеулігі шек, меже мағынасын, таман септеулігі мезгіл, мекенге жақындау мағынасын, бойы – істің созылу мезгілін, үшін – мақсат мағынасын, гөрі – талдау мағынасын т.б. білдіреді дейді. (129, 225-227). А.Ысқақов та өз оқулығына көмекші сөздерге жоғарыдағыдай семантикалық анықтама берген. Салыстырыңыз, ол үшін септеулігі мақсат, арнау, себеп мағынасын, сайын амал-әрекеттің дүркін-дүркін болатындығын, туралы септеулігі белгілі бір амал-әрекет жайындағы хабарды білдіру үшін т.б. қолданылады дейді. (304, 366-380). Бұл сияқты анықтамалар мен түсініктемелер көмекші сөздер туралы жазылған түркі тілдерінің оқулықтарының барлығында да бар.
Біз жоғарыда көмекші сөздер сөйлемде, сөйлеу кезінде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаратындығын да ескерткен болатынбыз. Сөздердің мағынасы мен синтаксистік қызметі тең еместігін және олар арасында белгілі бір байланыстың бар екендігін де ескеру қажет сияқты. Себебі сөздер сөздер, грамматикалық формалар сөйлем ішінде ғана өзінің мағынасын толық көрсете алады. Сонымен бірге тілдің ішкі заңдылығына негізделе отырып, айтушы адам сол сөзді басқа мағынада, басқа мағыналық реңкте қолдана алады. Мәтіннің қызметінің өзі де осында. Мысалы, атау тұлғалы екі зат есім қабыса байланысса, алдыңғысы соңғысын анықтайды деген заңдылық бар. Демек, қабыса байланысқан екі зат есімнің алдыңғысы синтаксистік қызметін (функциясын) өзгертеді. Ағаш аяқ, қол сағат, темір жол, алмас пышақ деген сөз тіркестерінің бірінші сыңарындағы зат есімдер өздерінің төл синтаксистік қызметін атқарып тұрған жоқ. Заттың неден жасалғандығын, неге арналғандығын, қасиетін білдіріп, заттық мағынасынан ауытқып тұр. Бірақ біз ағаш, қол, темір, алмас сөздерін сын есім деп атамаймыз, зат есім деп есептейміз. Демек бұл сөздердің мағынасы бір басқа да, сөйлемдегі синтаксистіктік қызметі, осы қызметпен байланысты білдіретін мағынасы екінші бір түрлі. Көмекші сөздердің де сөйлем құрамында қолданылғанда жаңа мәнді, жаңа грамматикалық қарым-қатынасты білдіруі мағынадан мүлде қол үзді деуге, грамматикалық формаға айналды деуге негіз бола алмайды. Кез келген сөздің, соның ішінде атауыш сөздердің де, грамматикалық мағыналарды білдіру үшін сөйлемде, мәтін құрамында қолданылуы тілдік заңдылықтан тыс жатқан құбылыс еместігі тілшілер тарапынан айтылып та, жазылып та жүр. (48; 202; 253; 152). Бұл қазақ тілінде де бар нәрсе. Мысалы, жақсылардың жақсысы (күшейтпелі шырай), жігіттің сұлтаны (күшейту мағынасы), оннан екі (бөлшектік мағына), байырғы заманда, келген кезде (мезгілдік мағына) т.б. әрине бұл кезде белгілі бір тіркестер, тіркесу заңдылықтары болады. Ол – мәселенің екінші жағы. Жоғарыдағы мысалдарымызды мәтінмен байланыстыра мағынасын анықтасақ өте қызық семантикалық жағдайға тап боламыз. Жақсылардың жақсысы дегенде негізгі сындық мағына екінші (тәуелдік жалғауы) жақсы сөзінде тұр десек, онда бірінші жақсы тек күшейтпелі мағына қосып тұр деуімізге болады ма? Әрине, жоқ. Олар тек осы тіркесте, не ондай сөздер осы типтес тіркестерде ғана күшейпелі мағына білдіреді. Салыстырыңыз, сұлулардың сұлуы, күштілердің күшітісі т.б. Нақ осындай жігіттердің жігіті, азаматтардың азаматы, аттың аты сияқты тіркестер де қолданылады. Қазақ тілінде жақсы, жаман, сөздері сөйлем құрамында келіп күшейту мағынасында көбірек қолданылады. Мысалы, жаман-жақсы болды, жаман шаршадым, жаман құмар болды т.б. Көмекші сөздер де мәтін құрамында келіп, сөздердің аналитикалық формасы ретінде, грамматикалық мағына білдіру үшін қолданылады. Кітап оқып отыр, балам қалада оқып жүр дегендер нақ осы шақ мағынасында қолданылып тұр. Оларда осы шақтың грамматикалық формасы ып отыр, ып жүр аналитикалық формасы болып есептелінеді. Бұл формалардың осы шақтық мағынада қолданылуына отыр, тұр, жатыр, жүр етістігінің мағынасы себепші болатындығы түркітанымда біраз уақыттан бері айтылып жүр. (185; 126). Отыр, жүр етістігінің оқып жүр, оқып отыр дегенде амал-әрекеттің айтылып тұрған уақытта үздіксіз болып жатқандығын білдірсе, оқып жүр дегенде оқу процесі айтылып тұрған уақытта болмаған болуы да ықтимал. Балам қалада оқып жүр дегенде оқудың ұзақ мерзімге созылатындығы, үздік-создық болатын амалды, бірақ баланың негізгі ісі қалада оқу екіндігін білдіріп тұр. Оқып отыр мен оқып жүрді салыстыратын болсақ, біріншісінде осы шақ өте нақты, екіншісінде созылыңқылықпен байланысты осы шақтық мағына беріп тұр.