Қантты диабеттің созылмалы асқынуы
• Ұзаққа созылған гипергликемия мен қан
плазмасының нәруыздарының
(липопротеиндердің және т.б.)
гликозилденуі қан тамырларының
(коронарлық артериялардың, мидың,
аяқтардың, бүйректің, көздің торлы
қабатының қан тамырларының)
бұзылыстарына әкеледі.
• Қантты диабеттің ІІ түрінде инсулиннің
деңгейі бірнеше рет жоғарылайды.
• Сонымен бірге гиперинсулинемия да қан
тамырларының патологиясына әкеледі.
Инсулин өсу факторы сияқты бір қатар
жасушаішілік белоктардың құрамындағы
тирозин қалдықтарының фосфорлануын
стимулдейді, нәтижесінде қанның және қан
тамырларының қабырғасының
жасушаларының гиперплазиясы мен
гипертрофиясы байқалады.
Қантты диабет байқалатын белгілеріне
қарай бөлінеді:
• 1. Семіру сипаттағы- ағзада бос инсулин
жоқ, ал байланысқан инсулин бар.
Сондықтан, глюкоза май тініне түсіп
липонеогенезге ұшырайды, липогенез де
артады.
• 2.Арықтау сипаттағы-нағыз қантты диабет,
байланысқан және бос инсулин болмаған
жағдайда, нысана –жасушаларында
липолиз күшейеді.
Қантты диабет кезіндегі биохимиялық
процестердің өзгеруі:
• 1. Гипергликемия (инсулин жоқ кезінде глюкоза үшін
жасушалар мембранасының өткізгіштігі төмендейді,
гликоген синтезі төмендейді, гликогенолиз жоғарлайды,
амин қышқылдары мен глицериннен глюконеогенез
артады).
• 2. Глюкозурия (қандағы глюкозаның мөлшері бүйректік
межесінен (8,8 мМ/л) артқанда болады)
• 3.Гиперкетонемия мен кетонурия -бауырда БМҚның β-
тотығуы жоғарылайды және түзілген АСҚ кетогенезге
жұмсалынады (адреналин мен глюкагон әсері).
Науқастарда ацетон көбірек түзіледі.
• 4.Қант диабетінде полиурия, полидипсия (шөлдеу), ауыздың
қүрғауы, қанның тұтқырлығының артуы байқалады, тері құрғақ
және қабыршақ болады. Гипергликемия кезінде қанның
осмостық қысымы көтеріледі, тіндердің сусыздануы болады,
зәрмен глюкоза мен су көп мөлшерде бөлінеді. Зәрдің меншікті
салмағы жоғарылайды.
• 5.Гиперазотемия, теріс азотты баланс болады. ГКС әсерінен
белоктар ыдырап амин қышқылдары түзіледі, олар
дезаминденгенде, мочевина синтезі жоғарылайды, ол зәрмен
бөлінеді.
• 6.Инсулинге тәуелсіз тіндерге –жүйке тіні, көз қарашығы,
эритроциттер, ұрық көпіршектері, β-жасушаларға глюкоза көп
мөлшерде түсіп, сорбитол мен фруктозаға айналады, олар
осмостық активті заттар болғандықтан, аталған тіндердің
қызметтерін бұзады.
|