«Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1-тарау. Қолдану саласы Осы «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар»


-тарау. Өзара байланысты стандарттар тізімі



бет7/11
Дата16.11.2022
өлшемі140,42 Kb.
#50544
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7-тарау. Өзара байланысты стандарттар тізімі

63. Оларды қолдану нәтижесінде осы Техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі, сондай - ақ осы Техникалық регламент талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу және дайындау қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі (бұдан әрі-тізбелер) 12 және 13-қосымшаларда көрсетілген.


8-тарау. Өнімнің сәйкестігін растау

64. Өнімнің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


65. Өнімнің осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау міндетті сертификаттау нысанында жүргізіледі.
66. Өнімді өз еркімен сертификаттауға дайындаушының (өнім берушінің, сатушының) бастамасы бойынша осы Техникалық регламентке енгізілмеген, бірақ стандарттарда, өзге құжаттарда немесе өтінім берушінің арнайы талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігіне жол беріледі.
67. Белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификаты және сертификаттық сынақтар хаттамасы өнімнің сәйкестігін міндетті растау кезіндегі құжаттар болып табылады.
68. Белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификаты, сапа сертификаты, сертификаттық сынақтар хаттамасы өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі құжаттар болып табылады.
69. Өнімді ерікті сертификаттау осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес міндетті сертификаттаудан өтуді босатпайды.
70. Сериялы шығарылатын өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау кезінде дайындаушы немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға өтініш беруші бола алады.
71. Шығарылатын өнім партиясының сәйкестігін міндетті түрде растау кезінде дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, постащик, сатушы өтініш беруші бола алады.
72. Өнімнің сәйкестігін растауды 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі органдар және уәкілетті орган аккредиттеген және өзінің аккредиттеу саласында қатты отыны және оны қайта өңдеу өнімдері бар сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
73. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың орналасқан жері бойынша өз құрылымында өнімнің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауды жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықпен және сынақ әдістерімен жабдықталған өзінің аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) болуға тиіс.
Персонал білікті болуға және техникалық реттеу (сертификаттау) саласында және өнеркәсіптің көмір өндіру және қайта өңдеу салаларында жұмыс тәжірибесі бар сарапшы – аудиторлар мен мамандарды қамтуға тиіс.
74. Өнімді сәйкестендіру және сәйкестігін растау тәртібі мен рәсімдері 12 және 13-қосымшаларда көрсетілген қағидалар мен стандарттарда келтірілген.
75. Сынамаларды (үлгілерді) іріктеуді өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган жүргізеді немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өнім сынамаларын іріктеу жөніндегі жұмыстарға аккредиттелуі тиіс органның құрылымындағы сынақ зертханасына (орталығына) тапсырады.
76. Сәйкестікті растау 12 және 13-қосымшаларда көрсетілген қағидалар мен стандарттарда қабылданған схемалар бойынша жүргізіледі.
Әрбір өнімнің сәйкестігін растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органмен бірлесіп айқындайды.
77. Өнімді сәйкестендіру осы Техникалық регламенттің 3-тарауының талаптарына сәйкес міндетті түрде жүргізіледі.
Өнімді сәйкестендіру кезінде өнімге арналған ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде ұйымның стандарттары пайдаланылуы мүмкін.
Бұл ретте, ұйым стандарттары, сондай-ақ басқа да стандарттар мен құжаттар осы Техникалық регламенттің орнына өнімнің сәйкестігін міндетті растау кезінде қолданылмайды.
78. Өнімді сәйкестендіру және сертификаттау бойынша алынған жұмыс нәтижелерінің негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет