Көміртегі мен тұрақты кірмелердің болаттың қасиетіне тигізер әсері



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі81,92 Kb.
#107316
түріҚұрамы
1   2   3
Қаттылығы. Құрал- саймандық болаттың пішінінің сақталуы, жұмыс үстінде мөлшерінің өзгермеуі ең алдымен оның қаттылығына байланысты. Қаттылық жоғарылаған сайын құрал жабдықтың тозуға төзімділігі артады, металдың беткі қабатының өңделу тазалығы көтеріледі, жону кезінде металдың құрал – сайманға жабысу қабілеті төмендейді.
Беріктігі. Құрал- саймандық болаттың беріктік сипаттамасы иілу беріктігімен изг анықталады. Себебі, құрал - саймандар көбінесе иілу күшіне ұшырайды. Болаттың беріктігі қаттылығымен бірге көтеріледі. Беріктікке ішкі кернеу, түйіршіктің көлемі, карбидтердің орналасуы әсер етеді.
Тұтқырлығы. Құрал-саймандық болаттың формасының сақталуы және түзінің мүжілуден сақталуы, болаттың беріктігінен басқа, түтқырлығының жоғары болуына байланысты. Иілу беріктігіндей емес, соққы тұтқырлығы тұйіршіктің көлеміне, болаттың құрамына, карбидтің біртұтас орналаспауына байланысты өзгереді. Сондықтан, болаттың қасиетін сипаттауда тұтқырлық бағалы орын алады. Тұтқырлықты көтеру болат құрамындағы көміртегінің мөлшерін азайту арқылы және жоғары температурада босату арқылы қаттылығын НRС 40...52 теңелдірумен қамтамасыздандырылады.
Технологиялық қасиеттері. Құрал-сайман жасайтын болаттың термиялық өңдеу кезінде деформациялануы, кесіп өңделуі, шыңдалу тереңдігі, қырналғыштығы, қысыммен өңделуі, аса қызуға төзімділігі басты технологиялық қасиеттеріне жатады.

6.2.3.1 Құрал- саймандық болатты таңбалау принципі


Көміртекті құрал-саймандық болаттар «У» (углеродистая) әрпімен белгіленеді У7, У8, У9, У10, У11, У12, У13, У8А, У13А, т.б. Оның соңындағы цифр - құрамындағы көміртегінің 1/10 бөлігін көрсетеді. Таңбасының соңындағы «А» әрпі жоғары сапалығының белгісі.
Легірленген құрал-саймандық болаттар Х, 9Х, 9ХС, 6ХВГ т.б. таңбаланады, цифрлар көміртегінің оннан бір бөлігін көрсетеді. Егер цифрлар қойылмаса онда 1% шамасында деп есептеледі. Әріптер легірлеуші элементтерді, онан кейінгі цифрлар легірлеуші элементтердің толық мөлшерін көрсетеді.
Шапшаң кескіш болаттар Р әрпімен белгіленеді, онан кейінгі цифр шапшаң кескіш болаттың құрамындағы басты легірлеуші элементі – вольфрамның пайызын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет