Көміртегі мен тұрақты кірмелердің болаттың қасиетіне тигізер әсері



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі81,92 Kb.
#107316
түріҚұрамы
1   2   3
6.2 Болаттты класқа бөлу


Химиялық құрамы бойынша:

  • көміртекті (МСТ 380-94, МСТ 1050-88)

  • легірленген (МСТ 4543-71, МСТ 5632-72, МСТ 14959-79) болып екі

топқа бөлінеді.
Көміртегінің мөлшеріне қарай: а) төмен көміртекті- 0,25% дейін; б) орта көміртекті - 0,25- 0,60%; в) жоғары көміртекті- 0,60% астам.
Қолданылуы бойынша:
- конструкциялық: құрылыстық және машина жасайтын.
- құрал-саймандық: кескіш, өлшеуіш, штампты және басқалар..
Сапасы бойынша:
- сапасы кәдімгідей, құрамында 0,06% дейін күкірт және 0,07% дейін фосфор бар.
- сапалы, құрамында 0,035% күкірт және фосфор бар.
- жоғары сапалы, құрамында 0,025%- дейін күкірт және фосфор бар.
- ерекше жоғары сапалы, құрамында 0,025% -дейін фосфор және 0,015% дейін күкірт бар.
Демек, болаттың сапасы құрамындағы зиянды кірмелердің (күкірт және фосфор) мөлшеріне қарай өзгереді:
Өндіруі бойынша, қорыту технологиясына қарай:
- тынық, сп (спокойная),
- қайнаған, кп (кипящая),
- жартылай тынық, пс (полуспокойная).

Конструкциялық көміртекті болаттар сапасы кәдімгідей және сапалы болып өндіріледі.


6.2.1 Сапасы кәдімгідей болаттар (МСТ 380-94)


Жалпы технологиялық норма бойынша қорытылады. Құрамында зиянды металл емес кірмелермен ластанған күйінде алынады. Қалыптандыру процесінен кейін әртүрлі дайындамалар (шыбық, табақ, итарқа, т.б.) түрінде шығарылады.
Өндіру әдісіне қарай сапасы кәдімгідей болат тынық, жартылай тынық, қайнаған болып ажыратылады. Тынық болатты өндіруде оттегеннің зиянды жерін жою үшін марганецпен, кремниймен және алюминиймен қышқылсыздандырылады. Құрамында 0,3 % Sі, 0,0002 % О2 бар. Жартылай тынық болатта – 0,15% Sі, 0,001% О2 бар.
Қайнаған болаттар тек марганецпен ғана қышқылсыздандырылады. Құрамында 0,05% Sі, 0,02% О2, Fe + МСО↑ сақталады.

6.1-кесте. Сапасы кәдімгідей болаттардың механикалық қасиеттері МСТ 380-94.





Таңбасы

Беріктік шегі, МПа

Аққыштық шегі, МПа

Салыстырмалы созылуы, %

Ст0
Ст1кп
Ст1сп, пс
Ст2кп
Ст2сп, пс
Ст3кп
Ст3сп, пс
Ст3Гпс
Ст4кп
Ст4сп, пс
Ст5пс,сп
Ст5Гпс
Ст6сп, пс

310
310…400
320...420
330…420
340...440
370…470
380...490
380...500
410…520
420...540
500…640
460...600
600 кем емес



_
190…220
200...230
200…240
210...250
210...250
230…260
240...270
260…290
260...290
300...320

20...30
31…34
35…32
29...32
33…30
27…24
23...26
23...26
25…22
21...24
20…17
20…17
22…15



Ескерту: Ст3Гпс және Ст5Гпс таңбалы болаттардың құрамындағы марганецтің мөлшері көтеріңкі.
Мұнда «Ст» (сталь) – болат деген мағынада, цифрлары таңбаның шартты нөмірі. Сонымен қатар, мұнда МСТ бойынша марганецтің басым мөлшерін көрсететін (0,8 – 1,1% )- Ст3Гпс, Ст3Гсп, Ст5Гпс таңбалары бекітілген.
Таңбадағы шартты нөмірлердің үлкейуіне қарай болаттың беріктік шегі (в), аққыштығы (0,2) көтеріледі, созымталдығы (δ, ) төмендейді. Мысалы, қолданылуы кеңінен таралған Ст3 болаттың қасиеті: в=380...490 МПа, 0,2=210...250 МПа, δ=25...22%, ал Ст5 болаттың қасиеті: в =500...640 МПа, 0,2=240...280 МПа, δ =20...17%..

6.2.2 Сапалы көміртекті болат ( МСТ-1050-88)


Мұндай болатты қорытуда оның химиялық құрамына жоғары талап қойылады: зиянды кірмелер шектеулі - 0,03...0,04% S; 0,035…0,04% P.
Сапалы көміртекті болаттар 08, 10, 15, 20, ...60 цифрларымен таңбаланады. Цифрлар болаттың құрамындаңы көміртегінің жүзден бір бөлігін көрсетеді.
а) төменкөміртекті болаттар (көміртегі < 0,25%) 05кп, 08, 07кп, 10, 10кп беріктігі төмен, созымталдығы жоғары. Аздаған күш түсетін тетіктерді жасауда термиялық өңделмеген күйде қолданады. Қалыптандырылғаннан кейінгі қолданатын таңбаларға 15, 15кп, 20, 25 жатады.
Төмен көміртекті сапалы болаттар жауапты пісірмелі конструкцияларда және цементтендірілетін машина тетіктерін жасауда қолданылады.
б) орта көміртекті болаттар (0,3-0,5%C) 30, 35, 40, 45, 50, 55 қалыптандырылып, жақсартылып және беттік шынықтырылғаннан кейін машина жасау салаларының бәрінде әртүрлі тетіктерді жасауда қолданылады. Қалыптандырылған болаттың төмен көміртекті болатпен салыстырғанда беріктігі жоғарылап, созымталдығы төмендейді. Жасытылған күйде кесіп өңделуі жақсарады.

6.2- кесте. Сапалы көміртекті болаттар (машина жасау үшін, қалыптандырылған) МСТ-1050-88.





Таңбасы

Көміртегі мөлшері,%

в,МПа
кем емес

т, МПа
кем емес

жасытыл
ған, НВ
астам емес

δ, %
кем емес

, %
кем емес

08
10кп
10
15
20
25
30
35
40
45
50
55
60
65
70

0,05...0,12
0,07...0,14
0,07...0,14
0,12...0,19
0,17...0,24
0,22...0,30
0,27...0,35
0,32...0,40
0,37...0,45
0,42...0,50
0,47...0,55
0,52...0,60
0,57...0,65
0,62...0,70
0,67...0,75

330
320
340
380
420
460
500
540
580
610
640
650
690
710
730

200
190
210
230
250
280
300
320
340
360
380
390
410
420
430

131
143
143
149
163
170
179
187
187
197
207
217
229
229
229

33
33
31
27
25
23
21
20
19
16
14
13
12
10
9

60
55
55
55
55
50
50
45
45
40
40
35
35
30
30

6.2.3 Құрал- саймандық болаттың негізгі қасиеттері


Құрал-саймандық болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері 0,7%- дан астам. Қаттылығы, беріктігі жоғары, құрал жасауға арналуымен ерекшеленеді. Сапасы жағынан сапалы және жоғары сапалы. Көбінесе эвтектоидтан кейінгі немесе карбидті болаттар, термиялық өңделгеннен кейінгі құрылымы мартенситтен және үстем карбидтен тұрады. Құрал- саймандық болаттың басты сипаттамасының біріне оның жылуға төзімділігі (немесе қызуға беріктігі), демек жоғары температурада қызған кезде қаттылығын жоғалтпай сақтауы жатады. Сонымен қатар тағы бір маңызды сипаттамасына оның шынығу қабілеті жатады. Жоғары легірленген жылуға төзімді және жылуға жартылай төзімді болаттар шынығу қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді, легірленген болаттардың шынығу қабілеті жоғары. Құрал- саймандық болаттың механикалық қасиеттеріне қойылатын талаптар келесідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет