Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)


Үшін сөзі, негізінен, мақсат мағынасында қолданылады. Мысалы, жара басты кеудені, Жаудан өлді ар үшін



бет8/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама

Үшін сөзі, негізінен, мақсат мағынасында қолданылады. Мысалы, жара басты кеудені, Жаудан өлді ар үшін (Абай). Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде үшін сөзіне себеп, арнау. Бұл мағына басқа түркі тілдерінде де осы сөз арқылы беріледі. Мақсаттық мағынаны септік жалғаулары арқылы да беруге болады. Мысалы, оқуға келдім – оқу үшін келдім. Бірақ барыс септігінің білдіретін негізгі мағынасы мақсаттық мағына емес, амал-әрекеттің бағытын білдіру. Ал үшін септеулігінің бұл негізгі мағынасы. Екіншіден, кез келген тіркесте барыс септігі мақсаттық мағына білдіре бермейді. Мысалы, Ауылға келдім дегеніміз ауыл үшін келдім емес. Үшіншіден, септеулік жалғауы арқылы берілген мақсат мағынасында жалпылық болып үшін арықылы берілгенде ерекше болу, нақтылау мәні бар. Дейін септеулік шылауы барыс септікті сөздерге тіркеседі. Бірақ дейін септеулігінің мағынасын септік жалғаулары арқылы беруге болмайды. Қазақ тілін түсінетін адам үшін ауылға дейін бардым мен ауылға бардым дегендегі мағына бірдей емес. Қарай септеулігі де барыс септігі зат есімдерге тіркеледі. Өте нақтылы талап етпеген жағдайда ауылға қарай кетті, ауылға кетті деп айтуымызға болады. Дегенмен бұл тіркестердің де мағынасында айырмашылық барлығы ашық байқалынады. Жалпы септеулік шылаулардың қай-қайсысы болмасын, қандай тіркесте қолданылмасын өзінің мағынасы бар екендігін білдіріп, мағына ерекшелігін сақтап тұрады. Осы мағыналық ерекшелігі болғандығы үшін Р. Әміров қазақ тіліндегі септеуліктерді семантикалық топтарға бөледі (129, 222, 225).
Жалғаулық шылаулардың мағынасын да септеуліктермен салыстыруға болады. Айырмашылығы, септеуліктер жеке бір сөзбен байланысты, жалғаулықтар сөздерімен не сөйлемнің мағынасымен байланысты болады. Мысалы, Сөзін оқы және ойла. Тез үйреніп, тез жойма. Жас уақытта көңіл-гүл (Абай). Мысалымызда және сөзі оқы, ойла етістіктерін байланыстырып тұр. Сөйлемдегі және сөзін алып тастап, сәл кідіріспен оқысақ, сөйлемнің мағынасы мүлде бүлініп кетпейді. Бірақ және сөзі қосылып айтылса, мағына әсіресе, ерекше мәнмен айтылады. Т. Қордабаев қазақ тіліндегі кей шылаулардың құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыру үшін де қолданылатындығын, олардың жалғаулықты және жалғаулықсыз түрінің өзара мәндес болатындығын ескерте отырып, «Бірақ бұдан салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз етіп айтуға немесе оның керісінше, жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп айтуға бола береді деген қорытынды шықпайды», – деп жазады (30, 249). Ал Қордабаевтың бұл пікірін түркі тілінің синтаксисін арнайы зерттеген Г. Абдурахманов, М. Асқарова, Е. И. Убратовалар да қолдайды. (2; 17; 259; 176). Демек құрмалас сөйлемді байланыстырып тұрған жалғаулық шылауларда лексикалық мән сақталынады.
