Қантты диабеттің диагностикасы
• Қандағы глюкозаның деңгейін
глюкометрмен (портативтік аспап)
анықтау.
• Уринарлық глюкотест. Қалыпты жағдайда
глюкоза зәрде болмайды. Қандағы глюкоза
деңгейі 8,8 ммоль/л-ден (бүйректік межесі)
жоғарылағанда глюкозурия болады.
• Қан плазмасында және зәрде кетон
денелерін анықтау.
•
Глюкозотолерантты тестті жүргізу.
Глюкоза деңгейін аш қарында зерттейді,
кейін науқасқа 75 г глюкозаны 300 мл суда
ерітіп пероралды береді, оны 5 мин ішінде
ішу керек. Глюкоза деңгейін әрбір 30 мин 2
сағат ішінде зерттейді. Қантты диабет
кезінде глюкоза деңгейі 2 сағат өткеннен
кейін жоғарылайды немесе әртүрлі уақытта
зерттегенде 11 мМ/л тең (немесе
жоғарылаған түрде) болады.
•
Ұзақ уақыт байқалатын көрсеткіштер:
• Гликозилденген гемоглобин (Нв А
1с
) –
глюкоза деңгейінің 2 ай бойы (Нв жартылай
шығарылу периодын) жоғары екенін көрсетеді.
• Фруктозамин – бұл белок гликозилденген
альбуминнен түзіледі. Фруктозамин қанда
қысқа уақыт қана болады, сондықтан ол
зерттеуге дейінгі 3 аптадағы глюкозаның
деңгейін көрсетеді
.
• Микроальбуминурияны анықтау бүйректік
асқынуының ерте диагностикасына
қолданылады.