көпіршелер бар.
Әсер ету механизмі: ІІІ (глюкоза үшін
мембрананың өткізгіштігін жоғарылатады
және тирозинкиназды-фосфатазды жүйе
арқылы әсер етеді).
Нысана –жасушалары: жүйке тіні,
эритроциттер, көз жанарынан басқа
барлық мүшелер. Байланысқан
инсулиннің рецепторы тек май тіндерінде
ғана болады.
Физиологиялық әсері:
анаболикалық,
гипогликемиялық гормон.
Инсулиннің әсер ету механизмі
Инсулиннің рецепторлары плазматикалық
мембранада орналасқан. Оның рецепторы –
гликопротеин, тетрамер. 2α және 2β-
суббірліктерден тұрады.
2α-суббірліктері мембрананың сыртында
орналасып инсулинмен байланысады.
Нәтижесінде 2β-суббірліктер
тирозинкиназалық активтілікке ие болады.
Инсулиннің рецепторы аутофосфарлануға
қабілетті.
• Нәтижесінде инсулин рецепторының
субстраты IRS (Insulin Receptor Substrate)
деп аталатын белоктар фосфорланады.
Ізінше фосфатидилинозитол-3-киназа
активтенеді.Ол жылдам эффектерді:
глюкозаның жасушаларға тасымалдануын
стимулдейді.
• Митогенактивтенген протеинкиназа
(MAPK) активтеніп
ұзаққа созылған
эффектерді: гендердің экспрессиясын
өзгертеді.