Сөздерді топтастырудың екінші өлшемі – морфологиялық түрленуі. Егер морфологиялық белгісіне қарайтын болсақ онда жалпы көмекші сөздерді бір топ ету мүмкін болмайды. Себебі көмекшілердің бір тобы (функционалды көмешілер) түрлі қосымшалар қабылдап түрленсе, екінші бір тобы қосымша қабылдамайтын, түрленбейтін сөздердің қатарына жатады. Көпшілік тілшілер осы екінші топтағы сөздерді көмекшілерінің негізгі тобы деп есептеп, көмекшілер түрленбейтін сөздер деп анықтама береді. Мысалы Зейналов. Ф. Р. «Служебные части речи, отличие от знаменательных, не бывают ни производствеными, ни сложными. Лишены они и словоизменительного процесса. Служебные слова – морфологечески неизменяемая части речи»,- деп барлық көмекші сөздерді түрленбейтін деп анықтама береді (94,14). Қазақ тілінің, сондай-ақ басқа түркі тілдерінің материалдары көмекші сөздердің кейбіреулері сөз түрлендіруші қосымша қабылдайтындығын көрсетеді. Мысалы, көмекші есімдер тәуелденіп барып септік жалғауын қабылдайды, көмекші етістіктер шақ қосымшаларын т.б. қабылдап, түрленеді (157, 183). Екінші бір топ ғалымдар, тіл теориясымен айналысқан ғалымдар, көмекші есімдердің көмектес септіктерді көбірек қолданатындығын мойындайды да, көмектес септік формасында тұрақталып, көмекші сөз қызметін атқарады дейді. Мысалы, К. Е. Майтинская фин-угор тілдеріндегі көмекші сөздерге байланысты пікір айта отырып, Л. С. Левитскаяның кей зат есімдер көмектес септік формасында шылау қызметін атқарады деген пікір сынап, былай деп жазады: «Думается, что подобная точка зрелия на изменяемоть послелогов данной группы неоправдана. Тюркские «послелоги-имена», или «служебные имена» по существу не отличаются от уральских послелогов пространственного значения. Как, тюркские так и уральские единицы выступают как служебные слова: выражают отношение в состав состаянии» (154,10). Нақ осындай пікірді И. И. Мещанинов 1945 жылы айтқан болатын: «... в тюркских языках послелоги управляют определенным падежом и сами млгут, изменяясь по подежам, образовывать новые послелоги с новыми значениями. По существу здесь нет склонения, послелога. Каждая его падежная форма представляет собою самостоятельный послелог,-дейді.(166, 362) Соңғы дәуірлердегі зерттеулердің көрсетуінше, көмекші есім, көмекші етістіктер сөз түрлендіруші қосымшаны қабылдамайтындығы анық болып отыр. Ал кейбір көмекші есімдердің белгілі бір септік жалғауына тұрақталып, мағынасы мен синтаксистік қызметін өзгертіп септеуліктердің қатарына ететіндігі де анықталды. Мысалы, арқасында сөзі «Біреу атын, киімін «айран ішетін» деп солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа тырысады» (Абай) дегенде шылау қызметінде қолданылып тұр. Ал көмекші етістіктердің шақ көрсеткішін есімше, көсемшенің қосамшасын қабылдайтындығына, қазірше, талас жоқ.
Түркі тіліндегі шылау көмекшілер (қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің грамматикасында шылау термині қолданылмайды, тек септеулік, демеулік, жалғаулықтар жеке-жеке алынады) түрленбейтін сөз тобы болып есептелінеді. Бұл шылаулардың тарихи даму жолы мен синтаксистік қызметіне тікелей байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, көмекші сөздердің дүниеге келуі түрлі қосымшалар арқылы беру мүмкіндігі болмаған мағыналық нақтылықты қамтамасыз ету талабынан туған. Функционалды көмекшілер өздерінің өтпелі кезеңдегі қасиеті негізінде екі жақты сипатқа ие болса, шылаулар негізгі синтаксистік қатынасты нақтылайды. Септеулік шылаулардың көпшілігі есім сөздермен этимологиялық жақтан байланысып жатқанымен, септік жалғауларының мағынасымен сәйкес келеғтін мағынада, синтаксистік қызметте қолданылады. Септеулік шылаулардың бір қызметі сөз бен сөзді байланыстыру болғандықтан да себептік жалғауын қосу артықша болар еді. Арқасында тұрасында, турасынан, ретінде, ретімен, салдарынан дегендердегі септік жалғаулары бір кезде сол сөздің көмекші сөз ретінде қолданылуына себепші болған да, уақыт өтуімен байланысты сол кеңістік мығынада, бір форма ретінде тән алынатын дәрежеге жеткен. Сол септік қосымшалары болмаса, олар шылау қызметінде қолданылмайтындығын баса айтқан жөн.
Демек көмекші сөздерді морфологиялық белгісіне қарай екіге бөлу қажет 1)түрленетін көмекші сөздер; 2)түрленбейтін көмекші сөздер. Түрленетін көмекші сөздерге көмекші есімдер, көмекші етістіктер мен модаль сөздерді енгіземіз. Түрленбейтін көмекші сөздерге шылаулар мен асырмалы шырай құрамындағы көмекші сөздерді енгізуге болады.
Көмекші сөздер синтаксистік қызметі жағынан да бір ізді емес. Олардың басын біріктіріп тұрған нәрсе- сөйлемнің дербес мүшесі болмайды. Бұл пікірде тілші ғалымдарымыз бір ізді. Бірақ көмекші сөздердің қолданылуының өзі тілдің синтаксистік талабы негізінде екендігін естен шығаруға болмайды. Кез келген көмекші сөз сөйлемде дербес мүше болмағанымен, сөйлемде белгілі бір қызмет атқарады. Сөздерсөйлм құрамында келіп, сөйлем мүшесі болуы үшін бірнеше шарттарға жауап беруі қажет. М.Балақаев «мағыналық, синтаксистік қарым-қантынасы дерес синтаксистік қызмет атқаратын күрделі сөздер тобын сөйлем мүшесі дейміз»,- деп анықтама береді (29, 109). Сөйлем мүшесі күрделі және басы ашылуы қажетті мәселелері бар синтаксистің проблемасы екендігі анық. Оны дәлелдеп жату жұмысымыздың объектісі емес. Дегенмен көмекші сөздермен байланысты айтылып жүргенде сөйлем мүшесінің проблемалары бар. Мысалы, көмекші сөздер сөйлемнің дербес мүшесі болмайтыны анық. Сонда көмекші сөздердің синтаксистік қызметін қалай анықтаймыз? Атау тұлғада бастауыш болатын зат есімдерге белгілі бір шылау қосылып сөйлемнің басқа мүшісі болуын немен түсіндіруге болады? Жалпы біз сөйлем мүшесі дегенде сөйлемнің құрамында келіп басқа бір сөздермен түрлі байланысқа түсіп, белгілі бір сұрауға жауап беріп түрлі синтаксистік қызметін атқаратын сөз не сөз тізімін айтамыз. Демек, сөйлем мүшесі болу үшін, біріншіден, сөздер сөйлем құрамында қолданылуы қажет. Сөйлемнен тыс өйлем мүшесі туралы сөз қозғау дұрыс болмайды. Екіншіден, сөздер мен сөйлем құрамында қолданылданылғанымен басқа сөздермен байланысқа түспесе, байланыспаса, сөйлем мүшесі болу үшін сөйлем құрамында қолданылып, белгілі бір сұрауға жауап бермесе, сөйлемнің мүшесі бола алмайды. Мысалы, қаратпа, қыстырма сөздер. Үшіншіден, сөздер сөйлем мүшесі болу үшін сөйлем құрамында қолданылып, белгілі бір сұрауға жауап беруі керек. Егер жеке сөздер белгілі бір сұрауға жауап бере алмаса, ол сөйлемнің мүшесі бола алмайды.Бұған мысал ретінде көмекші сөздерді алуға болады. Төртіншіден, сөлем мүшесі сөздермен тең болмайды. Бір сөйлем мүшесінің құрамында бір сөз де, сөздердің тіркесі де бола береді.
Көмекші сөздер сөйлемнің дербес мүшесі болмайды деген пікірді қолдаймыз, бірақ сөйлем мүшесінің құрамында көмекші сөздің қызметі болатынын естен шығармау да керек. Сөздердің сөйлемде белгілі бір қызмет атқаратындығы, тілде басы артық элементтің болмайтындығы дәлелденген. Бірақ сөйлем құрамында қолданылған көмекші сөздердің барлығы бірдей сөйлем мүшесі бола бермейді. Мысалы, көмекші есім мен көмекші етістіктер толық мағыналы екінші бір жетекші сөздің жетегінде келіп, күрделі сөйлем мүшесінің бір сыңары болса, жалғаулық, демеулік шылаулар сөйлем мүшесі мүлде болмайды. Салыстырыңыз, Есік алдында тұра қалып, алұынған жүрегін күшпен басын алды да... үйге қайта кірді (Әбішев). Шарапат жаңағы жайылған көрпенің үстіне тасталған жастықпен бірге өзі де құлай кеткен еді, сықылықтай күліп қайта тұрды (Әбішев). Мысалымызда алдына, үстіне көмекші есімі қоланылып тұр. Бірінші сөйлемімізде есім-атау тұлғалы (ілік септігі жасырын) зат есімге етістік мағына үстеп мекен пысықтауышына айналдырып тұр, екінші мысалымызда ілік септігі сөзге тіркесіп тұр. Жалпы қағида бойынша ілік септігі сөз анықтауыш болуы керек еді, бірақ көмекші есім оның мағынасын өзгертіп, екеуі сөйлемнің бірақ мүшесі болып тұр. Екі мысалымыздың екеуінде де де қолданылып тұр. Бірінші мысалымызда жалғаулық шылау қызметінде қолданылып, алды етістігімен тіркесіп тұрса, екіншісінде күшейткіш демеулігі қызметін атқарып тұр. Бірақ екеуі де сөйлем мүшесімен ешқандай байланысы жоқ, оларға ықпал жасап тұрған жоқ.
Қазіргі тіл білімінде көмекші сөздер сөз тіркесінің жеке сыңары бола алмайды, яғни сөз тіркесін жасай алмайды деген пікір басым. Бірақ кейбір тілшілер сәл басқашалау ойлайды. Мысалы, Т.А.Бартагаев монғол тіліндегі толық мағыналы сөз бен көмекші сөздердің тіркесін сөз тіркесі деп атап, оны грамматикаланған тіркес дейді. (43,13-18). Түркі тіліндегі сөз тіркесімен тікелей айналысып, ғылыми зерттеу жасаған ғалымдар сөз тіркесіне мынадай шарттар қояды. Мысалы, М.Балақаев «синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз»,- деп анықтама береді (30, 27) Анықтаманың көрсетуінше сөз тіркесі болу үшін толық мағыналы сөз болуы қажет деген сұрауға жауап берілмеген. Бұл сұрауға жауап автордың басқа еңбегіндеде жоқ. Тек түйдекті тіркес деген тақырыпта «Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексико-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды»,- деген пікір айтылған да, септеулік шылаулармен көмекші есіммен келген зат есім, көмекші етістікті күрделі етістіктерді мысал ретінде көрсетеді(30, 30-32). М.Закиев сенің үшін (һинең өсен) тіркесін алады ды, оның сөз тіркесі болмау себебін былай түсіндіреді: «Такие сочетания не могуть быть признаны словосочетанием потому, что в них не вражается никакого отношения между явлениями, предметами или понятиями. Не могут считаться компонентами словосочетания – не только послелоги, но и союзы, частицы и вспомогательные слова» (88, 108). Дегенмен көмекші сөздердің кейбіреулерінің күрделі сөз тіркесінің құрамына еніп, сөздердің байланысуына өз үлесін қосатындығы анық. Мысалы, көмекші есімдер. Көмекші есімдердің лексикалық мағынасы болмағаны болмаса, ол өздері қатысты болып келген сөзбен матаса байланысады. Ауылдың маңы терең сай ( Алтынсарин) дегенде ауыл ілік септік формасында, маңы тәуелдік жалғау формасында қолданылып, колхоздың малы, жақсылық сөзі, ағаштың жапырағы тіркесінен тұлға жағынан айырмашылығы жоқ.
Жоғарыда айтылған пікірлерімізді жинақтасақ, көмекші сөздерді мынадай үлгіде топқа бөлуімізге болады. Біріншіден, көмекші сөздерді орналасу орнына қарай алд көмекші, соң көмекші деп екіге бөлуге болады. Алд көмекшілер сан жағынан аз. Оларға сын есімнің асырмалы шырайының құрамында қолданылатын өте, тым, аса, тіпті т.б. көмекшілерді енгіземіз. Соң көмекшілер сан жағынан көп. Оларға көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөз, шылауларды енгізуге болады.
Көмекші сөздерді мағына дербестігінің дәрежесіне қарай да екіге бөлуге болады: 1)атауыш (функционалды) көмекшілер, 2) шылау көмекшілер деп. Атауыш (функционалды) көмекшілерге а)көмекші есім, ә)көмекші етістік, б)модаль сөз, в)күшейткіш (асырмалы шырай құрамындағы) көмекші сөздерді енгізсек, шылау көмекшілерге септеулік, жалғаулық, демеуліктерді енгіземіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет